🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍


1 мамырдан бастап «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады.


«Отбасы банктің» хабарлауынша, 7%-ға үміткерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй кезегінде тұрған азамат болуы керек.


Бағдарлама шарттары:

🔹Мөлшерлеме – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 7%, қалған қатысушылар үшін – 9%;
🔹Мерзімі — 19 жылға дейін;
🔹Алғашқы жарна — 20%-дан бастап.

Қосымша шарттары:

🔸Қатысушының соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек, сондай-ақ өзі және отбасы мүшелері, мысалы, жұбайы, балалары тұрғын үй бойынша қандай да бір келісім жасаспаған болуы керек;
🔸Отбасы банкінде 1 миллион теңгеден басталатын кез келген мерзімдегі депозиті болуы керек, болмаса жаңа депозит болса да жарай береді;
🔸Қорытынды тізім ұпайлар бойынша анықталады. Олар депозит бойынша сыйақы мөлшері, отбасының, балаларының болуы және т.б. шарттар бойынша есептеледі деген болжам бар.


P/s: Айтпақшы, бұл бағдарламаны «Отаумен» шатастырып алмаңыздар. Ол бөлек бағдарлама.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу