» » » Мақал - мәтел: Қаза, ажал, өлім

Мақал - мәтел: Қаза, ажал, өлім

Мақал - мәтел: Қаза, ажал, өлім казакша Мақал - мәтел: Қаза, ажал, өлім на казахском языке
Қайғылы сөз
Қаза үстінде туады.
Қаһарлы сөз
Жаза үстінде туады.

Қазаға - сабыр жолдас.

Ауырлықты жер көтерер,
Ауыр қазаны ер көтерер.

Қатын оңса - қазына, оңбаса - қаза.

Ерлік қаза- өлтірмейді,
Ел көңілінен кетірмейді.

Құмырсқа қаза табарда,
Қанат тағады.

Жан бар жерде – қаза бар.

Ажалды жылан, жол үстінде жатады.

Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.

Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.

Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қарамайды.

Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.

Тәуекел ет те тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.

Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалды өлер.

Ажалды киік ашыққа қашады.

Сынбайтұғын шөлмек жоқ,
Ажал жетпей өлмек жоқ.

Ажалдан ақша беріп құтылмас.

Ажалдан ақырет артық.

Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Ұйқы — ажал ағайыны.

Атқыштан ажал қашады.

Кездейсоқ ажалды
Аңғырттық шақырады.

Жауынгердегі қол күрек
Ажалды алыстату үшін керек.

Ажал ақмақ үшін алтау.
Ақылды үшін біреу.

Жыл ұлық емес,
Ажал – ұлық.

Ажал анық болса да,
Мезгілі жетпей ер өлмес.

Ажал жетсе, ай да өледі,
Күні туса, күн де өледі.

«Ажалсыз адам өлмес» деп,
Жыланды құйрығынан ұстама.

Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.

Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың ернін тартып жатады.

Болжалсыз таң атпайды,
Ажалсыз жан шықпайды.
Құдайдың бұйрығынан басқа
Құмырысқаның аяғы сынбайды.

Ажалды киіктің
Аяғы тыныш жатпайды.

Қайрат деген қыран бар
Өлімге күш бермейтін.

Жалаң бұттың өлімі шөптен,
Жалаң сөздің өлімі көптен.

Өлген — моладан қорықпайды.

Қатыны өлген мен байы өлген қосылса:
Күндіз екеу,
Түнде төртеу.

Кісі өлтіретін пышақты
Кісі көрмейді.

Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.

Байды өркөкіректік өлтірер.

Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.

Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығынды тауыспа.

Өнерге өлім жоқ,
Жалқауға жарық жоқ.

Тасты жапалаққа ұрсаң да жапалақ өледі,
Жапалақты тасқа ұрсаң да жапалақ өледі.

Өлімге төзгенге
Безгек түк емес.

Сенен де өлемін,
Сенімен де өлемін.

Кемпірі өліп еді,
Кекірігі де таусылды.

Зымыраған ғұмырға адам тоймас,
Мәңгі сүрмес, бір күні өлмей қоймас.

Қыбырсыз жатып өлгенше,
Қыбырлап атып өл.

Болар-болмас өліпті,
Ат шаптырып қойыпты.

Жапалақты таспен ұрса да,
Жапалақ өледі.
Жапалақпен тасты ұрса да,
Жапалақ өледі.

Дұшпанға өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.

Елшіге өлім жоқ,
Күлде көмір жоқ.

Адам бір оқтық, өлтіру оңай,
Бірақ мың адам бір адамды тірілте алмайды.

Ажал анық болса да,
Мезгілі жетпей ер өлмес.

Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.

nurgul95 | 46 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Мақал - мәтел: Абырой, бедел, мәртебе
Мақал - мәтел: Абырой, бедел, мәртебе
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шымшық пен көгершін)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шымшық пен көгершін)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен ажал)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Шал мен ажал)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қайырымды қарындас)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қайырымды қарындас)
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨТЕР УАҚЫТ)
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨТЕР УАҚЫТ)
Назарбаев 32 адам ажал құшқан апатқа байланысты әріптесі Атамбаевқа көңіл айтты
Назарбаев 32 адам ажал құшқан апатқа байланысты әріптесі Атамбаевқа көңіл айтты
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мейірімсіз ажал)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мейірімсіз ажал)
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ақсаңнан биік тау болмас)
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ақсаңнан биік тау болмас)
Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Өлім)
Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Өлім)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Дәптер)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Дәптер)
Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Шегініс)
Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Шегініс)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)
Мақал - Мәтел: Өмір мен өлім
Мақал - Мәтел: Өмір мен өлім
Мақал - мәтел: Денсаулық, амандық-саулық
Мақал - мәтел: Денсаулық, амандық-саулық

KZ / Мақал - мәтелдер жинағы, мақал мәтел Қаза ажал өлім туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Қаза ажал өлім туралы туралы макал мателдер, Қаза ажал өлім туралы, Қаза, ажал, өлім туралы, мақал мәтел Қаза ажал өлім туралы туралы макал мател пословицы на казахском языке макалдар туралы мақалдар мақал мәтелдер Қаза ажал өлім туралы туралы макал мателдер Қаза ажал өлім туралы, Мақал - мәтел: Қаза, ажал, өлім макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы