Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты


Адвокат Сержан Пралиев атыраулық Ербол М.-ның өз-өзіне қол жұмсауына сексуалдық зорлық-зомбылық себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Еске салсақ, 2022 жылғы 19 тамызда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Шөлдала» шекара бөлімінде атқорада Атыраулық қатардағы мерзімді әскери қызметші, 2004 жылы туған Ербол М. шалбар белбеуіне асылған күйінде табылған еді. 

ІІМ Оңтүстік өңірі бойынша Әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бірінші нұсқа қызбен жанжал болған, кейін ол расталмады. Содан кейін шекара бөлімінде бөлім командирі Айбек Нұртаев қатардағы жауынгерді балағаттап, қорлап, соққыға жыққанын, соның кесірінен асылып өлгенін айтқан куәгерлер табылды. 2022 жылдың 24 тамызында бөлім командирі қамауға алынып, оның үстінен «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алайда сот-медициналық сараптамадан кейін марқұмның ауыз қуысы мен киімінен өзіне тиесілі емес шәует(сперма) іздері табылғаны белгілі болды.

Сержан Пралиевтің айтуынша, оның әріптестері Ерболға қатысты ұялы телефонға түсірілген сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауы мүмкін. Осыдан кейін әскерге шақырылған жігіт ұят пен қорлыққа шыдай алмай, асылып өлді. Бұл әскерилер қазіргі уақытта айыптау тарапының куәгерлері.

Осының бәріне қарамастан, Қарулы Күштерінің Тараз қалалық департаменті мен Оңтүстік облыс прокуратурасының тергеушілері бұл нұсқаны қарастырғысы келмей, Нұртаевтың билігін асыра пайдаланғанын алға тартып отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу