Менеджмент | Акционерлік қоғам Балхаш энерго ГЭС инвестициялық жобасын бағалау

 Менеджмент | Акционерлік қоғам Балхаш энерго ГЭС инвестициялық жобасын бағалау

Мазмұны

Кіріспе
1. Қаржылық инвестициялар туралы теориялық ұғым.
1.1 Инвестицияның маңызы және оларды жіктеу.
1.2 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.
2. Нақтылы инвестициялық мысалдарды бағалау.
2.1 ЖШС « Аквадон» инвестициялық жобасы.
2.2 Акционерлік қоғам « Балхаш – энерго ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.
3. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

1. Қаржылық инвестициялар туралы теориялық ұғым.
1.1 Инвестицияның маңызы және оларды жіктеу.
Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды өрісінің бірі-инвестициялық әрекет болып есептеледі.
Кәсіпорындардың қаржы ресурстары-ағымдағы шығындарды-қаржыландыруға және инвестициялауға бағытталады.
Инвестиция-бұл ақша қаражаты, бағалы қағаздар, басқадай мүліктер, оның ішінде мүлікке иелік ету және тағы басқа белгілі бір пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік объектіге салу.
Инвестиция фирмалардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар: қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік кәсіпкерлік әрекетті кеңейтеді, жаңа кәсіпорынды сатып алады,бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрекеттерін әртараптандырады.
Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлері бар.
Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және қызмет көрсетуге байланысты нақтылы активкеьақша қаражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция негізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта техникалық жағынан қарулануына немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.
Қаржы инвестициясы пайда табу мақсатымен-құнды қағаздар түріндегі активтерді алу. Бұл салымдар құнды қағаздар портфелін қалыптастыруға бағытталады.
Венчурлық инвыстиция-жаңа технологияға шағын фирмалардың жаңартпашылықтарын қаржыландыру қажетті тәуекел капиталды салуын айтады.
Аннуитет-инвесторға белгілі бір уақытта тұрақты табыс әкелуші инвестиция. Бұлар негізінен сақтандыру және зейнетақылық қорға қаржы салу.
Қысқы мерзімді инвестициялар-ақша қаражаттарын бір жылға дейінгі мерзімге салу.Әлбетте фирмалардың, кәсіпорындардың қаржы инвестиция қысқа мерзімді болып есептелінеді.
Инвестициялық әрекеттің субъектілері.
Инвестиялық әрекеттің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмыс орындаушылар, инвестициялық объектілерді пайдаланушылар, жабдықтаушылар, әртүрлі кәсіпкерлікпен айналысушы-банктер, сақтандыру және ортақолдық ұйымдар есептелінеді.Инвестициялық әрекеттің субъектілері болып жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет және халықаралық ұйымдар есептелінеді.

1-сызба. Инвестициялық әрекеттің объектілері.
Мүлікке қақы
Қалыптастырылған және жаңартылған негізгі құралдар
Басқадай меншіктік объектілер
Бағалы қағаздар
Мақсатты ақша салымдары
Ғылыми-техникалық өнімдер
Интеллектуалды меншікке қақы
Инвестициялық әрекеттің объектілері
Инвестициялық әрекеттің негізгі субъектісі-инвестор.Ол меншік, қарыз және қатыстырылған қаражаттарды инвестиция түрінде жұмсауды асырады.
Негізгі шаруашылық әрекетінің бағытына инвесторларды жеке және инстетутционалды инвесторларға бөледі. Жеке инвестор-негізгі өндіріс шаруашылық әрекеттің дамуына инвестиция түрінде салым салушы жеке және заңды тұлға. Инстетутционалды инвестор-жеке инвесторлар қаражатын жинақтап, инвестициялық әрекет жасайтын қаржы ортақолдықтар. Инстетутционалды инвесторларды әлбетте құнды қағаздар операцияларымен мамандандырылған инвестиционалды компаниялардың инвестициялық қорларды жатқызуға болады.
Барлық инвесторлар:
- кез-келген түрдегі инвестициялық әрекет жасаумен инвестицияланатын объектіні иемдене пайдалануға, өнім жасауға.
- Инвестицияның көлемін және бағытын өз еркімен анықтауға болады.
- Инвестициялық әрекетке келісім бойынша басқа объектілерді қатыстыруға.
- Инвестициялық қаражаттың мақсаты жұмсау, бақылау жасауға және тағы басқа тең құқықты.
Инвестициялық әрекеттің келесі субъектісі тапсырыс беруші. Тапсырыс берушілерге инвестициялық жобаларды іске асырушы, бірақта кәсіпкерлік әрекетті араласпайтын инвестормен уәкіл етілген жеке және заңды тұлғалар жатады.
Мердігерлер болып тапсырыс берушімен келісілген жұмыс атқарушы жеке және заңды тұлғалар есептелінеді. Мердігерлердің әртүрлі әрекетте жұмыс істеуіне құқықты лицензиясы болуы керек. Инвестициялық объектілерін пайданушыларға кіретіндер: инвесторлар, жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік ұйымдар. Инвестициялық әрекеттің субъектілері практика жүзінде қаржы салымдарын іске асыруды орындаушы инвестициялық салада жұмыс істейді.
Инвестициялық салаға жатындар: өндірістік және өндіріске жатпайтын негізгі құралдарға инвестиция салынатын, күрделі құрлыс саласы.
Жаңартпашылық салаға-ғылыми-техникалық бөлімдерді және парасатты әлуетті іске асыруда жатқызады.
Қаржы капиталының айналым саласына: ақша, қарыз және әртүрлі түрдегі қаржы міндеттемелері жатады.
Субъектілердің инвестициялық әрекеттері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, "Құнды қағаздар нарығы туралы" және "Қазақстан Республикасының инвестициялық әрекеті" туралы заңдарымен реттеледі. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекет меншік түріне қарамай инвестицияны қорғауға кепілдік береді.
Инвестицияны басқару.
Инвестицияны басқаруға қатысатындар:
- инвестициялық әрекеттің мемлекеттік деңгейде басқару, сол арқылы инвестициялық әрекетті реттеу, бақылау, ынталандыру.
- Жекелеген инвестициялық жобаларды басқару. Ол жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды қоса басқарып, инвестициялық жобаны қазіргі жүйе әдістерін және техникаларды басқаруды қарайды.
- Жекелеген шаруашылық етуші субъекті-кәсіпкерлік етуші фирманың инвестициялық әрекетін басқару-инвестициялық объектіні таңтауды, инвестициялық процестің жайын бақылауды басқарады.
Фирмалар бойынша инвестициялық әрекетті басқару ең тиімді капитал салымын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты инвестицияны басқару бірнеше кезеңдерден тұрады, олардың негізгілері:
2-сызба. Негізгі белгілері бойынша инвестицияны жіктеу.

Инвестицияның түрлері
Инвестицияланатын капиталды объектілерге салу
Нақтылы
Қаржы
Инвестициялау кезеңі бойынш
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Кәсіпорыдардың инвестициялық процеске қатысу сипатына байланысты
Тура
Жанама
Инвестицияланатын капиталдың меншіктілік түріне байланысты
Меншік
Мемлекеттік
Аралас
1-кезең. Кәсіпорын деңгейінде инвестицияны басқару елдегі инвестициялық климатқа талдау жасау. Ол өзіне келесі болжауларды зерттейді:
-ішкі жалпы өнімдер серпіні, ұлттық табыс және өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі.
- Ұлттық табысты тарату серпіні жекешелендірілген процесінің дамуы.
- Инвестициялық әрекетті мемлекеттік заң арқылы реттеу.
-жекелеген инвестициялық нарықтардың дамуы, ақша және қор қарқынның ерекшелігі.
2-кезең. Фирмалардың экономикалық және қаржылық дамуының стратегиясына байланысты нақтылы инвестициялық бағытты таңдау. Бұл кезеңде фирма өзінің салалық бағытының инвестициялық әрекетін анықтайды. Бұл үшін жекелеген салалардың инвестициялық тартымдылығы-олардың коньюнктурасы, серпіні және осы салалардың өнімдеріне сұраныстың болашағы зерттелінеді.
Салалар экономикасының инвестициялық тартымдылығы үш бөлімнен тұратын индустриалдық талдау барысына қарай бағаланады:
-саланың өмірлік кезеңін анықтау
-саланы іскерлік кезеңіне қарай анықтау
-сапалы талдау және саланың болашақ дамуына болжау жасау.
Саланың даму кезеңдері:
1. пионерлік саты, өнімдерді сату көлемінің өсуімен және пайданың өсуімен, тәуекелдік және бәсекелестік деңгейінің жоғарғы деңгейімен сипатталады.
2. Кеңею сатысы, оның негізгі сипаты-сату көлемі өсу бір деңгейде, бағаның өсуі тоқтайды немесе аздап кемиді, инвестицияны қатыстыру қарқындайды, машина, жабдықтарды салу шығыны, жоғары төленетін девиденттің өсуімен сипатталады.
3. Тұрақтану сатысы-сату және пайда табу қарқыны азаяды, өнімдерді жаңғырту аяқталады, ассортимент тұрақталынады, күрделі шығындардың өсуі тоқталады және олардың кемуі байқалады.
4. Өшу сатысы-саладағы компаниялардың азаюымен сипатталынады, соған байланысты пайда, сату және күрделі қаржы мөлшері келмейді.
Инвесторларға ең дұрысы капиталды салалардың даму сатысындағы обектілеріне салған тиімді.
Көрсетілген материалдар негізінде көрсетілген саланың кәсіпорынына болашақ қаржы салу туралы шешім қабылданады.
Саланың инвестициялық тартымдылығы бағалаудың негізгі көрсеткіші пайдаланған активтердің пайдасының деңгейі ол екі вариантта есептелінеді:
- Активтердің жалпы соммасына есептеген өнімдерді сатудан түскен пайда.
- Баланстық пайда.
Саланың инвестициялық тартымдылығын бағалаудан басқа, инвестицияны басқару процесінде аймақтардың да инвестициялық тартымдылығын бағалайды, өйткені бір саланың кәсіпорындары әртүрлі аймақтарда орналасуы мүмкін. Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы төмендегі факторлармен қалыптасады: орналасу орны, көлік желісінің дамуы, әлеуметтік жағдайдың сипаты, кәсіпкерлік инфрақұрылымының дамуы, табиғат-климаттың жағдайлы ресурстардың жеткіліктігі және тағы басқа.
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығын бағалау әртүрлі маңызды факторларды орташа аймақтық көрсеткіштерін орташа республикалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықтайды.
Алынған нәтижелер негізінде кәсіпкерлікпен айналысатын фирма нақтылы инвестицияны таңдау шешім қабылдайды.
3-кезең. Инвестицияның өтімділігін анықтау.
Инвестициялық әрекетті орындау процесінде кәсіпкерлік етуші фирманың-жекелеген инвестицияның объектісінің инвестиция климатының өзгеруінәтижесінен күткен табысқа әсерін есепке алу керек. Сондықтан болатын құбылыстарды мұқият байқай отырып, уақытында жекелеген инвестициялық бағдарлаиада шығу туралы шешім қабылдаған жөн. Осындай болатын жағдайды есепке ала отырып, әрбір инвестицияланатын объект бойынша инвестицияның өтімділік деңгейін бағалау керек, оның ішінде алдыменен барынша өтімділігі жоғары бағдарламаға жол беріледі.
Инвестицияны басқарудың маңызды 4 кезеңі- инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қалыптастыру көзін іздеу. Осы кезеңде кәсіпкерлік етуші фирма жоспарланған бағыт бойынша инвестициялық ресурстарды болжамдайды. Қажетті инвестициялық ресурстарға сай оны қалыптастыру көздері анықталады. Меншік қаржы қаражаттары жетіспеген жағдайда қарыз қаражаттарын қатыстыруға шешім қабылданады.
Жоғарыда айтылған шараларды орындау нәтижесінде инвестициялық портфель қалыптастырылады.
Инвестицияны басқарудың қортынды 5 кезеңі-инвестициялық тәуекелдікті басқару. Бұл кезеңде алдыменен фирманың барлық инвестицияланған объектілері бойынша кездесетін тәуекелдікті анықтайды, соңынан инвестициялық тәуекелдікті азайту үшін шаралар жасалынады.
Инвестициялық әрекетті орындау көздері.
Фирмалардың инвестициялық әрекеттерін орындау көздері болып есептелетіндер:
- Инвестордың меншік қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтері, шаруашылық ету әрекетінен түскен пайда, амортизациялық төлем, сақтандыру компаниясына төленген қаражат және тағы басқа.
- Инвестордың қарызға алған қаржы қаражаттары, оларға жататындар: банк несиесі, бюджет несиесі және тағы басқа.
- Инвестордың қатыстырған қаржы қаражаттары: акцияларды сатудан, пай-жарнасы, фирма қызметкерлерінің басқадай жарналары мен төлемдері.
- Мемлекет бюджетінен инвестициялық қаржы бөлу (аймақтың, салалық мақсатты бағдарламаларға).
- Шет ел инвесторларының қаражаттарының бірлескен кәсіпорындардың жарғы капиталдың қатысуы және тағы басқа.
Шет ел инвесторларын қатыстыру халықаралық экономикалық байланысты дамытады және ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізуге әсер етеді.
Фирма өз инвестициялық әрекетін қаржыландыруына байланысты, үш негізгі инвестициялық қаржыландыру түріне бөледі:
- Өзін-өзі қаржыландыру
- Несиелік қаржыландыру
- Үлестік немесе аралас қаржыландыру
Өзін-өзі қаржыландыру - фирманың инвестициялық әрекетті толығымен меншік қаржы ресурстары арқылы қаржыландыруын айтады, қаржы ресурстары фирманың ішкі көздері арқылы қалыптастырылады. Мұндай қаржыландыру түрі әлбетті қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды орындауда қолданылып, оның рентабельдік мөлшері онша жоғары болмайды.
Несиелік қаржыландыру - қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды орындауда қолданылып, инвестицияның рентабельдік мөлшері өте жоғары болады. Бұл қарыз капиталының ерекшелігі, алдын-ала келісілген жағдайға байланысты, несиені қатыстыру керек.
Үлестік қаржыландыру - қаржыландыру бірнеше көздерінің құрамдастыруын қарастырады. Инвестициялық әрекетте бұл ең көп тараған түрі.
Нақты инвестицияның маңызы.
Нақтылы инвестициялау процесі бірнеше кезеңге және сатылар арқылы орындалады. Халықаралық практикада бұл процесс үш негізгі кезең арқылы орындалады:
- Инвестициялауға дейінгі кезең – бұл жайда нақтылы инвестициялық жоба таңдалынады және оны бағалайды.
- Инвестициялау кезеңі – нақтылы инвестициялық жобаны іске асырумен болады.
- Постинвестициялық кезең- инвестицияланған объектіні пайдалану кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі кезең, нақтылы инвестициялау процесінің негізін құрайды, осы кезеңде альтернативті инвестициялық шешімдер жасалынады, инвестициялық жоба дайындалады. Өз кезегінде бұл кезең төрт сатыдан тұрады: инвестициялық идеяны іздеу сатысы, инвестициялық жобаны алдынала дайындау сатысы, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық тартымдылығын бағалау сатысы, инвестициялық жобаны қабылдауға ақырғы шешім қабылдау.
Нақтысында, нақтылы инвестициялау процесін орындау үшін алдыменен инвестициялайтын объектіні анықтау қажет. Соңынан инвестициялық идеяны орындаудың барлық аспектісін қарау қажет және инвестициялық жобаны жасау қажет. Ол бизнес-жоспар түрінде орындалады.
Нақтылы инвестициялауды орындау процессі инвестициялық идеяны іздеуден және таңдаудан басталады. Алдыменен кәсіпқой фирма өзінің даму мақсатына байланысты инвестициялық идеяны іздеудің шекарасын белгілейді. Нақтылы инвестицияның орындалуы туралы шешім фирманың келесі мақсатын белгілеу негізінде шешіледі:
- Өндіретін тауар үшін немесе қызмет көрсету үшін нарықтағы үлесті сақтау немесе өсіру
- Жаңа тауарларды шығарудың қажеттігі.
- Фирманың жақсы атаған қалыптастыру және ұстап тұру.
- Фирманың ресурстарын барынша пайдалану.
Бұл аталғандардан басқа кәсіпкерлік фирманың инвестициялық идеяны анықтауда нақты инвестиция саласында жинақталған тәжірибені, өз әрекетін салалық бағытын, фирма қызметкерлерінің біліктілік инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарының барлық және басқадай факторларды есепке алады.
Инвестициялық идеяны таңдау халықаралық практикада қолданылған сыныптамаларға негізделген болады. Бұл сынаптамалар өзіне келесі мүмкіншілікті қосады:
- Қайта өндеуге және өндіріске пайдалануға жарайтын пайдалы жер асты байлықтары және табыс ресурстардың барлығы.
- Демографиялық немесе әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен нарықта жаңа тауарларға сұраныстың өзгеруі.
- Импорттың көлемі және құрылымының импорттың орнын басушы өндірісті жасауға бағытталған проектісін жасауға әсер етуі.
- Басқа елдердегі өндіріс құрылымының беталысы және тәжірибесі.
- Тұтынушы-салаларда өндірісті ұлғайту жоспарлау жөнінде немесе дүниежүзілік нарықта өндірілген өнімдерге сұраныстың өсуі жөніндегі ақпарат.
- Өндірісті әртараптандыру мүмкіншілігі.
- Жалпылама өнімдерді шығаруда өзіндік құнын азайту үшін, өндіріс көлемін ұлғайтудың қажеттігі.
- Жалпы экономикалық жағдай.
Әрине, аталған мүмкіншіліктер негізінде кәсіпорын,фирма өте іріленген инвестициялық проектінің идеясын құрауы мүмкін, яғни нақтылы инвестицияны орналастыру бағытын таңдайды. Егерде таңдалған тұжырымдама фирманың алдына қойған мақсатына сәйкес келсе фирманың басшылары қабылдаса, тұжырымдама жасалынады, оған қажетті қосымша ақпараттар жиналады және талдаулар жасалынады.
Инвестициялық жобаны жасау.
Инвестициялық жоба – күрделі қаржы салымдарының көлемін және мерзімін анықтауға жасалатын экономикалық негіздеме, оның ішінде қажетті жобалық-сметалық құжаттар, сондай-ақ инвестициялық жобаның орындалуы жөніндегі практикалық әрекеттің мазмұны (бизнес-жоспар).
Нақтылы инвестициялаудың белгілі түріне байланысты фирма жасалынатын инвестициялық жобаға қойылатын талаптарды қалыптастырады.
Инвестициялаудың бұндай түрі үшін, жабдықтарды ауыстыру немесе түрлерін алу, яғни ірі қаржы салымын талап етпейтін инвестициялау түрі фирманың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады,бұл жайда инвестициялық жоба ішкі құжат болып есептелінеді. Жоба қысқартылған бөлімдерден және көрсеткіштерден құрастырылады, бірақта міндетті түрде инвестициялық проектінің мақсаты, оның негізгі параметрлері, қажетті қаржы ресурстарының көлемі, сондай-ақ инвестициялық жобаның тиімділігі және оның орындалуының календарлық мерзімі қаралады.
Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:
1. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.
2. Жобаның негізгі идеясы.
3. Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.
4. Инвестициялық жобаны орындау процесіне қажетті материалдық ресурстардың еөлемін негіздеу.
5. Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама.
6. Жобаның тұрған жері.
7. Басқаруды ұйымдастыру.
8. Қажетті еңбек ресурстары.
9. Жобаның орындалу кестесі.
10. Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.
Кезкелген инвестициялық жоба алдымен қысқаша сипаттау берумен басталады, өйткені.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі