Психология | Топтық коррекция

 Психология | Топтық  коррекция

Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І. А) Топтық коррекцияны жүргізу техникалары
Ә) Кездесу топтары
Б) Гемталь терапия, психодрама
В) Дене терапиясы, шеберлік тренингі
Г) Шеберлік тренингі, мінез-құлық терапиясы
Д) Арттерапия
ІІ. А) Психокоррекция бағыттары
Ә) Психокоррекция жүргізудегі ойынның орны
Б) Коррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар
В) Коррекциялық топтарды құру
Г) Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті
Д) Коррекциялық топтар түрлері
ІІІ. Қосымша
IV. Қорытынды
V.Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

І. КІРІСПЕ
Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық техналогияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді фрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің құрылысына ал 2009-2010 жылдары 69 мын оқушы орынға арналған тағы да 102 мектептің құрылысын бастай аламыз.
Бірінші. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын.
Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отыра тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуі тиіс.
Бұған, ең алдымен, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірнеше кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуы қажет.
Үшінші. Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыра жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретін қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді.
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио бейне материалдарды әзірлеу керек.
Қазақ тіліндегі окулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын бір-екі баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қандай бәсекелесі болмақ. Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді.
1. Топтық коррекция жүргізу техникалары
Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін атқару мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайлардағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бізге іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кехде жеке тұлғааралық қасиеттерді коррекциялауц тренинг топтарында жүргізіледі.
Т-топтары
Психолог Курт Левини және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының жұмысын 1946 ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушыларымен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайын терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықтады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп аталады.
«Қазір және осы жерде » ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірінде бұрынғы болған оқиғалар мен сонымен байланысты туған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайларға байланысты көрсетуге үйрету.
Т-топтарының негізгі мақсаты - барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-құлық үлгілерін көрсетіп осы білім мен дағдыны отбасында және қызмет орындарында пайдалану жолдарын үйрету.
И.Д.Ялдың анықтауы бойыиша Т-топтарының басым көпшілігіне тән 10 факторды анықтауға болады. Олар:
1. Ұжымшылдық - топтағыларға адамдардың арақатынастарын нығайуға және ауызбіршілігін көрсетуге мүмкіндіктері бар екеніне сендіру.
2. Ниеттерінс сендіру - топтық процестердің нәтижесінде оң бағаланатын қасиеттерінің орын алатынына, болашақта табысты болуына сендіру.
3. Қорытындылау – әр клиенттің проблемасы тек оның өзіне ғана тән емес, сол сияқты жағдайлар басқаларда да кездесетінің көрсетіп
беру.
4. Альтруизм - әр адамға оның басқаларға керекті екендігін сипаттау.
5. Мәлімет беру - жеке тұлғалық ерекшеліктері бойынша және
тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша мәліметтер беру.
6. Көп нәрсеге көшіру — өзінің теріс эмоционалдық жағдайын жансыз нәрселерге кешіру.
7. Бірін-бірі үйрету – тән мүшелерінің эмоционалдық реакциялары мен жаңа мінез-құлық түрлерін апробация жасау ортасын ұйымдастыруы.
8. Тұлғааралық қатынас дағдылары - қатынасушылардық топтық іс-әрекет барысында бір-бірімен карым-қатынас жасауға икемділігін тікелей немесе жанама түрде көрсетуі.
9. Иммитациялық мінез - басқалардың мінезін қайталауға және үйренуге құмарлығын қалыптастырып, өзгелерге жағымды мінез көрсету ептілігін нығайту.
10. Катарсис - топтағылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау
барысындағы өздерінің анық айқындаған немесе іштей басып жүрген психологиялық кернеуден шығуға жағдай жасау.
Өз-өзін басқаларға таныстыру (өзін презентация жасау) - топтың алдында толық ашылу процесі. Өзін таныстыру барысында клиент басқаларға өзінің ерекшеліктерін толық бейнелеп береді.
Кері байланыс барысында қатынасушылардың біреуі басқалардың мінез-құлқы мен қылықтарына өзінің әсерленуін айтып, олардың көрсеткен өрескіл мінез ерекшеліктерің өңдеу мақсатымен талдау жүргізіледі. Бұл әрекет барысында қатынасушылар бір-біріне арнайы белгілер арқылы өрескіл мінезі туралы мәлімет береді. Басқалардың берген "белгі" ескертуі арқылы әр адам өз мінезінің шектен шыққан жерлерін тауып, оны өңдеуге мүмкіндік туады.
Кері байланыс барысында басқалардың мінезіне сын баға беруден гөрі оған эмоционаддық реакциямен жауап берген дұрыс болады. Мысалы: "Сен тәртіпсіздік көрсеттің" - деп айтудың орнына "Сен менің сөзімді бөлгеніңде мен саған ренжіп қалдым" - деген ескертудің әсері тереңірек болады және ренжіп туғызбайды.
Кері байланыс барысында қатынасушылардың мінез ерекшеліктерін көпшілік бірдей бағаласа оның түзетулік әсері арта түседі. Топта жүргізілетін осындай эксперименттер әртүрлі немесе бір-біріне ұқсас жағдайлардан шығудың көптеген варианттарын іздеуге негізделеді.
2. Кездесу топтары
Кездесу топтарын ұйымдастырудың теориялық негізі ретінде Карл Роджереттің «негізгі кездесу» және Уильям Шутцың «ашықтық теориясы» концепциялары алнған. К.Роджерестің концепциясы өзі құрғап «клиентке бағытталған терапия» деп аталатын қағидасына негізделген. Ол терапияның негзгі мақсаты-басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жеке тұлғаның түпнұсқаулық қаситтеріне сүйену болып табылады. Шутц концепциясы сана мен тәнді интеграциялауға негізделген.
Кездесу топтары адамның психикалық дамуын жеделдетуге және қысқа мерзім ішінде нәтижеге жетуге бағытталған. Ол үшін кездесу топтарының бірнеше варианттары ұсынылады: "Марафон" тобы және "Ағынан жарылу" тобы. "Марафон" тобы ондаған сағат немесе бірнеше күн бойы топтық әрекеттер істеп, әр қатынасушыға өзін толық бақылауға, мүмкіндіктерін ашуға және танып-білуге бағытталған болса, "Ағынан жарылу" тобында әр қатынасушының санасыз сферасына терең малшыну көзделеді.
Топқа қатынасушылардың және жетекшінің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен психологтың кәсіби шеберлігі топтық коррекция тиімділігінің шарттары болып табылады. Бұл психокоррекциялық топтың терапевтикалық мағынасы өте терең.
Шутцтың айтуы бойынша қатысушылардың бір-біріне жауапкершілігі — топтың негізгі заңы. Осы заң бойынша әр қатынасушы өзінің топ алдында көрсеткен мінез-құлқына жауапкершілікті өз мойнына алуы керек.
Мысалы: "Әсер ету " жаттығуы
Екі қатынасушы бір-біріне қарама-қарсы көзіне қарап отырып, алдында отырған адамның өзіне тигізген әсері туралы топтағылар еститіндей дауыспен барлығына айтып береді. Топтағылардың барлығы кезектесіп бір-бірінен әсерленгені туралы мәлімдейді. Өзіңіздің кезегіңіз келгенде үндеместен өзіңіз туралы өзгелердің пікірін тыңдап, одан өзіңізге пайдалы қорытынды
3. Гештальттерапия
Гештальтераияның негізін құрған Фриц Перлз. Ол психоанализ, экзистенциалдық пәлсапа, гештальтпсихология жөне В.Райхтың психологиялық өзгерістерге қарсы тұрудың физиологиялық түбірі барлығын дәлелдейтін теориялар негіздерінде гештальттоптар құру идеясына келді.
Гештальтерапияның мақсаты - топ мүшелерін мадақтау арқылы олардың организмикалық ироцесстерін ояту және толысу қажеттігін жете түсінуге ұмтылту. Гештальттарды құру мен аяқтау адамның табига өмір сүру қалыпы екені және оның адамға тигізетін әсері органикалық жағынан өз-өзін реттеу процесіне негізделгендігі эксперименталдық жолмен дәлелденген топ жұмысын ұйымдастырғанда жаттықтырушы топтан өзі тілек білдірген, "эмоционалдық қызу" жағдайындағы бір адамның әрекеттерін ұйымдастырып, барлық қажеттіліктері мен оны қанағаттандыру жолдарын талдайды. Басқа қатысушылар өзін ссл адаммен салыстыра отырып жаттықтырушыға қолдау көрсетіп отырады.
Гештальттерапияның негізгі ұғымдары келесі: дене мен оны қоршаған ортаның қатынасы, қазіргі кез туралы алаңсыз ойланып оны жете түсіну, қарама-қарсылық қорғану мен жетілу функциялары.
Гешталъттераииядағы "қарама-қарсылықтар" әр адамның "Мен" құрылымындағы бір-біріне сәйкес келмейтін жерлерінің күресін бейнелейді, қажеттілік пен мүмкіншіліктің текетірестерін көрсетеді. Қажеттілікті қанағаттандыруға ешқандай мүмкіншілік болмаса, гештальт құрылысы аяқталмай қалады. Перлздың айтуынша, осы қанағаттандырылмаған қажеттілік бітірілмеген гештальт түрінде адамның неврозға ұшырауының негізгі себепкері болады.
Жетілгендік - жеке тұлғаның өте қиын жағдайдан өзін алып шығуға қабілеттілігі. Гешталъттерапевттің негізгі міндеті — адамға өзінің қажеттілігін толық түсініп, айқындап алуға көмектесу (гештальтты құрып беру) және осы түсініктің қалыптасуына сүйене отырып оның теріс әсерін жойып, залалсыздандыруға көмек беру, адамды тұңғыйықтан алып шығу. Сонымен, адамның өзінің қажеттіліктерін жете түсінгенін мадақтай отырып оның өзінен құпияда қалған мүшанішілікгерін оятып, кәмелетікке жетілдіру — гештальттерапияның негізгі мақсаты.
Гешталыттерпевт үшін пациенттің өзіне тән қайшылас қасиеттері бар екенін түсініп, ол қарама-қарсылықтар күресі қандай сезімдер туғызатынын түсінуі өте маңызды. Осы сезімді түсіндіру үшін гештльттерапияда "екі орындық" әдістемссі пайдаланылады. Қатысушы ең бірінші бір орындыққа отырып өз сезімін Шабуылшы көзқарасы мен ұстанымына байланысты көріністе баяндайды, ал сонан соң ол қарама-қарсы тұрған орындыққа отырып Қоғанушы орнында болып сойлейді. Шабуылшы өктемдік көрсетіп, "не істеу керек, нені істеуге болмайтыны" туралы өсиет айтады, ал Қоғанушы "не істеуіне болатынын" және "өзін қалай ұстағысы келетінін" оппонентіне дәлелдеп береді. Бұл диалог пациенттің "Мен" құрылымындағы қарама-қарсылықтар мен келіспеушіліктерді жете түсінуіне мүмкіндік берсді. Осы қарама-қарсылықтардың және келіспеушіліктердің мән-мағынасына толық түсінгеннен кейін пациент өзінің ішкі сезімдерін үйлесімді құруы жеңілірек жүреді.
Психодрама
Психодраманың негізін құрған Якоб Морено. Ол бірінші болып драмалық әдістемені жеке тұлға проблемаларын, түс көруін, арман-мұңын, мазасыздануын зерттеуге пайдаланды. Венада "ішкі сезім театрын (спонтандық театр)" ашты. Өйткені оның пікірі бойьшша драмалық жағдайлар көмегімен психотерапевтикалық мәселелерді шешуге мүмкіншілік туады және психодраманың сөздік қатынас алдында көптеген өзіне тән ұтымдық жерлері бар екенін дәлелдеді. Драматизация барысында адамның мұңын зерттеу тездетіледі жөне жаңа мінез-құлық негізінде қатынастар құруды жеделдетеді.
Психодраманың негізгі ұғымдары рольдік ойын, спонтандық, теле, катарсис, инсайт. Психодрамадағы негізгі рөлдер - режиссер (ол продюссер талдаушы
Психодрамадағы қойылымдар топтағылардың көкейкесті мәселелері тақырыбында болады да, оның кейіпкерлерін клиенттер бейнелейді.
Теле (Морено бойынша сезім біддірудегі клиентпен жүргізуші арасындағы екі жақтық процесс. Мореноның анықтамасы бойынша Теле -ол адамдардың бір-бірінің сезіміне енуі арқылы түсінуі). "Теле" деген ерекше эмоционалдық байланыс арқылы барлық "эмоционалдық жағдайды тасымалдау, контратасымалдау және эмпатия" көрінісі. Егер эмпатия біржақты басқа адамның эмоционалдық жағдайын терең сезіну болса, теле - екі жақтың бір-біріне эмпатия білдіруі және алмасуы болып табылады. Теле оң белгідегі сезіммен (позитивтік теле) қатар теріс белгіде (негативтік теле) болуы мүмкін.
Катарсис. Аристотель берген анықтама бойынша катарсис деген сезімге жан түршігетін сезімге бөлену арқылы жан дүниені тазарту, Фрейдтің анықтамасы да осы мағынаны береді. Морено бұл ұғымның мағынасын кеңейтіп, оның әсері тек көрермендерге ғана емес, актерларғада ортақ екенін дәлелдеді. Оның айтуынша психодраманың емдік амалы көрермендерге бағытталған әсерінен (екіншілік катарсис), "драманы ойнап жүріп күйзеліс жағдайдан өзін босататын" актердің өзіне деген әсері, емдік әсері зор екенін көрсетті. Сонымен қатар антикалық трагедияларда катарсис, талдауға қарағанда, екінші орында тұрса, психодрамада катарсис бірінші ретке шығады да, оның емдік мәні сценарийіне қарағанда маңызды орынға ие болады.
Инсайт. Танымның бұл түрі проблеманы бірден шешуге немесе оны жете түсінуге алып келеді. Инсайт деген бірден көзі жарқырап ашылу, нұрлану.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі