Туризм | Туристік кәсіпорындардың маркетингтік жарнама негіздері

 Туризм | Туристік  кәсіпорындардың  маркетингтік  жарнама  негіздері

Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................3 -7
Тарау – I Жарнаманың теориялық негіздері
1.1 Жарнаманың қалыптасуы мен дамуы...............................................8-17
1.2 Жарнама ұғымы және түрлері.......................................................17-25
1.3 Жарнаманың атқаратын қызметі.....................................................25-26
1.4 Туризм индустриясындағы жарнама...............................................26-35
Тарау – II «Navigant Travel» ЖШС-нің маркетингтік қызметімен экономикалық құндылық анализі
2.1 «Navigant Travel» ЖШС- не жалпы сипаттама................................36-39
2.2 «Navigant Travel» ЖШС-н басқаруды ұйымдастыру құрылымы......................................39-43
2.3 «Navigant Travel» ЖШС-нің экономикалық қызметін талдау және маркетингтік орта факторларына баға беру...................43-51
2.4 «Navigant Travel» ЖШС-нің жарнама қызметінің негізгі бағыттары..................................51-56
2.5 Қазақстандағы туристік фирмалардың жарнамалық қызметтерін жақсарту....................................56-60
Қорытынды............................................................................................61-63
Қолданылған әдебиеттер ....................................................................64-68
Қосымша.................................................................................................69-70

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Саяхаттық фирмаларда жарнама - маркетигтік стратегияларды таратуда маңызды роль атқарады. Саяхатты жарнамасыз елестету мүмкін емес. Ол қоғамда мәдениетті және психологиялық жағдайға әсер етуді көрсетеді. Саяхат индустриясында жарнама болашаққа деген сенімділік пен тұрақтылықты, қызметкерлердің еңбек ақысын, қаржысынының өсуін көбейтеді.
Біздің көз алдымызда саяхаттың таралу үрдісі өтуде. Бұған біртіндеп Қазақстан да тартылуда. Саяхат біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Қазақстандағы саяхаттың өсуі біраз міндеттермен обьективті түрде байланысты: бұлар, біріншіден, ұлттық байлықтың өсуінің негізгі факторы және ұлттың өмір сүруінің жақсаруы, екіншіден, тұрғындардың жұмыссыз болмауын қамтамасыз ететін фактор, жұмыс күшін ұсынатын қабат, үшіншіден, халық тұтынуына қажет тауар өндірісі, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, байланыс, көлік сияқты экономика салаларының дамуының қуатты стимулы.
Мемлекет басқаруына байланысты саяхат Қазақстан үшін әлемдік сауда орталығына ашылған «терезе» болар еді. Саяхат қоғамның дамуына қажетті әлеуметтік - экономикалық сфера ретінде оны жақсылап ұйымдастырып және басқарса қоғамның дамуындағы экономикалық байланыстар, сауда механизмдері мен мақсаттары әлеуметтік бағытын өзінде жақсы сіңіре алады. Сонымен қатар саяхаттың әлеуметтік және саудалық аспектілері оның таралуына салыстырмалы түрде мақсаты мен қаражаты болып табылуы керек. Әлеуметтік бағытталған тұрғыда осы екі сатыны дұрыс пайдалана білу керек: адам көзқарасына қызмет ету және макроэкономикалық табыстар алу.
Қазіргі кезде Қазақстан туризмі талап етілетін халықаралық стандарттардан кейін қалуда. Қазақстан туризмінің сауда жүйесі тиімді жұмыс істемейді. Бұл келесі салдармен түсіндіріледі:
- әлеуметтік экономикалық және саяхаттық инфрақұрылымның әлсіздігі,
- шет елдік инвестициялар ағындарының көбеюіне жағдай жасалмауы,
- мамандардың жетіспеуі, мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесінің тиімсіздігі,
- туризм индустриясында мемлекеттің қазіргі бақталастықта туризмнің құқықтық, ұйымдастырушылық, инновациялық және экономикалық негіздерінің жетілмеуі.
Осы проблемалардың көптеген бөлімдері ғылыми-теориялықпен қатар тәжірибелік шешімдерді талап етеді. Көрсетілген салалар мемлекеттің туристік зерттелетін проблемалардың қиындықтары мен көптеген аспектілері ғылыми қайта қарауды талап етеді. Сонымен қатар қазіргі уақытта саяхат потенциал жүйелерін зерттеу және оның Қазақстан Республикасының сауда экономикасында шартты қалыптасып өркендеуіне өте маңызды есептердің бірі болып табылады.
Жұмыстың көкейкестілігі.
Қазақстанда жарнама туралы ғылымның тарихы тым алысқа кетпейді. Диплом жұмысында ең алдымен, жарнама дегеннің пайда болуы, функциялары, тарихы турасында және Қазақстан Республикасындағы туристік саяхат пен нарық экономикасындағы туристік жарнама жөнінде жазып шығуды жоспарладым. Ол үшін осы бітіру жұмысымның тақырыбы белгіленгеннен бері біршама әдебиеттер мен оқу құралдарын қарастырдым. Сол еңбектерде жарнаманың ең алғашқы пайда болуы, оның қалыптасуы мен даму кезеңдері, түрлері мен типтері тағы басқа да өзін айқындайтын ерекшеліктері жан - жақты және толымды жазылған. Осы орайда айтыла кететін жағдай - әдебиеттердің көбі орыс тілді екендігі. Оның үстіне солардың өзі шетел басылымдарынан аударылған жұмыстар. Ендеше, Қазақстанда жарнама туралы ғылыми зерттеу жұмыстары қазақ тілді зерттеушілердің тарапынан айтарлықтай дәрежеде қолға алынбағанын білдіреді. Сондықтан, оқылған әдебиеттерді және тыңдалған дәріс мәліметтерін саралай отырып, Қазақстандағы нарықтық экономика мен жарнама бір уақытта пайда болды деп тұжырым жасадым.
Еліміз егемендік алғаннан бастап, нарықтық қатынастарға жол ашылды. Әрине, алғашқы кезде сол қатынастардың өзі жүйелі түрде жүрмегенін айтпасқа тағы болмайды. Сұранысқа орай тауар өндіру саясаты қандай да бір елдің экономикасын дамытудың түп қазығы дейтін болсақ, біздің Қазақстанда сұранысты қанағаттандыру өндірістік жолмен емес, алып - сатарлық, сауда - саттық жұмыстары арқылы жүзеге асты. Сол себептен де, біз зерттегелі отырған жарнамалар, ең алдымен, саудагерлікке қызмет жасады. Жарнамалар сауда мекемелері мен базарларда ең алдымен пайда болды. Ал, олардан бұрын жарнама, егер осылай атауға болатын болса, шығарылған өнімнің хаттамаларында жазылатын-ды. Мысалы: «ұсақ түйірлі үнді байхы шайы», «рафинатталған қант» деген сияқты жазуларды жарнама деп айтпасақ та, сол жарнаманың негізі деуге болады. Демек, Қазақстанда жарнама осыдан он жылдан аса уақыт бұрын, белгілі бір мақсатпен, арнайы ұйымдастырылатын жұмыс ретінде пайда болды. Сонан соң ол осы бүгінге дейін уақыт аралығында өз жұмысын жан - жақты жетілдірген сала болып қалыптасты деуге болады.
Жұмыстың мақсаты – нарық экономикасындағы туристік жарнаманың әлеуметтік қызметін анықтап, оны жақсартудың нақтылы жолдарын көрсетіп, бірқатар ұсыныстар жасау. Бұл үшін бірсыпыра міндеттерді орындау қажет. Атап айтқанда:
- «жарнама» ұғымын түсіндіріп, жарнаманың жалпыға ортақ анықтамасын беру;
- нарық экономикасындағы туристік жарнаманың қызметін сипаттап, оның өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіру.
- туристік кәсіпорынның жарнама маркетингтік іс - әрекеттерімен, жалпы қызметіне талдау жасау.
Жұмыстың міндеті - Бірінші тарауда: жарнаманың пайда болуы, қалыптасуы және танымдық сипаттары деп аталады. Бұл тарауда жалпы жарнаманың әлемдік масштабтағы тарихы айтылады. Ұсынылған әдебиеттерді қарай келе мен жарнаманың тарихы үлкен екенін, бастауы әріде жатқанын оқып білдім. Осы білгенімді өз жұмысымда пайдалануды артық деп санамаймын. Себебі, Қазақстандағы жарнаманың пайда болуы кеше ғана болса да, ол өздігінен туындады дей алмаймыз. Оның бүгінгі болмысы, танымдық сипаттары яғни ықпалдылық ерекшеліктері дүниежүзілік тәжірибеден үйренудің нәтижесіндегі жетістік екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Осыдан барып бірінші тарауда жарнаманың анықтамасы, тарихы, қалыптасу кезеңдері, қысқаша болса да айтылады.
Онан соң Қазақстандық жарнаманың пайда болу себептерін нақты мысалдармен талдап айту мақсаты алға қойылады.
Жұмыстың екінші тарауында нарық туризміндегі жарнаманың ерекшеліктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы туризм саясаты, экономикалық қызметі және қазіргі жағдайы кең көлемде қамтылады.
Ал соңғы, қорытынды бөлімде диплом жұмысын жазу кезіндегі жаңалық ретінде, танымдық мәліметтер алып, соның нәтижесінде қандай тұжырымдарға келгенімді баяндаймын. Мысалы, жарнаманың даму кезеңдерін сегізге бөлдім. Осы сияқты орысша оқу құралдарында жазылған жарнаманың анықтамасын, түрлерін, классификациясын, мақсатын баяндаған қағидаларды аударып, бітіру жұмысына пайдаландым. Сөйтіп, бұл орада да өз түйгендерімді қорытындыладым.
Жарнама - өмірдің аса маңызды саласы. Сонымен қатар ол өмір саласының бәріне қатысты. Жарнама ақпарат береді, үйретеді, жарнамаға қарап адам қалай сөйлеуді үйренеді. Жарнама - сауда құралы. Жарнама - пайда көзі. Жарнама - қазақтың табиғи - тілдік ортасын кеңейтіп, нығайтатын, байытатын бұқаралық ақпарат арнасы. Олай болса жарнама тілі - арнайы зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе.
«Туристік кәсіпорындардың маркетингтік жарнама негіздері» деген тақырып бойынша диплом жұмысын жазып шыққанда, ең алдымен бүгінгі нарықтық қатынастар кезіндегі жарнаманың маңызы зор екені менің ойыма берік ұялады. Әсіресе, жарнаманың сонау ерте заманнан бері сауда - саттық жұмыстарымен бірге жасасып, күні бүгінге жеткені және оның әр кезеңде замана ерекшеліктеріне қарай түрленіп, өзгеріп, дамып келгені және ең қызығы сол жарнама озық техникалық құралдарды пайдаланылатынына назар аудартады.
Тарау - I. Жарнаманың теориялық негіздері
1.1. Жарнаманың қалыптасуы мен дамуы
Нарықтық қатынастар кешегі Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан еңбек заңдылықтарын өзгертті. Енді жұмысты жоспармен емес, іскерлікпен атқару мәселесі бірінші орынға шықты. Жалпы іскерлік байланыстың түрлері көп. Олар: конференциялар, көрмелер, семинарлар, презентациялар, пресс-конференциялар, сұхбаттар, дөңгелек столдар, іскерлік дастарханы, және ойындар, келіссөздер, т.с.с. Осылардың бәрінен де өтімдісі – жарнама.
Жарнаманы анықтаудың екі жолы бар: біріншісі – тар мағынадағы жарнама деп, тек ақысы төленген, бір бағыттағы жеке және біреу арқылы белгілі бір тауарды мақтап насихаттайтын жолдауды айтамыз. Екіншісі, кең мағынадағы жарнама деп, өндірушінің (сатушының) немесе олардың өкілдерінің мүмкіндігі бар тұтынушыларға (сатып алушыға) кез - келген жолдамасын айтамыз. Осы екі анықтаманы қорыта келгенде, дәл тұжырымдамасын былай пайымдау дұрыс болады:
Жарнама – қаржылау көзі анық көрсетілген, төлемді ақпарат құралдары арқылы орындалатын іскерлік байланыстардың дербестелінбеген формасы.
Жалпы жарнама деген ұғымның бастауы әріде. Бұл мәселе «Маркетинг негіздері» деген еңбекте жақсы баяндалған. Айтар болсақ: Жарнамалық тәжірибе туралы ең алғаш жазба тарихи құжаттарда айтылған. Жерорта теңізі елдерінде жүргізілген қазбаларда археологтар әртүрлі оқиғалар мен ұсыныстар жазылған маңдайша сияқты тас тақталарды тапқан. Римляндар өз заманында гладиатор сайыстары жөнінде қабырғаларға құлақтандырулар ілген, ал финикийстер әртүрлі салтанатты шерулер кезінде шың - құздарды суреттермен әшекейлеп, онда өз тауарларын мадақтайтын жазулар жазған. Осының бәрі қазіргі сырт жарнаманың негізі болып саналатын тарихи фактілер. Помпей құлағаннан кейінгі қала қалдықтарының ішінен бір жартасқа суреті салынып, жазу жазылған. Онда бір саясаткерді мадақтап, адамдарды соған дауыс беруге шақырған [1,28б.].
Ертеректегі жарнаманың тағы бір көрінісін жыршылар кейіптеген. Ежелгі Грецияның «Алтын ғасырында» Афин көшелерінде құлдардың, малдардың және басқа да тауарлардың сатылуы туралы хабарлаушы жыршыларды көруге болады екен. Сондай бір оқиғаны көрген бағзы замандардың бір ақыны Афинаның ежелгі тұрғындарына арнап, «жарнаманың өлеңін» жазып қалдырыпты. Онда былай делінген:
«Көзіңіз жарқырасын,
Бетіңіз қызғылттансын,
Қыздың әдемілігі ұзақ сақталсын.
Есті әйел косметикаларды
Дұрыс бағамен сатып алсын».
Осы бір ұйқасы келген жарнама өлеңді оқығанда сонау ерте заманның өзінде жарнаманың маңызы зор екенін байқаймыз. Сол ерте заманнан - ақ, сауда - саттық жұмысымен қатар жүретін жарнама жұмыстары уақыт өткен сайын түрленіп дами беретіні белгілі жағдай.
Бұдан кейінгі тағы бір назар аударатын мәселе бар. Ол – жарнаманың басқаша бір түрде көріне бастуы. Қолөнершілердің қолынан шыққан зергерлік бұйымдары мен түрлі материалдармен жұмыс істейтін ұсталар жасаған тауарларына салған таңбалар болған. Сол арқылы кімнің жасаған заты жақсы екені халық арасында сараланып, белгілі болатын болған. Осыдан барып, ел мақтаған......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?