Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Саясаттану | Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қытайдың  Қазақстанға  байланысты саясаты казакша Курстық жұмыс: Саясаттану | Қытайдың  Қазақстанға  байланысты саясаты на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................................
Негізгі бөлім 1 тарау
1.1 Қытай империясының бастау алуы...............................................................
1.2 Шаруалар соғысы және тайпиндер мемлекеті...................................
Негізгі бөлім 2 тарау
2.1 Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты...................................................
2.2 Қытай империясы мен Қазақ хандығы арасындағы көршілік қатынастары...
2.3 Қазақстанның қазіргі Қытай мемлекетімен халықаралық қатынас күйі...
Қорытынды......................................................................................................................

Біздің ұлы көршіміз Қытай мемлекетінің тарихының ең бір күрделі де қызық оқиғаларға толы кезеңі - оның 19 ғасырлардағы тарихы болып саналады. Дәл осы кезеңнен бастап, Қытай өзінің осыған дейін өзін қоршаған елдер туралы ежелгі заманда қалыптастырған дәстүрлі өркөкірек саясатына өзгерістер енгізіп, өзінен де күшті елдер мен халықтардың өмір сүретінтіндігін, олармен тең дәрежедегі, тіпті кейде оларға тәуелділікті мойынадайтын саясат ұстануға мәжбүр болады. Осындай жағдайларға байланысты Қытай дипломатиясының нағыз қитұрқы саяси принциптері дүниеге келеді.
Қытай, осы жылдары, өзiмен көршi жатқан көшпелi тайпалардың шабуылына ұшырап, тiптi Қытай мемлекетiнiң территорияларын жат жерлiктердiң бөлшектеп, оны өз иелiктерiне айналдырған кезеңiн де бастан кешiрдi. Қьrтай көшпелiлердiң басқыншылығы салдарынан осы кезеңнен бастап eкi үлкен аймаққа - Солтүстiк Қьrтай және Оңтүстiк Қытай деп бөлiнiп, бiртұтас Қытай халқының тiлi мен мәдениетi, өмip сүру тiршiлiгi, тұрмыс салты мен шаруашылығы жағынан бiр-бiрiнен айырмашылығы бар eкi аймақтың өзiндiк сипатқа ие халқы болып eкire бөлiндi. Солтүстiк Қытай жерi көшпелiлердiң ғасырлар бойғы шабуылдары мен басқыншылық ошағына айналғандықатн және орта ғасырларда, бұл жерде көшпелілердің бірнеше мемлекеттерi өмір сүргендіктен тiптi, жергiлiктi халықтың антропологиялық түр сипаты да өзгеріске ұшырап, олардың тілі де мәдени лингвистикалық жағынан бұрыңғы көне қытай тілінен, әрине, оңтүстік қытайлықтардың тілінен көп айырмашылыққа ұшыраған.
Сол кезеңдегі Қытай мемлекетінің ішкі, сыртқы саясаты, мәдениеті мен идеологиясы конфуционалдық, даостық және буддистік діни ілімдердің дамып, ол қоғамның әр саласынада өте айқын көрініс тапты.
1.1 Қытай империясының бастау алуы
Қытай бай және ежелгі мәдениеті бар ел болды, онда жерді қолмен өңдеу ici, шай, жі6ек мата, зергерлік бұйымдар, фарфор, өсімдіктен бояу алу жоғары дәрежеде дамыды.
Қытайдын коғамдық және мемлекеттік құрылысы бұрынғысынан қала берді. Өңделетін жерлердің көпщілігі помещиктерге тиесі болды. Олар жерді шаруаларға арендаға берді. Крепостниктік право ресми түрде болмағанымен, ic жүзінде шаруалар жерге бекітілген еді. Шаруалар помещикке түскен өнімнің тең, жарты-сынан көбі беруге және басқа да міндеткерліктерді атқаруға мәжбүр болды.
Португалдық көпестер Қытайдың оңтүстік жағалауына XVI ғасырда-ақ жеткен еді. Кейінгі ғасырларда бұл араға ағылшын және француз көпестері де келе бастады. Алайда, Қытай дербес әpi күшті феодалдық мемлекет болып қала 6epдi, өзі де көршілес елдерге қарсы басқыншылық саясат жүргізді.
Цин империясы Қытайды бұрын басқарып келген әулеттерден, басқалардың бәрінен, әcipece көршілес мемлекеттер мен халықтардан жоғары тұруға тырысқан, ұлыдержавалық ниетті мұра eтiп алды. Шетел елшілерi әкелген сыйлықтар бағынышты үкімет басқарушыларының төлеген салығы ретінде қабылданды. Қы¬тай халқына қытай бүкіл дүние жүзінің орталығы, «Орталық, империя», оған басқа мемлекеттер мен халықтар бағынуы тиіс деген түсінік берілді. Көршілес халықтардың әскери қимылы «жуасытып алуды» талап ететін «жыртқыштардың бүлігі» деп жарияланды. Сөйтіп, Пекинде билік жүргізген әулет өзінің қуаттылығы туралы көпірме ұғымға елдің халқын сендіруге тырысты және көршілес мемлекеттердің жерін басып алу үшін үнемі сылтау тауып отырды.
Цин әскерлері Россиялық Амур маңына жиналып, Россияны 1689 жыл басқыншылық Нерчь шартына қол қоюға мәжбүр етті, бұл шарт бойынша Россиядан Амур өзенінің сол жағасы тартып алынды. Россия бұл территорияны 1858 ж. ғана қайтарып алды.
Қытайдың өзін-өзі оқшаулау саясаты реакциялық феодалдық тәртіптердің сақталуына жағдай жасады және оның экономикалық әлеуметтік, мәдени дамуына нұксан келтірді.
Басқа халықтардың ғылым мен техника саласындағы жетicтіктерін жоққа шығара отырып, реакцияшыл саясат жургізген феодал билеп-төстеушілер елді артқа тартты. Қытайдың кушін әлсіретті, бұны ағылшын және басқа отаршылдар пайдаланды. «Апиын соғыстары». Ағылшын көпестері Үндістаннан Қытайға заңсыз түрде апиын әкеле бастады. Жергілікті қытай өкімет орындары апиын жүктерін конфискелеген кезде, ағылшын үкіметі Қытайға «апиын соғысын» (1840—1842) бастады, бұл арқылы апиынды және басқа ағылшын товарларын, әcipece матаны Қытайға әкелу правосын зандандырғысы келді. Ағылшын флоты мен әскері қытайға оңтүстік-шығыстан шабуыл жасап, Кантонға өрт салды. Халық бұқарасы партизан отрядтарын құрды, алайда цин үкіметі халықты қарсылық қөрсетугс шақырудан қорықты. Оның
әскері жеңіліске ұшырады.
Қытайдың жеңіліп қалуының басты себебі— оның экономикалық және әскери-техникалық жағынан мешеулігі еді. Ағылшынның көп зеңбіректі желкенді әскери кемесіне және ең жаңа да күшті атылатын қарумен жабдықталған әскерне жебе, садақ, найзамен тойтарыс беру қиын еді.
Англия Гонконг аралын басып алып Қытайды шетел көпестеріне бірқатар порттарды ашып беру жөніндегі тең правосыз шартқа қол қоюға көндірді. Қытай апиынньң әкелінуін зандандырғысы келмесе де, ic жүзінде ол жеткізіле берді.
1856—1860 жылдары «апиын соғыстары» қайталанды да, Қы-тайды ағылшын және француз әскерлерінің біріккен күші бұрын-ғыдан да бетер күйретіп салды. Олар императордың Пекин маңындағы қазына-байлыққа толы жазғы сарайын талқандап, тонады. Отаршылдар Қытайға тағы да тек правосыз шартты тан-ды. Шетелдіктерге бұрынғынын үстіне тағы бірнеше порттарда сауда жасауға рұқсат етілді, басқа да артықшылықтар берілді.
Қытайға таңылған шарттың теңсіздігі әcipece, мынадай жағдайлардан анық көрінеді. Қытай жерінде тұратын ағылшын және француз азаматтары қытай заңына бағынбайтын болды, оны қытай соты соттай алмады. Егер олар қылмысты болса, оларды тиісті елдің консулы өз заңы бойынша соттады. Қытайда артықшылықтарды бәрінен көп пайдаланған Англия болды, өйткені оның теңіз саудасындагы басьмдығы күшт еді. Теңіз жағалауындағы үлкен қалаларда арнайы кварталдар құрылды, онда тек шетелдіктср тұрды, оған қытай өкімет орындары кipe алмады.
1.2 Шаруалар соғысы және тайпиндер мемлекеті (1850—1864).
Реакциялық цин үкіметіеің шетел агрессиясына тойтарыс беруге қабілетсіздігі оның өкіметін әлсіретті. «Британ қаруы алдында,— деп жазды К. Маркс,— маньчжур әулетінің бед ел i көкке ұшты; мәңгілік Аспан империясы туралы ырымшыл түсініктерге өлтіре соққы берілді»1. «Апиын соғыстары» шаруаларды қанауды күшейте тусті. Жеңген елдерге соғыс салығын (контрибуцияны) төлеу үшін жаңа салықтар жинау енгізілді. Аренда ақысы өсті. Шетел товарларының басып кетуі жергілікті колөнешілерді күйзелтті. Мұндай жағдайда күшті шаруалар соғысы бұрқ ете түсті. Ол 1850 ж. елдің оңтүстігіде, Кантонға таяу жерде басталды. Маньчжур әулеті мен помещиктерге қарсы күрес отаршылдарға қарсы күреске ұласты. Көтерілісшілерді басқарған шаруаның баласы, мектеп мұғалімі Хун Сюцюань болды. Ол жалпыға бірдей теңдік идеясын насихаттап, «Жаппай рақат кешетін аспан патшалығы мемлекетін» құруға шақырды. Сондықтан шаруалар соғысына қатысушыларды тайпандер деп атады.
Тайпин-шаруалар күшті армия құрып, Қытайдың орталық провинцияларына қарай жылжыды. Азат етілген аймақтар халқыңың көмегімен көтерілісшілер Янцзы өзеніне таяп келді.Олар қару мен зеңбірек сақталған қоймаларды алып, орасан зор территорияны өз қолдарында ұстады. Нанкин қаласы Тайпин мемлекетінің астанасы болды, ал Хун Сюцю-ань оның императоры болып тағайындалды, Тайпиндер ша-руалардан алынатын салық пен аренда ақысын азайту, кедейлердің борыш міндеттемесін жойды. Мемлекет қазы-насының пайдасына байлардан салық алынды. Еңбек етуге барлық адам міндетті деп жарияланды.
Қалыңдықты сатып алуға, қыз балалардың өмір бойы кемтар болып қалуына себепші болатын олардын, башпайларын табанына қарай қайырып таңатын тағылық әдетке тыйым салынды. Бұрын бұл әдет байлықтың белгісі болып келген, өйткені бай жанұядан шыққан осындай әйелдерге жұмыс істемеуге мүмкіндік тұғызған.
Шаруалар қауым болып тұруға тиіс еді, тайпин заң-дарының бірінде былай деп жазылған: «қолдағы жерді бірігіп өндеуге, бар тамақты бірге жеуге, қолдағы киімді бірдей бөлісіп киюге, колдағы акшаны бірігіп жүмсауға тиіспіз, сонда теңсіздіктің ешқандай түрі болмайды және бәріміз де аш-жалаңаш болмаймыз».
Тайпиндер помещиктік жер иеленуді және феодалдық қа-науды толығынан жоюға уәде етті. Осындай талаптар арқылы шаруалардың қолдауына ие болды. Бірак тайпиндердің болашақ құрылыс туралы түсінігі көбіне утопиялық, тіпті реакцияшыл болды. Олардың пікірінше, адамдар қашан да болмашы материалдық игіліктерге қанағаттануға тиіс еді. Мүның мәнісі ғылыми коммунизм талап ететіндей, қоғам мүшелерінің қажетін барған сайын толық қанағаттандыру емес, қайыршылықтың теңдігі ғана.
Заңда: қауым «өзінің мүшелеріне алдағы егінге дейін ашықпау үшін канша астық қажет болса, сонша астық қалдырады» деп жазылған. Қалғанының бәрі мемлекет қоймасына тапсырылды. Мұндай жағдайда қауымның өндірісті дамытуға, жер өңдеуді жетілдіруге ешқандай мүмкіндігі болмады, өйткені еңбек кұралдарын сатып алу үшін қаражаты қалмады. Жалпыға бірдей кедейшілік негізіндегі карапайым теңгермешлік және әскери режим елдің өндіргіш күштерінің тоқырауына әкеліп соқты.
Халықтың өмірі әскери тәртіп бойынша құрылуға тиіс еді. Әрбір семьялар армияга бір солдат беруі тиіс, ал әскери бөлімнің бастығы бүкіл ауданның билеушісіне айналды. Қалалардағы әскерлендіру ісі одан да асқан еді. Ерлердің бәрі бір еңбек лагерінде әйелдер мен балалар екінші лагерьде болды. Мемлекет басында тайпин императоры тұрды.
Тайпиндердің жеңілуі. Барлық елдердегі шаруалар соғысы жеңіліспен аяқталғаны белгілі, өйткені жұмысшы табының немесе революцияшыл буржуазиянын тарапынан басшылық болмайынша, шаруалар өздігінен жаңа коғамдық күрылыс орната алмайды. Кытайда да осылай болып шықты. Буржуазиялық революция жасалуы үшін капиталистік қатынастар жеткілікті дамыган жоқ еді.
Тайпин мемлекетінің өзінде де феодалдық қатынастардың негіздері толығынан жойылмаған еді. Жер көбіне помещиктердің қолында қалды. Помещиктер мен көпестердің маньчжур әулетіне қарсы көтеріліске қатысқандары аз болған жоқ, бірақ олар феодалдық тәртіптерді жоюға мүдделі емес еді. Тайпиндердің арасынан бірте-бірте император Хун Сюцюанға жақын әскери басшылардың ішінен жаңа шонжарлар қалыптаса бастады.
Тайпин басшылары арасында біртіндеп араэдық туа бастады, ал шаруалар бұқарасы шаршады және түңілген күйге түсті. Мүның өзі маньчжур билеп-төстеушілерінщ тайпиндерді жеңуіне жагдай жасады.
Богдыхан армиясы күшін жинап алып, шабуылға шықты. Оған ағылшын, француз және американ карулы отрядтары шешуші көмек көрсетті. Қапиталистік державалар Қытайды теңсіз шартқа қол қоюға көндірген соқ, олар өкімет басында іріп-шіріген маньчжур әулеті болуын дұрыс көрді. Сондыктан олар тайпиндерге карсы интервенция жасады.
Тайпиндер тайсалмай қорғанды. Әсіресе, аса көрнекті шаруалар көсемі Ли Сюченнің даңқы шықты. Ол кедей шаруаның баласы еді. Тайпиндердің жоғары топтары арасында жіктелу басталған кезде-ақ ол антифеодалдық программаға берілгендігін көрсетті. Талантты қолбасшы Ли Сючен интервенттер әскері әрекет еткен басты учаскелердегі ұрыстың бәрінде ерлікпен шайқасты.
Бірақ күш тең болмады. 1864 ж, үкімет әскері Нанкинді алды. Каланың 100 мыңнан астам қорғаушыларын жеңгендер қырып салды. Хун Сюцюань өзін-өзі өлтірді, ал Ли Сюченді жау колға қинап өлтірді
Тайпин көтерілісін басқаннан кейін шетел отаршылдары реакцияшыл және сатқын Цин әулетін одан әрі қолдай түсті, сөйтіп оны жаңа жеңілдіктер беруге көндірді. Алайда, тайпин көтерілісі із-түзсіз босқа кеткен жоқ, ол Азия халықтарының азаттық қозғалысы тарихының жарқын бетіне айналды. Көтеріліс жеңіліспен аяқталғанымен, феодалдық қүрылыстың іргесін шайқалтып өтті.
Кытайдағы тайпиндер соғысы мен Үндістандағы халық көтерілісі Азия халықтарының феодалдар мен отаршылдардың езгісіне төзбейтінін көрсетті.
2.1 ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТЫ
Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн қарқын ала бастады. Өйткенi, әлемнiң алып күштерi үшiн «бос кеңiстiк» саналатын жерден өз үлесiн алып қалу керек болды.
Бұл үшiн Қытайдың көптеген себептерi бар:
1) Экономикасының қарқынды дамуы шикiзат пен отын-энергетикаға деген сұранысын күрт арттырып жiбердi;
2) Мамандардың болжамдарына қарағанда Қытайдың территориясы 2 млрд. адамның ғана өмiр сүруiн қамтамасыз ете алады екен. Ал 2015 жылы Қытай халқы 2 млрд.-тан асады деп күтiлуде. Сонымен бiрге бұған «бiр жанұяға – бiр бала» саясатына қарсы санақта жоқ 2-3 баласы бар ауыл қытайларын қоссаңыз ресми санақтан да асып түсетiнi анық. Қытайдан келетiн қауiптiң iшiнен, әсiресе, Қытайдағы ерлер мен әйелдердiң арасындағы табиғаттың өзi реттеп отыратын сандық тепе-теңдiктiң бұзылу процесiне жұрт назарын баса аударғым келедi. Әулеттiң мұрагерлерiн ерлер жағынан ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 15 | 2.02.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар саясаттану жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар саясаттану жоб, Курстық жұмыс: Саясаттану | Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін