Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық  технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық  технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе.
I.Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары.
1.1 Орта білім беруді жетілд іру, жаңарту неліктен қажет болып отыр?
1.2. Жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялардың ғылыми-әдістемелік негіздері және оларды қолданудың тәжірибелерінен.
II.Қазіргі кезде кең қолданылатын модулдық технология әдісі.
2.1. Модулдық технологияны сабақта пайдалану.
Қорытынды.
Пайданалынған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Тарихты оқытуда жаңа тәсілдер немесе жаңа әдістемелік жолдарды игеріп оны оқушылар қабілет-қарымымен ұштастыру , жас ұрпақты жаңа жаңа технологиялармен тәрбиелеу , тарих сабағын оқытуды жетілдіру курстық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдарын, Тарих білімін жетілдіру неліктен қажет болып отырғандығын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Шетелдік және бұрынғы Кеңес одағы кезіндегі тарихты оқытуға тоқталу.
Қазіргі кездегі оқытушылармен және олардың жаңа технологияларымен кеңірек танысу, баспасөз беттерінде шыққан мақалаларын ғылыми түрде талдау.
- Жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялардың
ғылыми-әдістемелік негіздері және оларды қолданудың
тәжірибелерімен танысу.
Курстық жұмыстың тарихнамасы.
Курстық жұмыста негізінен Тұрсын Хәзретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістемесі, ( Алматы2004.):
Тұрлығұл Тотай Тәжіұлының Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың құралдары( Оқу әдістемелік құрал Алматы Ғылым 2003.): Г.А. Жансбекованың Тарихты оқыту әдістемесі (Семинарға арналған оқу құралы . М Әуезов ОҚМУ: Шымкент.): Абдуғулова Бағланның Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері( Автореферат Алматы 2004.): атты еңбектері кеңінен пайдаланылды. Жоғарыдағы аталған тарихшы ғалымдар кітаптарында осы тақырып баяндалған.
I.ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ.
1.1.Орта білім беруді жетілдіру, жаңарту неліктен қажет болып отыр?
Қоғам ілгері дамыған сайын сол қоғамды құрып жатқан, оны ілгері дамытатын адамдарға білім, тәрбие беру, олардың интеллектуалдық дәрежесін арттыру мәселелері барған сайын ерекше маңызға ие болатыны белгілі.
Ондаған жылдар бойы тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеологияның қыспағында болған Кеңес елін былай қойғанда, дүние жүзінің бірқатар елдері соңғы ширек ғасырда өз елдерінде орта білім жүйесін жетілдіру, жаңарту бағытында біраз шараларды жүзеге асырды, зандар, реформалар қабылдады. (1)
Мүндай игілікті іс-шаралар АҚШ, Франция, Греция, Финляңция, Бельгия, Болгария, Венгрия, Дания, Индонезия т.б. елдерде жасалды. Мәселен, Англияда соңғы мектеп реформасы өткен ғасырдың 90 жылдарының орта кезінде қабылданған. Ол бойынша мектеп құрьлымы алты жылдық бастауыш, бес жылдық орта сатыдан тұрады. Ал, АҚШ-та орта мектеп құрылымы алты не сегіз жылдық бастауыш және төрт не алты жылдық кіші орта мектептен құралады.
Бұл жүйеде оқушылардың интеллектуалдық қабілеттеріне қарай міндетті пәндермен қатар өздері қалаған курстары бойынша білім алуы, сондай-ақ мамандық беретін курстарда да оқуы қарастырылған .(2)
Бірақ та осыларға сәйкес бұл елдерде білімнің мазмұны мен көлемі, оқытудың формалары мен әдіс, тәсілдері де өзгеріске ұшырады.
Кеңес елінде 1986 жылы мектеп реформасы қабылданғаны белгілі. Ол реформа мектептің құрылымы мен мазмұнына да, оқыту формалары мен әдістеріне де елеулі өзгерістер жасай алмады. Ондай түбірлі өзгерістердің болмайтыны да белгілі еді. Өйткені кеңестік орта мектепте білім берудің мақсаты мен міндеттері коммунистік идеологияның солақай талаптарына сай өзгеріссіз қала берді.(3)Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі еткен ғасырдың 50 жылдарының соңынан бастап мектептің оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға бағытталған заңдар, қаулы-қарарлар қабылдағанымен ондағы білім, тәрбие беру төменгі дәрежеде өзгеріссіз қалды.
Бұл жағдай 60 жылдардан бастап-ақ айқын байқалды. Оқыту үрдісін жақсартуға тырысқан жаңашыл мұғалімдер мен жеке педагог-ғалымдардың ұсыныстары ескерілмеді. Ал, ресми орындар — КСРО Оқу министірлігі мен КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының орта білім беру жүйесіндегі елеулі кемшіліктерді көргенмен, бұл жүйеде түбірлі өзгеріс жасау қажеттігін күн тәртібіне қоюға батылы жетпеді. (4)
Тек, 80 жылдардың екінші жартысынан Кеңес елінде басталған жариялылық пен демократияландыру халыққа білім беру, әсіресе орта білім саласында орын алған кемшіліктердің бетін ашуға, оларды болдырмаудың жолын қарастыруға түрткі болды.
Кеңес елінің ең беделді газеті, Коммунистік партияның Орталық Комитетінщ органы "Правда" газетіндегі 1988 жылғы 28 шілдедегі Н. Анисин мен О. Матятиннің "Расписание по способностям" деген мақаласында білім беру саласындағы кемшіліктер нақты көрсетіліп, осы саладағы тоқыраудың бірқатар себептері ашылған. (5)
Авторлар — баспасөз бетіндегі сындардан мектеп пен Жоғары оқу орындары басшылары да, мұғалімдер де қорытынды шығармады, бұл жүйеде жалғандық, формализм, авторитарлық педагогика үстемдік етіп келеді, — дейді.
Сонымен қатар авторлар осы газет редакция-сына келіп түскен жүздеген хаттарды талдай келе және де соларға сүйене отырып, орта білім берудің құрылымын, білім берудің ұйымдастыру формаларын өзгерту жөнінде нақты ұсыныстарын ортаға салады. 80 жылдардың аяғына таман Кеңес елі мұғалімдерінің Одақтық съезі өтіп, онда орта мектептерде білім берудің маңызды мәселелері қаралып, оқытуды жақсартуға бағытталған нақты шаралар белгіленді.(6)
80 жылдардың аяғынан 90 жылдардың басынан бастап біздің Республикамызда да орта мектептегі оқу-тәрбие жұмысын қайта құруға, қайткенде оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге, әсіресе олардың ойлау, таным қызметін дамыта отырып, өздігінше іс-әрекет жасау қабілетін қалыптастыруға бағытталған жаңалықтар, өзгерістер байқала бастады.
Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Жамбыл облысының Шу қаласьшдағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп (директоры Әбдіғалиев Қасымбай) біраз жылдан бері орта мектептегі дәстүрлі оқыту жүйесін де, сыныптық-сабақтық құрылымды да өзгерткен. (7)
Мұғалімдер ұжымы шоғырландырып-қарқынды оқытудың маршрутты бағдарламасына көшкен. Бағдарламаның шоғырландыру деп аталу себебі 2-3 сынып (9, 10, 11) оқушылары бірге бір бөлмеде отырады. Қарқынды - деп аталуы бағдарламалық оқу материалын меңгеруге дәстүрлі мектеппен салыстырғанда уақыт аз кетеді, әрі оқытудың сапасы жоғары, оқушылар берік білім алады.
Сабақ бір пәннен 150 минутте оқытьшып үйретіледі, бұл уақыт 30 минуттан төртке бөлінеді. Алғашқы 30 минутта мұғалім жаңа сабақ туралы оқушыларға бағыт береді, екінші сабақта оқушылар жаңа материал-мен өздігінше жұмыс жасайды. Үшінші сабақта әр топ мүшелері оқып-үйренген материалын бір-біріне айтып береді, түсіндіреді, әңгімелеседі, пікір алысады, соңғы сабақта бүгінгі оқу материалымен барлық оқушы ұжым болып жұмыс істейді. (8)
Мектептің мұғалімдер ұжымының бұл жаңалығын қодтап, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясы оны "Республикалық эксперименттік алаң мәртебесі бар мектеп-гимназия" — деп бекітіп, мұғалімдер ұжымының шығармашылық жұмысьн одан әрі жандандыра түсуге көмектесіп келеді.
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектеп ұжымы да (мектеп директоры Е.Сағымбаев) еліміз тәуелсіздік жолына түсісімен-ақ туған өлкесінің болашағы — ауыл жастарын қалай еткенде білімді де білікті, саналы да парасатты азамат етіп қалыптастыру жағдайын ойластырған. (9)
Сөйтіп ауыл мектебі жағдайында 10-11 сыныптарда түрлі бағдарда саралап оқытуды ұйымдастырған. Гуманитарлық, политехникалық бағдар бойынша оқитын оқушылар тобына негізгі (бағдарлы) пәндер блоктік ұстаныммен екі күн тереңдетіліп оқытылған.
Негізі мақсат — ауыл жағдайыңда оқушылардың талап-тілектерін ескере отырьш, олар қалаған пәндерді тереңдетіп оқыту және жергілікті жағдайды, сұранысты ескере отырып, алғашқы кәсіби дайындық арқылы күрделі емес мамандыққа бейімдеу. Саралап оқытуды дұрыс ұйымдастыру мақсатында 8-9 сыныптарда әрбір оқушының білім деңгейі мен нәтижесін, бейімділігі мен қабілетін, ата-ананың сұранысын ескере отырып, бейімделген бағдардың бірінде оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі. (10)
Жоғары оқу орнына түспейтін оқушылар сол ауыл, өлкеге қажетті аспаз, тігінші, автожүргізуші сияқты мамандықтарды меңгереді. Бұл мектеп басшылары да дер кезінде Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясымен, оның дидактика зертханасымен шығармашылық байланыс жасады, саралап оқытатын пәндердің оқу жоспарлары, бағдарламалары аталған зертханада өңделіп, жетілдіріліп, олардың эксперименттік нәтижелері жылма-жыл талданып, қорытылды.
Оқыту үрдісіндегі жаңалықтар мұғалімдер мен оқытушылардың тәжірибесіне кеңінен енуде. Мұны мерзімді баспасөз бетінде жиі-жиі жарияланып жататын мақалалар дәлелдейді. Мәселен, "Қазақстан мектебінің" 2001 жылғы сандарында жаңа педагогикалық технологияларға қатысты он бестен астам мақала жарияланған. Онда Қ.Әбдіғалиевтің педагогикалық технология (№1), Н.Артықбаевтың топқа бөліп оқыту (№2), Ж.Төрениязованың "Шаңырақ сабағы" (N2), К.Өмірбаеваның деңгейлік тапсырмалар (№3), К.Ыбыраеваның инновациялық әдістерді қолдану (№5), 3. Бекбаеваның ақпаратгық технологияны пайдалану (№6), М.Жадринаның саралап оқытуды ұйымдастыру (№8), З.Халменова т.б. инновациялау — моделдеу нысаны, Р.Құрманбаеваның сайыс сабақ (№9), К.Қоңырбаеваның Поппердің пікір-сайыс технологиясы, К.Мамырова мен т.б. оқытудың жаңа технологиялары (№10), Ә.Тезекбаеваның жарыс сабағы (№11/12) туралы мақалалары бар. Сөйтіп байқап отырғанымыздай жеке мұғалімдер ұжымы да, жеке ұстаздар да инновациялық оқытуды, жаңа педагогикалық, ақпаратгық технологияларды қолдап, оларды өз тәжірибелеріне белсене ендіруде деп тұжырым жасауға болады.
В. П. Беспальконың қорытындысына назар аударсақ — педагогикалық технологиялар педагог-ұстаздарды біртіндеп қамтыды және бұл үрдіс қырық жылға созылып, 80 жылдардың аяқ кезінде қалыптасып болыпты . Демек педагогикалық технологиялар бірден, жаңадан пайда болған жоқ, дәстүрлі оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдіс, тәсілдерінің біразы жетілдіріліп жаңа технологиялар қатарына қосылды деген сөз. Педагог-ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің бәрі бірдей педагогикалық технологаяларды қолдамайды. (11)
В. Г. Матюнин -соңғы кезде "технология", деген терминді педагогика теориясы мен тәжірибеге ойланбай, асығыс, белсенді түрде кеңінен, тіпті күштеп ендіріп жатқанын мен іштей жаратпаймьш дейді. Ал, В. К. Дьяченко мен Г. М. Күсайынов 90 жылдарға дейінгі оқыту жүйесі мен құрылымын білімсіздерді даярлады деп кіналай келіп, білімді оқушылардың өздері алуы қажетгігін дәлелдейді. Оның басты шарты білім алу үшін барлық оқушы жеке тапсырмамен өздігінше жұмыс істеуі қажет. Бұған өтудің жолы — жұппен, топпен, сосын ұжым болып жұмыс істеуге біртіндеп көшу. Өздерінің аймағында жүздеген мұғалімдермен ойдағыдай жұмыс істеп, семинарларда баяндама жасап, осы технологияның пайдалылығын, қажеттігін жеткілікгі дәлелдегеніне қарамастан мұғалімдердің көпшілігі түрлі дәлелдер айтьш, мұндай технологиялалармен оқытуды қолдамаған .
Сөйтіп, Кеңестік дәуірде ондаған жылдар бойы үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеология білім беру жүйесіне жаңалық ендіруге, оны демократияландыруға, мұғалімнің де, оқушының да талап-тілегін, дайындық дәрежесі мен қабілетін дамытуға мүмкіндік жасамады. Мектептегі негізгі пәндерді бүкіл ел оқушылары Мәскеуден шығатын бір ғана бағдарлама, оқулықпен оқыды. Орта білім алу жастарға күштеп таңылды.
Осы және басқа да жағдайлар білімнің құнын кетірді, ұстаздың да, шәкіртгің де ынтасын төмендетті. Қазақстан тәуелсіздік алғалы біраз оң шаралар іске асқанмен оқушылардың көпшілігінің білім сапасында, олардың тәрбиелілігінде, интеллектуалды дамуыңда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Сондықтан да бұл салаға жаңалықтардың енуі қажет, бұл өмір талабы.(12).......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 14 | 11.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Технология | Модульдік технологияны сабақ барысында қолдану
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Технология | Модульдік технологияны сабақ барысында қолдану
Курстық жұмыс: Технология | Модульдік технология
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Технология | Модульдік технология
Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі кезде кең қолданылатын модулдық технология әдісі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі кезде кең қолданылатын модулдық технология әдісі
Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
Баяндама: Шетел тілі сабағында ойын элементтерінің маңызы.
Баяндамалар жинағы
Баяндама: Шетел тілі сабағында ойын элементтерінің маңызы.
Баяндама: Білім беру үрдісіндегі педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың маңызы.
Баяндамалар жинағы
Баяндама: Білім беру үрдісіндегі педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы.
Ғылыми жоба: Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жоба: Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
Қазақша реферат: Педагогика | Білім беруде озық технологияларды пайдалану
Қазақша Рефераттар жинағы
Қазақша реферат: Педагогика | Білім беруде озық технологияларды пайдалану

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстық жумыс Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстық жумыс Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работ, Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін