Оразада әйелін сүюге, жақындасуға бола ма?

Оразада әйелін сүюге, жақындасуға бола ма?

Рамазан – адамның ішіп-жеуден, өзінің қалаулары мен нәпсіден тыйылатын кезі. Алайда кейбір ерлі-зайыптылар оразада әйелімді (күйеуімді) құшақтап, сүюіме, жақындасуыма бола ма деп сұрап жатады.

Ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін сүюге, құшақтасуға тыйым салынбаған, тек сезімге берілместен өзін-өзі тоқтата алатындай болуы керек. Бұл тұрғыда Айша (р.а) анамыз: «Ораза кезінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз әйелдерін құшақтап, сүйетін еді, алайда ол сендердің кез-келгендеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын» деген (Бұхари 1927, Муслим 1/65).

Сондай-ақ Айша (р.а.) анамыздың жиені Масруқ одан: «Ораза уақытында күйеуі мен әйеліне не рұқсат етіледі?», – деп сұрағанда ол: «Жыныстық қатынастан басқасының барлығы», – деп жауап береді (‘Абдур-Раззақ 4/190).

Ал ер адам мен әйелдің оразада жақындасуына келсек, ауыз ашқаннан ауыз бекіткенге дейін уақытта жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етіледі. Қасиетті Құранда: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. (Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» делінген («Бақара» сүресі, 187-аят).

Ал күндіз, ауыз берік уақытта жақындасуға болмайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады