Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................2-4
І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі
1.1. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру....................................5-12
1.2. Жеке пәндерді оқыту процесінде балалардың дүниетанымын қалыптастыру............................................................................................................13-16
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі
2.1. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарымен оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру............................................................................................................17-37
2.2. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі............................38-41
Қорытынды..................................................................................................................42
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................43-44

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім беру, ХХІ ғасырда – халықаралық даму кезеңіне сай, бәсекеге лайықты, барынша білімді, білікті жас маманды даярлау межеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық «білім негізі - бастауышта» деген тағылымды ойды орынды айтады.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы. Мектеп, ата-ана шәкірттердің – балаларымыздың, болашағымыздың саналы, мейірімді болуын ойластырып, келесі түйінді тұжырымдарды ұсынады:
- бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді;
- баға құнды емес, бала құнды;
- ұстаз қызметінің мақсаты - өз пәнін жақсы үйретуден гөрі, адам есебінде өзін-өзі тануы, келесі кезекте дүниені тануы;
- мұғалімнің өзінің сабағын білуі жеткіліксіз, бала жанын ұғуы міндет, келесі дүниетанымын, сенімін молайту;
- әр баланың өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырын ойлан, дұрыс шеш, дүниетанымын арттыр, дүниеге көзқарасын білуге ұмтыл, дұрыс бағыт беріңіз;
- баланың ықыласын оят, қолынан іс келетіндігіне сендір, дүниетанымын молайт;
- мұғалімнің сөзі мен ісі жаманды емес, шынайы болуы қажет, бәрі оның дүниетанымына байланысты;
- шәкірттің кемшілігін іздеме, оның артықшылығын тап, дүниетанымын жетілдір;
- балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің ойла, дүниетанымын түсін, зерделе;
- көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа, сеніп айтқан сырын шашпа, мүмкін болса, сендіру амалын жаса, дүниетанымын қалыптастыр;
- сабақ үстіндегі тыныштықты іздесең бәріне бірдей қара, жұмыс бер, дүниетанымының өзі көрсетсін;
- қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста, дүниетанымына баса назар аударыңыз;
- баланы сабақтың кейіпері ете біл, сонда дүниетанымы жетіледі;
- әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны сол үшін де сыйлауға болады.
Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесін жасаудың маңыздылығы шәкірт саналы болып қалыптасуына негіз қаланады, сапалы білім алуға ынта-ықыласын арттыра түседі.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесін ойластыру және оның талдамасын жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесінің оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру мәнін анықтау.
2. Педагогикалық шарттарды анықтау.
3. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесіне талдама жасау.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі дүниетаным пәнін оқыту.
Зерттеу әдістемесі:
- педагогикалық бақылау;
- дүниетаным пәнін, бастауыштың басқа пәндерін оқыту мәселелері, жаратылыстану пәндерін оқыту ерекшеліктері;
- педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, озық тәжірибелерді қорытындылау;
- педагогикалық эксперимент.
Бітіру жұмысы: кіріспеден, 2 тараудан, әрбір тарау екі тақырыпты қарастырудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Жұмысты жинақтау, зерттеулерде психология, педагогика, дүниетануды оқытуға қатысты соңғы жылдардағы әдебиеттер, оқу-әдістемелік зерттеу еңбектеріне шолу жасау, жарияланған материалдарды ой елегінен өткізу, ең озық тәжірибелерге негіздеме жасауға арналды.
І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі
1.1. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу, білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып дүниетанымын, наным, сенімін қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты.
Ғылыми көзқарас, дүниетаным жеке адамға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіндік береді, сонымен қатар оған объективті баға беруге мүмкіншілік жасайды. Осының бәрі дүниетанымның қажетті қызметі бағыттаушылық, хабарлау, айқындау, бағалаушылық /ориентационная, информационно-отражательная и оценочная/. Мұндай сапасы арқылы ол көптеген көрсеткіштің маңызды цементтеуші жүрек жарды негіздері идеялық, ғылыми және адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастырып, ынтасын, күресте мұқалмауын қоғамның гуманитарлық идеалын жүзеге асыру үшін күреседі.
Тарихта мұндай /сынбайтын/ иілмейтін, тұрақтылығымен белгілі адамдар бар.
Италияның ұлы ғалымы Галилео Галилей /1564-1642/ - «А все же она вертится...» - «Бәрі бір ол айналады» деген көзқарасынан қайтпаса, Поляктың аса көрнекті астрономы Николай Коперник /1474-1543/ өзінің гелиоцентристік идеясынан қуғын-сүргін мен қорлауға қарамай бас тартпаған. Бұған орыс демократы Н.Г. Чернышевскийді, Отан соғысының қаһарманы Д.М. Карбышевтің табандылығын қосуға болады.
Халқымыздың күрескер ұлдары Кенесары, Махамбет пен Исатай бастаған азаттық қозғалысы, желтоқсанның /1986/ қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі, отан қорғау соғысында Бауыржан Момышұлының, қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ерліктері бүгінгі және болашақ жастарға үлгі-өнеге боларлық тағылымдар.
Дүниетаным адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өміріне, табиғатқа, өміріне көзқарасы және сенімі. Адамның өмірлік поэзиясының, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекетінің тірегі, көрсеткіші. Сондықтан оны қоғам құрметтеп, зор баға береді.
Дүниетаным деген сөздің маңызына көз жіберсек, оның адам мінездемесінде атқаратын негізгі /роліне/ орнына маңыз бере қарасақ, оның лексикалық құрылымына көңіл аударсақ та жеткілікті. Ол екі сөзден түзілген: дүние және таным /мир и соззрение/. Осыны ой елегінен өткізсек, дүниетаным адамның санасының өзінше ерекше түрі, қоршаған ортаға оның көзқарасы, дүние және сол дүниеден оның алатын орны.
Осыған орай ғылыми дүниетанымның, құрылымдық компаненттерінің төрт түрінің бар екенін ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетеді. Олар: ғылыми білім жүйесі, сенім, адам мұраты, дүниетану.
Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттың және қоғам құбылыстарыңың объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады. Ғылыми білім адамды қалыптастырудың және дүниені танып білуінің үлкен тірегі. Ғылыми білім арқылы қабылдаудың нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына сеніміне айналады. Сондықтан жеке адамға қаратып айтылған ескертпе сөздерде сенімінде ғылыми база болсын дейтін пікір кездеседі.
Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп, байымдау арқылы, ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге дейін екі ұдайы пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе, екіншісі адамды жаратушы Алла /Құдай/ деген тұжырым жасайды - мұны діни пікір дейді.
Сенім терең, тиянақты ойланып қортылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның. Бойына нық орнап, қалыптасқан өмірлік позициясы, оның беріктігін айқындайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идеялардың ішінен адам сенімін тауып алу, шындықты терең танудың жгізі, соны берік үстау.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адамның жоғары мұрат-мақсаттары, өмірде ілгері ұмтылушылық, талаптанушылығы. Біздің бүгінгі жағдайда әлеуметті өмір қажеттілігін, жеке бастың өз мүмкіншілігін айкын сезініп әрекет арқылы алдына койған биік мақсатқа кол жеткізуі.
Дүниетанымының қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына әр түрлі факторлар микроорта мен тәрбие, ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Әрине әр адамның өмірге өз көзқарасы болады, ол оның табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасы арқылы көрінеді. Оның сапалығы өмірлік тәжірбиесі мен ғылыми әзірлігіне байланысты бағаланады.
Дүниетанымдылық білімін оқушылар дене және ақыл күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игеріледі. К.Д. Ушинский " Әрбір сынып ең төменгі сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек, әр жыл сайын бұл көзқарас тереңдетіліуі, кеңейтіліп толықтырылуы тиіс", -деп жазады.
Бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалар кандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керек?
Оқыту мен тәрбие барысында әр кезеңге байланысты білім берудің мазмұны, тереңдігі оларды оқушыларға түсіндіру, оқу, тәрбие бағдарламаларында белгіленген. Онда оқушылардың жас ерекшілігі және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынған.
Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғат құбылыстары, адамның
табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріне олардың алатын орны туралы
ғылыми білімнің бастапқы негізгілерін игереді. Олар Отан,
халықтар достығы т.б. мәселелерді түсінеді.
Сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу процесінде дамиды. Сонымен бірге, еңбек оған көзқарастары қалыптасады, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Оқытудың өмірімен байланысы қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңіп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Өздеріне және басқа адамдарға талап қоя білуге, әділетті, адал болуға тырысады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйрену керек.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сиякты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскілерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.
Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірбие жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдыльщ көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамасыз етеді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар педагогика жобалар к, Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін