» » » Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті

Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті

Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті казакша Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті на казахском языке
Заман талабы деп ұзын шашты қылтитып кесіп, басқа түске бояп, сәнге ілескеніміз рас. Алайда, ұзындығы тілерсектен соғатын бұрымды қыздарды көргенде әттеген-ай деп қалатынымыз жасырын емес. baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы меншікті тілшісі өңірдегі шашы ұзын аруды тауып, шаш өсірудің құпиясын сұрап білген еді.

Қазақ халқы әйелдердің ұзын шашын ерекше бағалаған, сондықтан да қазақ қызы шашын өсіріп, бұрым қойған. Шолпы тағылған сұлу қос бұрым - нәзік жандылардың көркін одан әрі еселей түсетін құндылықтардың бірі. Сондай бұрымды келіншектің бірі - Әсем Жанжолқызы. Қарағандының Жаңарқа ауданы, Атасу ауылында тұратын келіншек ұзын шашты өсіру мен оны күтіп-баптаудың сырымен бөліскен еді.

«Шашымды ес білгелі өсіріп келемін. Анамның да шашы ұзын. Ұзын шаш отбасылық үрдіс десем де болады. Тұрмыс құрғаннан кейін де жұбайым шашымды кеспеуімді өтінді. Алайда, тұңғышымды өмірге әкелгеннен кейін шашым қатты түсіп, жұқарып бара жатқандықтан 20-30 сантиметрге қидым. Егер сол уақытта қимағанда бұдан да ұзын болар ма еді. Жалпы ұзын шашты өсірудің, оны күтіп-баптаудың өзіндік сыры болады. Шашымды аптасына екі рет бұлақтың суымен жуамын. Ауылда тұрғандықтан бұлақтың суын табу қиындық тудырмайды. Сондай-ақ, дала шөптерінен жасалған арнайы тұнбамен шаштың түбін майлаймын. Бұл шаштардың қатаюына, жылтырап әдемі көрінуіне таптырмас құрал. Жылына бір рет ұшталған ұштарынан қиып отырамын. Бұл шаштың бұзылмай, дұрыс өсуіне септігін тигізеді», - дейді қолаң шаш иесі.

Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті

Шашының ұзындығы 1,5 метрден асатын бұрымды келіншек ұзын шаштың артықшылығы оның әдемілігінде дейді. Дегенменде, қолаң шаштың өзіндік кемшіліктері бар екендігін де жасырмайды.

«Қолаң шаш әрбір қыздың көркіне көрік қосып, оның топтың арасында дараланып тұруына себеп болады. Алайда, ұзын шаштың кері жақтары да бар. Біріншіден, шаш өсіп, ұзарған сайын оның салмағы да көбейе береді. Шаштың салмағының ауырлығынан басым төмен тартып, ауырады. Екіншіден, шашымды жайып жіберетін болсам көпшіліктің көзі бірден түсіп, ауырып қаламын. Сондықтан да, адам көп жиналған жерлерге шыққанда шашымды жинап немесе өріп қоямын», - дейді Әсем.

Қолаң шаш иесінің айтқанының жаны бар секілді. Қазақтар қыз баланың шашына ерекше мән бере отырып, ұзын шашты жайып жүрмеуді қадағалаған. «Шаштың арасына шайтан жиналады» деп шашты жаюға тыйым салған. Оның тағы бір себебіне ер кісі қайтыс болған уақытта әйелдер шашын жайып жіберіп жоқтау айтатын болған. Шашыңды қима, жайма, отқа, жерге тастама деген тыйымдар осыдан қалса керек.

Автор: ZHARAR | 6 802 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұрымның қандай киесі бар? (8 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұрымның қандай киесі бар? (8 сынып, III тоқсан )
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыл маусымдары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыл маусымдары)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Сөз иесінен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Сөз иесінен)
Өлең: Абай Құнанбаев (Мен көрдім ұзын қайың құлағанын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Мен көрдім ұзын қайың құлағанын)
ҮНДІ қыздарының шашты ЖЫЛДАМ өсіретін оңай үш
Денсаулыққа пайдалы кеңес жинағы
ҮНДІ қыздарының шашты ЖЫЛДАМ өсіретін оңай үш
ҚАЙРАТТЫ ЖӘНЕ ҰЗЫН ШАШ
Пайдалы кеңес жинағы
ҚАЙРАТТЫ ЖӘНЕ ҰЗЫН ШАШ
Өлең: 1967 менің жылым!
Өлеңдер жинағы
Өлең: 1967 менің жылым!
ҚАЙРАТТЫ ЖӘНЕ ҰЗЫН ШАШ
Пайдалы кеңес жинағы
ҚАЙРАТТЫ ЖӘНЕ ҰЗЫН ШАШ
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Еңселігім екі елі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Еңселігім екі елі)
Төсек қатынасы кезінде әйел көбінесе нені ойлайды? (+18)
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңес жинағы / Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы
Төсек қатынасы кезінде әйел көбінесе нені ойлайды? (+18)
Қыс 2016-2017: бас киім
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы
Қыс 2016-2017: бас киім
8 наурыз. Қыздарға арналған әндер
KZ
8 наурыз. Қыздарға арналған әндер
Мақпал Исабекова шашының түсін қайта өзгертті (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
Мақпал Исабекова шашының түсін қайта өзгертті (фото)
Шашты тез өсіру үшін не істеу керек?
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Шашты тез өсіру үшін не істеу керек?
Шаш тез өсіретін маска
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Шаш тез өсіретін маска