Бейсен Құранбектің өлімінің алдында жазған жазбасы жұртты жылатты

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек көз жұмды. Бейсен Құранбектің қазасы күллі қазақтың қабырғасы қайыстырды. Желіде тележүргізушінің соңғы жазған естелігі жария болды.
"Білу - бөлек, түсіну - басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім... Бірінші,
Ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол- ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.
Екінші, халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.
Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық - қолға ұстаған мұз, Бақыт - басқа қонған құс, Бала - артта қалар із, бұл өмірдің қызығы - Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім", - деп жазды тележүргізуші соңғы жазбасында.
Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысында өмірге келді. 49 жасында өмірден озды. Ол 2013-2017 жылдары "Айтуға оңай" әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуын жүргізді. 2017 жылы ұлттық арнада "Қарекет" бағдарламасының тізгінін ұстады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде танымал жүргізушінің ауыр дертке шалдыққаны туралы ақпарат тараған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?