Артық қимылсыз қалай калория кетіруге болады? » ZHARAR © 2016 | арықтау жаттығулары, артық салмақ, арықтау, арықтау үшін кеңестер, арыктау жолдары казакша, арыктау туралы кенес, арықтаудың оңай жолы, артық салмақтан қалай құтылуға болады, Артық қимылсыз қалай калория кетіруге болады




  • »

Артық қимылсыз қалай калория кетіруге болады?

Артық қимылсыз қалай калория кетіруге болады? казакша Артық қимылсыз қалай калория кетіруге болады? на казахском языке

Адам ағзасы — қиын әрі ақылды нәрсе. Біле бермес тың іс-әрекетке де ие. Ол жайлы ойламаған кезде де энергия бөліп, жұмыс істейді. Ең қызығы, сол кезде калория жоғалады. Ендеше, неге көңілге қонымды істің пайдасын көрмеске?

Калория кетірудің жолы көп. Әрине, әрдайым дене жаттығуымен жасап, спортпен айналысқымыз келеді-ақ. Уақыт, жұмыс, жалқаулық... Уайымдамаңыз, басқа да әдістермен де калория кетіру тәсілі бар. Ағзаның бізге берген мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз.

ҰЙҚЫ

Естімеген елде көп. Ұйқының да денсаулыққа пайдасы бар екенін естідіңіз бе? Бұл алдамшы емес, алайда, күні-түні ұйықтап, арықтап кету деген түсінік жоқ. Алайда, 1 сағат артық ұйқыдан адам 60 ккал жоғалтады екен.

ЖАТТЫҒУ

Таңғы жаттығудың өзгелерден орны ерек. Бір сағат ішінде ол 300 ккал кетіруге көмектеседі деседі. Десе де, жоғарыда айтылған әдіс қолайлы болып табылуы мүмкін. Бірақ, денсаулыққа қайсысы пайдалырақ, ойланып көріңіз?

ШАШТЫ СӘНДЕУ

Мүмкін шаш сәндеу сізге ұнар, бәлкім, ұнамас. Дегенмен, мынаны біле жүріңіз: шаш сәндеуге кеткен бір сағат 140 ккал кетіреді. Көп емес, әрине, бірақ, көмегі бар.

КОМПЬЮТЕР АЛДЫНДА ОТЫРУ

Кейде, бүкіл күнін компьютер алдында өтетін тәрізді. Жұмыс, сабақ, әлеуметтік желілер, хат және тағы басқа... Қайдағы калория кетіру деп налитының да рас... Сіздің ағзаңыз басқаша ойлайды екен... Сіз зиян санайтын бұл әдіс арқылы сағатына 140 ккал жоғалтуға мүмкіндік бар. Ал сіздің отырғаныңызды есептесек, оған кететін энергия 60 калорияны жоқ қылады.

ДАУЫСЫҢДЫ ШЫҒАРЫП ОҚУ

Оқығанды ұнатасыз ба? Өте дұрыс. Дауыстап оқи берсеңіз, сағатына 90 калориядан айырыласыз. Рөлге бөліп те оқи аласыз. Есесіне, пайдасы көп.

ҮЙ ЖАНУАРЫМЕН СЕРУЕН

Серуендеген де жақсы ғой, ал үй жануарымен серуендеген тіпті жақсы. Мұндай әдістен кейін қанша калория жоғалтатыныңызды білмейсіз. Бірақ, жолдағы ит пен мысықтың кууы 240 калорияға дейін кетіреді. Басқа да жағдайлар 60 ккал жоғалтуға мүмкіндік береді.

БИ

Жағымды дүниемен пайдалы істі байланыстырудың керемет әдісі би арқылы жүзеге асады. Би билеудің бір сағатында қозғалысқа байланысты 240-400 ккал жоғалта аласыз. Ең жақсысы, таң атқанша кештерде би билеп қаншама калориядан құтылуға болады.

ДҮКЕН АРАЛАУ

Жағымды дүниелер жайлы әңгімемізді тоқтатпайық. Келесі жолы дүкенге барғанда білгейсіз, киім алып қана көңіліңізді көтермеңіз, сіз, сонымен қатар әр жүрген сағатыңызға 200 ккал кетіресіз.

ҮЙ ЖИНАУ

Үйдегі қандай шаруа болмасын міндетті түрде калория жоғалтуға өз пайдасын тигізеді. Мысалы, үйдің шаңын сорғанға 160 ккал кетсе, басқа үй жұмыстарының да сымбатыңызға көмегі тиер. Ал ыдыс жуғанда 65 ккал кетеді екен. Көп емес, дегенмен, күніне неше рет ыдыс жуасыз!

САТЫДА ЖҮГІРУ

Жеделсаты істемей қалса ренжімеңіз. Есесіне, жеделсатымен жүгіргенде сіз 1400 ккал жоғалтатыныңызды білесіз бе? Үшінші қабатта тұрасыз ба? Ештеңе етпейді. Үстіне көтеріліп, қайта-қайта түсіңіз. Керісінше, адамға энергия бөлінбеген қиынырақ түседі. Пайдасы тек денсаулыққа ғана емес, сымбатыңыздың қалыпты болуын қамтамасыз етеді.



Санат: Қазақша Қыздарға пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы | | 2 060
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .