Курстық жұмыс: Педагогика | Білім беру парадигмалары

Курстық жұмыс: Педагогика | Білім беру парадигмалары казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Білім беру парадигмалары на казахском языке

Кіріспе
Парадигма зерттеу міндетінің шешім улгісі ретінде қабылданған теория екендігі белгілі. Жалпы парадигма дегеніміз – ғылымдағы белгілі бір тарихи кезең аралығында орын алатын мәселені қою мен шешімін табудың, зерттеу тәсілдерінің концептуалды моделі немесе сызбасы. Ғылым философиясына бұл ұғымды нормативті методологияны сипаттау мақсатымен Г.Бергман енгізіп, ғылыми революция теориясын сипаттайтын өзінің ұғым жүйесін ұсынған Т.Кунмен дамытылды. Кунның пікірі бойынша парадлгмалардың
Ауысуы ғылыми революцияны білдіреді.
Мысалы, Н.Н Ероменко келесідей парадлгмаларды бөліп көрсетеді.
― жалпы ғылымдық, қызмет түріне, білім саласына тәуелсіз қоғамдық масындалатын;
― жеке(арнайы) , білімнің әртүрлі саласына теориялық негізді қалыптастыратын және саладағы қызметте қолданылатын;
― локальді белгілі бір өркениет немесе елдің жеке прадигмаларын қолдану.
Аталған прадигмалармен қатар рефераттың келесі бөлігінде білім беру прадлгмасы мен оның түрлері толық сипатталады.
1.Білім беру парадигмасының мәні және педагогикалық өркениет кезеңдері.
«Парадигма» латын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заман педагогикасында ол білім берудің концептуалды моделі ретінде қолданылады. И.А.Колесникованың айтуы блйынша «парадлгмалардың көп түрлі болуы педагогикалық өркениетпен байланысты, сонымен қатар адамзат табиғи педагогика кезеңдерінен және репродуктивті- педагогикалық өркениетпен өтіп, препродуктивті-педагогикалық өркениетке өтіп жатыр.»
Археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және де басқа деректерге қарағанда бірінші кезеңде «педагогикалық іс-әрекет» ересек пен бала өмірінің табиғи ағымына кетті деп болжауға болады. Қоғамның әрбір мүшесі тіршілік ету үшін қажетті білім беру және алуға, біліктілікке, қытынас тәжірибесіне қатысып отырған. Уақыты бойынша табиғи педагогика алғашқы қауымға сәйкес келеді. Табиғат пен адам
Ақпараттық белгі ретінде қатысқан. Кәсіби іскерлік тәжірибесімен алмасу процесінде адамның өмір сүру салты қалыптасқан.
Қазіргі уақытта адамның табиғатты танып білуге деген өзіндік мүмкіндіктерін жасанды «тірі емес» құрылғылар басып отыр. Тұрақты түрде ақпараттық ағым күшеюде. Ғылыми техникалық прогрестің нәтижесінде ашылғанмүмкіндіктерді сақтай отырып, адам табиғатпен, басқа адамдармен өзара әрекеттіліктің табиғи арналарын өзіне қайтару қажеттілігі туындады. Осы жағдайда ғана әлеммен гармонияда болудың қажетті ақпарат мөлшері , яғни білім көлемі қайта оралуы мүмкін. Адамдардың әлеммен өзара әрекеттілікке түсінуінің түрлі әдістерін игеру мөлшеріне қарай педпгогикалық парадигмалардың қалыптасуы болған және қазір де болып жатыр. Қолданылатын парадигмалардың қай-қайсысы болса да, жақсы немесе жаман болуы мүмкін емес. Олардың әрқайсысы әлемді және педагогикалық объектілердің
қабылдауына, оның мәнінің түсіндірілуіне, оқу-тәрбиелік процестің құрылуына жауап береді.
Егер білім беруді саясаттан тыс және негізгі мәдениет контекстін ғана алатын болсақ, мәдениетке деген үш көзқарасты немесе тәсілді негізге ала оырып, білім берудің үш концептуалды моделін көрcетуге болады. Мәдениетке қолданылатын тәсілдер: құндылық(аксиологиялық), шығармашылық(қызметтік), тұлғалық. Осыларға сәйкес білім беру прадлгмалары:
1. Дәстүрлі-консервативтік. Бұл жерде «консервативті» сөзі позитивті жағында(яғни білімнің көмегімен мәдениетті тұрақтандыру, сақтап қалу) қолданылады.
2. Рационалистикалық – мәдениеттегі шығармашылық тәсілге сәйкес және адамды мәдениетке бейімдеу үшін қолданылады.
3. Феноменологиялық (гуманистік) – адамға мәдениеттің басты феномені, білім беру субьектісі ретінде қатынасу.
Яғни, біріншіден, парадигмалар білім берудің мақсаттарына байланысты, екіншіден, мектептің функциясын түсінуге, мақсатқа жету әдістеріне, педагогикалық өзара әрекет сипатына, білім берудегі оқушының орнына байланысты ажыратылады. Бұл парадигмалардың әрқайсысы білім берудің алдына сұрақтар қояды:
1. Әлеуметтік институт ретіндегі мектеп функциялары туралы;
2. Білім жүйесінің тиімділігі туралы;
3. Мектеп басымдылықтары туралы;
4. Білім берудің мақсатының қоғамдық маңыздылығы неден құралатындығы туралы;
5. Білімнің, дағдының, тәжірибенің қайсысы немесе қандай түрі құнды және қазіргі заманның білім беру жүйесі қандай болу керектігі туралы.
Жоғарыда айтылғандарға қоса, педагогикадағы парадигмалардың түрлі жүктелуі келесі білім беру парадигмаларын бөліп көрсетеді, яғни Е.А.Ямбургтың жіктеуі бойынша:
― когинтивті-ақпараттық – бұл парадигма адамзатпен жинақталған барлық білімді, дағдыны, тәжірибені максималды көлемде балаға берудің қажеттілігі туралы тұрақты көзқарастан туындайды;
― тұлғалық- бұл назар баланың интеллектуалды дамуынан эмоционалды және әлеуметтік дамуына аударылады;
― мәдениеттілік – тез өзгермелі әлемде тірі қалуға көмектесетін оңтайлы білім мен дағдының балаға керек екендігін қолдай отырып, мұғалімді негізгі міндеті-балалық тұлғасын қалыптастыруға қарай бағытталады.
― компоненттілік – бұл парадигма когнитивті-ақпараттықтан туындайды, бірақ одан айырмашылығы – ол практикалық бейімделуді күшейтеді, мобильді, дағдылы етуді, оның тек фактілер жинағының иесі ғана емес, сол фактіні алудың әдістері мен технологиясының иесі ретінде де қалыптасуына дайындауға ұмтылады.
2. Білім беру парадигмаларының түрлері және оның сипаттамалары.
2.1. Экзотерикалық педагогика – біздің планетамыздағы ең көне білім беру парадигмасы, грек тілінен аударғанда «экзотерикалық» деген сөз құпия, жасырын тек арнайы адамдарға арналған (діни, сиқырлы, мистикалық) ұғымдарын білдіреді. Оның мәні – мәңгілік және өзгеріссіз ретінде болатын ақиқатқа қатынас. Педагогикалық іс-әрекеттің жоғыры мағынасы щқушының ғарышпен байланысына қажетті табиғи күшті босату және дамыту, сонымен қатар оқушының өте терең біліміне керекті табиғи күшті дамыту. Батыс пен шығыстың ойлау тәсілдерін салыстыра келе, эзотерикалық білімнің өкілі Раджими былай айтқан:
««Логика» деп аталатын батыс тәсілі ақиқатты ойлау арқылы зерттейді. Ал біздің «тәжірибе» немесе «даналық» деп аталатын жолымыз барлық заттарды бір ретте ашады, найзағайдың сәулесі сияқты, нәтижесінде ақиқат сол күнінде шығады».
Бұл парадигма бойынша, оқу-ақиқатқа апаратын жол, оны оқу мүмкін емес, оған тек қосылуға болады. Осыдан педагогикалық процесс – ғылыми-технократтық парадигмадағыдай хабар емес, гуманитарлық парадигмадағы сияқты қарым-қатынас емес , бірақ ақиқатқа жақындау, оның нәтижесінде «сезіну-күш» түсінігі туындайды. Бұл парадигмада адамның өзі әлеммен ақпараттық өзара әрекеттің негізгі органы болып шығады. Мұндай логика оқушымен жұмыстың ғылыми көзқарас динамикасын немесе бөлек білімді қарастырмайды. Мұнда тәжірибе, жағдай, уайымдау динамикасы басымдылық көрсетеді. Оқушыны табу мен іздеу, дайындау циклі адамның ішкі табиғатын қайта құрудың ұзақ мерзімді жұмысы. Эзотерикалық дайындауда шыңдау, айтқанды орындау сайысы міндетті болып келеді, бұл кезеңде оқушы үндемей, сұрақ қоймай, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға міндетті.
Бұл парадигмада бағалау аспектісі «жойылады», себебі бағалау обьектісі болмайды – тұлға. Ол – біртұтастың бір бөлігі ретінде ғана шығады.
Экзоретикалық парадигма өркениеттерге белгілі болған: Египет, Вавилон, Индия, Америкаға. Пифагор, Тибет ламасы, проваславтық әулие мектептері осы парадигмаға негізделсе, рухани дәстүрді алып жүрушілер эзотерикалық механиканы игере білген деп көрсетіледі.
Дәстүрлі-консервативтік (білімдік) парадигмаға тоқтасақ, бұл өз негізінде үш постулаты бар парадигма:
Бірінші постулат – білім берудің негізінде базалық білім және сәйкес дағды мен оқу әдістері, біліктер болуы керек;
Екінші постулат – білім берудің мазмұнын нағыз маңызды және қажетті білімдер құрау керек. Білім беру жүйесі академиялық сипатта болады, ғылымның базалық салаларына бағытталуы қажет.
Үшіншісі – гуманистикалық , мұнда баса назарды этикалық, яғни жалпы адамзаттық құндылықтарға аудару қажет.
Бұл парадигма негізінде «жинақтау» идеясы, яғни мектептің «жинақтаушы», консервативтік идеясы жатыр. Оның мақсаты болып жас ұрпаққа мәдени мұраны , идеалды және құндылықтарды (олардың индивидуалды дамуы мен әлеуметтік тәртіпті сақауы үшін нлес қосатын ) беру мен оны сақтау табылады. Сондықтан мектеп бағдарламаларының мазмұны базалық, уақытпен сыналған білімдерден , дағдылардан тұруы қажет, ол балаға функционалдық сауаттылық пен әлеуметтік қасиет береді. Бұл академиялық бағыт мектепті өмірмен байланыстырмайды.
Кеңес өкіметі кезінде осындай білім беру жүйесі пайдаланылған, бұл парадигманың шешімділігі анық болды: өткен ғасырдың 50-ші жылдары кеңес жастарының интеллекуалдық деңгейі әлем бойынша 2 – 3 орында болған.
2.2. Технократтық парадигманың негізінде тәжірибемен
тексерілген, ғылыми негізделген біліммен дәлелденген ақиқат туралы көзқарас жатыр. Бұл типтегі оқытушының ұстанымы «Білім-күш» деген ұғым, ал ақиқаттылық критериі болып практика табылады. Бұл парадигма жағдайында оқу-тәрбиелік процесстің нәтижесі «иә-жоқ», «біледі- білмейді», тәрбиелә-тәрбиесіз», «игерген-игермеген» деген жүйеде бағалануы мүмкін. Мұнда дайындық, білімділік, тәрбиелік деңгейіне салыстыратын эталон, идеал, норматив болады.
Қарастырылып отырған парадигмадағы философиялық-педагогикалық сезіну деңгейіндегі «ғылым мен білімге махаббат» негізгі орын алады. Ал балаға деген махаббат артық саналып, этикаға сәйкес сыйластық пен танымдылық оның орнын басады деп саналған. Бұл парадигмаға сәйкес оқушы мен ұстаздың еркіндіктері қабылданған стандарттар мен нормативтер шегінде ғана болады. Айтарлықтай теңдік болмайды, себебі барлық уақытша сол параметрлер (жоғарыда айтылған) бйынша барлығы бір-бірімен салыстырылады.
Ғылыми-технократтық парадигма алғашында ізденіс мүмкіндіктерінің еңдігіне деген сенімділік логикасына сәйкес құрылған болатын.
Осыдан әлемдік педагогикалық мәдениеттегі түрлі сынаулар, білім беру стандарттары туындады. Технократтық логика шеңберіндегі өзара қарым-қатынасты реттеу нормалары сыртқы заңдар аясында жатыр, қатысушыны бағалауға қатысты позицияға жауапкершілік жүгін оқытушыдан белгілі бір дейгейде алып, ал оқушыдан білімнің сапасына деген жауапкершілік алып жасатады.
Алайда бұл парадигма индивидтің мүмкіндіктеріне сенімсіздік негізінде құрылғанымен, адамзат оған көптеген өнімді педагогикалық технологиялары және жұмыстың қызықты түрлері үшін міндетті. Оған трафаратпен жазу, бағдарламалау, компьютерлік ойындар тағы да басқалары, яғни күрделі педагогикалық процесті реттеуге, бағалауға, кері байланысты орнатуға көмектесетіндер жатады.
Білім беру парадигмаларының келесібір түрі – бихевнористік (рационалистік, тәртіптік) , оның негізінде білім немесе мәдениет емес, психологиялық бейімделу – бихевноризм жатыр. Бихевноризм – адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясын қарастыратын, тәртіптің психологиялық теорисы: стимул – реакция. Бұл теориямен мектептің рационалдық моделі байланысты, модель мектепті – ортаға бейімделудің білім беру механизмі ретінде қарастырады. Білім берудің басты принципі – процестің сыртқы шарттарын реттеу және оған қатысушылардың кері жауабын реттеу болып табылады. Бұл парадигма мектепті оқушының тиімді тәртібін қалыптастыру мақсатымен білім алу жолы деп қарастырып, ұстанымы келесідей болыды: «Мектеп – фабрика, ол үшін оқушы - «шикізат»»....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Білім беру парадигмалары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Білім беру парадигмалары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмы, Курстық жұмыс: Педагогика | Білім беру парадигмалары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін