Болашақ жарды қалай таңдау керек?

Болашақ жарды қалай таңдау керек?

Біз ақ некелі жарын «Құдай қосқан қосағым», «жан жарым» деп құрметтейтін халықпыз. Әуелі Алланың, сосын өзінің қалауымен екі жас бірін-бірі тауып, өмірлік серігіне айналып жатса құба-құп. Алайда қазіргі таңда болашақ жарымды қалай тапсам екен деп жүргендер де аз емес. Міне, сол жандарға өзінің сыңарын таңдауда есте сақтауы тиіс келесі кеңестерді ұсынамыз:

Мейірімділік.

Көпшілігіміз махаббатты ғашықтықпен шатастырып алып жатамыз. Ғашықтық – физикалық тұрғыдан ұнатудан пайда болатын өткінші сезім, ал махаббат – сыйластық пен мейірімділіктен құралған «піскен», кемелденген сезім. Мейірімділік пен сыйластыққа құрылған шаңырақ ешқашан шайқалмайды. Міне, сондықтан некелеспес бұрын ол адамның бойында мейірімділік бар ма, байқап көріңіз. Не туралы айтатынын тыңдаңыз, айналасындағылармен қарым-қатынасы қандай, оларға көмек беруге дайын тұра ма? Сіз қандай да бір қиын жағдайға тап болғаныңызда қол ұшын созды ма немесе дайын ба? Осы сұрақтардың жауабын іздеңіз. Бұл өте маңызды.

Ортақ мақсаттар.

Алдымен сіз өзіңізді таныңыз, мақсаттарыңыз бен армандарыңыз қандай, олар сіз таңдаған адамның мақсаттарымен сәйкес келе ме? Неке екеуіңіздің ойларыңыз бір жерден шығып, сол мақсаттарыңызға бірге ұмтылсаңыздар ғана сәтті болмақ. Егерде екеуіңіз екі жаққа тартқылап, «екі жарты бір бүтін» болмасаңыздар ол отбасының болашағы бұлыңғыр. Екеуміз екі түрлі адам болдық, сөзіміз жараспады деп ажырасып кетіп жатқандар тап осыдан шығады. Сондықтан әңгіме барысында болашақтарыңыз туралы сөз қозғаңыз. Ол неше бала болғанын қалар едің, оларды қалай тәрбиелегің келеді, келешегіңді қалай елестетесің деген сияқты қарапайым сұрақтардан тұрады. Отбасы – ортақ мақсаттар мен мүдделерден тұратын одақ екенін естен шығармаңыз.

Бар болмысымен қабылдаңыз.

Сіз таңдаған адамның міндетті түрде бір кемшілігі болады. Мінсіз адам жоқ шығар. Сондықтан кемшіліктерін бетіне басқаннан гөрі күліп отырып «жеңуге» тырысыңыз.

Отбасы болмай тұрып өзіңізден: «Мен осы адаммен кемшіліктеріне қарамай өмір сүре алам ба, осыған көне алам ба?» деп сұраңыз. Қарым- қатынастарыңыз берік болуы үшін бағына білу керек және төзімділік ауадай қажет. Сіз де «мінсіз» емессіз, сондықтан болашақ жартыңыздан да «мінсіздікті» талап ете гөрмеңіз.

«Жақсы жұбай – жарым бақыт» дейді. Жарыңыз – өмірлік серігіңіз, балаларыңыздың әкесі, анасы. Жақсы жар кезіксін десеңіз, өзіңізді тәрбиелеуге тырысыңыз. Алла баршаңызға адал жар нәсіп еткей!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады