Экономика | Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

 Экономика | Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ.....................................................................5
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері.............................................5
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі...................................................................................................8
1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.............12

2 «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ....................................................................................................................16
2.1 Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға....................................................................16
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау.................................................................................................................19
2.3 Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері............................22

3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.....................28
3.1 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі........................................................28
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі...........................................................................................32
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану.....................................................................................37

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................42

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................43


1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ

1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.
Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалык есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.
Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысты.
Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.
Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс-монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.
Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.
Кейде құрылыс-монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: келік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.
Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.
Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады. Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез – келген құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады.
Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:
— біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;
— екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне
қарай біркелкі бөлінуі тиіс.
Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:
1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;
2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.
Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.
Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.
Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі

Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары жалпы құрылыстық және мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс-монтажды кәсіпорындар бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар тұрақты және жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кәсіпорындар ұзақмерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кәсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кәсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.
Құрылыс-монтаж кәсіпорындары «өмірлік циклына» байланысты құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:
♦ құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;
♦ жобалау-құрылыс фирмалары;
♦ ғылыми жобалау-құрылыс фирмалары;
♦ барлық жұмыстарды құрайтын және конструкциялар мен құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер.
Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тән. Құрылыс кәсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады;
♦ негізгі өндіріс — құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттар мен қондырғыларды капиталды жөндеу;
♦ қосымша өндірістер;
♦ өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (әлеуметтік) сала.
Өндірісті бағыты бойынша классификациялау — негізгі және қосымша өндірістің, әлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады.
Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары — «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8010 «Негізгі өндіріс», 8020 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 «Қосалқы өндірістер», 8040 «Үстеме шығыстар» белгіленген. Шығындардың деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.
Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жазбаша түрде келісім-шарт жасай отырып, төмендегідей тәртіпте құжат толтырады:




Мердігерлік келісім №

..............................қаласы «.....».........................жыл

(тапсырыс беруші) тапсырыс беруші кәсіпорын аты-жөні, қызметі
қолданылған жарғыға сәйкес , келесі
тұлғамен төмендегідей келісім жасалды:

1. Келісім.
Төмендегі шарттарды орындауды мердігер тапсырыс берушінің талабы бойынша орындай отырып, көрсетілген уақытта жұмыс нәтижесін тапсыру, ал тапсырыс беруші нәтижеге орай төлем жасауға міндетті.

2. Жұмыс түрі.
Мердігер тапсырушының талабына сай төмендегі жұмыс түрлерін орындайды:

3. Материалдар.
жұмыс материалымен
(мердігердің немесе тапсырыс берушінің) орындалады.



4. Тапсырманы орындау тәсілі.
Тапсырыс берушінің тапсырмасын орындау тәсілі

(мердігердің ұсынысымен немесе нақты бір технологиялық
тәсілмен анықталады)
5. Жұмыстың орындалу уақыты.
5.1. Жұмыстың басталу мерзімі « » 200 жыл
5.2. Жұмыстың аяқталу мерзімі « » 200 жыл
5.3. Мерзімінен бұрын ақталу

6. Төлем тәртібі.
6.1. Жұмыс бағасына мердігердің барлық шығындары және көтерме төлемдері енгізіледі.
6.2. Жұмыс бағасы мың. теңге, оның ішінде ҚҚС мың теңге.
Көрсетілген баға:
(жуықтау, нақты, не екі жақтың келісімі бойынша)
6.3. Тапсырыс берушінің мердігерге төлеу
жұмыс бағасының % « » 200 жылға дейін.
7. Ерекше шарттар.
7.1. Жұмысты орындау барысында
(тапсырыс берушінің келісімі бойынша үшінші тұлғаны тартуға)
7.2. Мердігердің жұмысына тапсырыс беруші төмендегі жағдайда араласуы мүмкін:

7.3. Мердігер тапсырыс беруші шарттарды бұзған жағдайда немесе уақытында орындамаған жағдайда жұмысты тоқтатуға құқығы бар.
7.4. Шарттарды бұзу анықталған жағдайда мердігер келісім – шарттан бас тартады және анықталған шығынды қайтаруды талап етеді.
7.5. Тапсырыс беруші кез – келген уақытта орындалған жұмыстың нақты мөлшерінің ғана нәтижесіне қарап төлем төлеп береді.
7.6. Аяқталмай қалған құрылыс жұмыстарына заңға сәйкес тапсырыс беруші мердігерден орындалған жұмыстың нәтижесіне қарай құжаттандырып болған соң ғана келісім өз күшін жойғанын айғақтайды.

8. Орындалған жұмыстың нәтижесін тапсыру.
8.1. Мердігердің тапсырыс берушіге орындалған жұмыстың нәтижесін тапсыруы екіжақты толтырылған актіге қол қою арқылы құжаттандырылады.
8.2. Мердігердің тапсырыс берушіге тапсырған күні.
8.3. Тапсырыс беруші мердігердің қатысуымен жұмысты қабылдай отырып, жұмыс нәтижесіндегі кемшіліктерді ескертуі шарт.
8.4. Қабылдау қорытындысында кемшіліктер көрсетілген болса, бірден кемшілікті жою мерзімін көрсетуі шарт.
8.5. Тапсырыс беруші қабылдап алғаннан соң кездескен кемшіліктерді мерзімді уақытта дереу мердігерге ескертуі шарт.

9. Құпиялылық.
9.1. Егер екі жақтың біреуі келісілген шартқа байланысты орындау міндеттемелері бойынша басқа жақтан заңмен қорғалмаған басқа да шешімдер немесе жаңа технология жөнінде хабарлама алатын болса, анықтама алған жақтың жазбаша рұқсатсыз үшінші тұлғаны анықтамамен қамтамасыз етуге құқығы жоқ.

10. Жауапкершілік.
10.1. Егер мердігер келісім – шарттағы қарастырылған талаптарды уақытында орындамаған немесе орындалған жұмыс теріс нәтиже берген жағдайда тапсырыс беруші мердігерге төмендегідей талап қоюға тиісті:


10.2. Орындалған жұмыс көлеміне уақытында төлем жасамағаны үшін тапсырыс берушіден мердігер % жалпы көлемнен айыппұл алуға тиісті.
10.3. Жұмыс көлемін мердігердің уақытында тапсырмағаны үшін % айыппұл төлеуге тиісті.
10.4. Айыппұл көрсетілген шығындардан бөлек алынады.

11. Басқа шарттар.
11.1. Келісім 2 (екі) данадан толтырылады, әрбір жаққа бір-бірден.

12. Екі жақтың реквизиттері.
Мердігер: тапсырыс беруші

Сонымен қатар, келісімге қосымша қажетті құжаттар тіркеледі:
 Құрылыс нысандарының тізімі;
 Қосымша ерекше талаптар;
 Құрылыс-монтаж жұмысын орындаудың кестесі.

1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу

Халықаралық тәжірибеде бухгалтерлік есеп үрдісін (процесін) төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған. Бірінші сатыда әртүрлі шаруашылық фактілері (іскерлік мәліметтер) құжатталады. Екінші сатыда есеп деректері жіктеліп және оларды бухгалтерлік есеп шоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде, бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады. Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады. Төртінші бухгалтерлік есеп үрдісінің қорытынды сатысында кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылык нәтижелері туралы, әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Кәсіпорын туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес, ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі. Бірінші топқа осы кәсіпорында қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар, олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы және басқа да жәрдемақы, сыйақы алу үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі оның басшысының ең негізгі міндеті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы (рентабельділігі) мен активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.
Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын жұмылдыру арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық (рентабельділік) болып саналады.
Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеу үшін кәсіпорынның жеткілікті түрде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.
Екінші топты осы кәсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да кәсіпорындарын, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?