Алматыда өз баласын таспен ұрды деген күдіктінің жақындары шу шығарды (видео) » ZHARAR © 2018 | жайтқа, күдіктінің, барлық, күдікті, көлік, көршілері, күдіктіні, кейін, тәртіп, полициясы, дейді, порталы, хабарлайды, шығарды, келіспей, жайын, істің, Алматы, жақындары

Алматыда өз баласын таспен ұрды деген күдіктінің жақындары шу шығарды (видео)

Алматыда өз баласын таспен ұрды деген күдіктінің жақындары шу шығарды (видео) казакша Алматыда өз баласын таспен ұрды деген күдіктінің жақындары шу шығарды (видео) на казахском языке


Алматы полициясы "көлік қаққан" төрт жасар Мұхамед Аскароглының ісі бойынша оның әкесін күдікті деп тапқан болатын. Тергеушілер ер адам өз баласын таспен ұрғанының барлық дәлелі барын алға тартуда. Дегенмен бұл жайтқа қатысты күдіктінің жақындары келіспей, шу шығарды деп хабарлайды nur.kz порталы.

Видеода түн ортасында тәртіп сақшыларының көлік қозғалысына бір топ адам кедергі келтіріп жатқаны байқалады. Оқиға куәгері бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Оны (күдіктіні - редакция ескертпесі) түннің бір уағында тергеу іс-шараларына алып келген. Сол сәтте оның барлық достары, әріптестері мен көршілері жиналып, күдікті отырған көлікті қоршауға алды. Олар тәртіп сақшыларынан бәрі жалған екенін айтып, күдіктіні босатуды талап еткен", - дейді дереккөз.



Осы орайда Алматының ІІД-і күдіктінің туыстары мен көршілері жағдай түсіндірілгеннен кейін тарқағанын мәлімдеді.

"Түсінбестік пен білместік болды. ІІД басшылығы оқиға орнына келіп, істің мән-жайын түсіндірді, жедел тергеу іс-шараларының нәтижелерімен таныстырды. Содан кейін жиналғандар істің мән-жайын түсініп, үйлеріне тарқасты. Олардың тарапынан ешқандай қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайы тіркелмеді", - дейді полицияда.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, жайтқа, күдіктінің, барлық, күдікті, көлік, көршілері, күдіктіні, кейін, тәртіп, полициясы, дейді, порталы, хабарлайды, шығарды, келіспей, жайын, істің, Алматы, жақындары, жайтқа, күдіктінің, барлық, күдікті, көлік, көршілері, күдіктіні, кейін, тәртіп, полициясы, дейді, порталы, хабарлайды, шығарды, келіспей, жайын, істің, Алматы, жақындары, Алматыда өз баласын таспен ұрды деген күдіктінің жақындары шу шығарды (видео)