Бұрынғы заманда Қали мен Қази деген ағайынды екі жігіт болыпты. Екеуі бірнеше жыл жер астында жүріп, өнер үйреніп еліне оралады. Келсе, ел-жұрты бұл екеуін танымайды. Екеуінің де тырнақ, шаштары алынбаған, денелерін түк басып кеткен. Бет-әлпеттері адам шошырлық екен.
Екеуі елге сыя алмаған соң, бір дарияға барып, Қали балық болып жүзіп, Қази құс болып ұшып кетеді.......
Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы жұт болып, бай қоныс аударып, жылқысын жер аударып жаяды. Қыс өтіп, жаз жақындаса да жылқысы келмейді. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.
Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір-екі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы жерлерден, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара торы биені иығына алып сала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайырылып......
Ертеде Қарынбай деген өте кедей адам болады. Оның дүние, мал дегенде жалғыз қаршығасы болыпты. Ол қаршығасы көзіне көрінген құсты құтқармайтын, өте алғыр болыпты.
Қарынбай осы қаршығасының ұстаған қаз, үйректерімен ғана қоректеніп күнелтеді екен. Бір күні қаршыға салып жүргенде, алдынан бір хан кез болады. Хан қаршығасы қаз, үйрекке түспей, қапаланып тұр екен. Қарынбайдың қаршығасын көріп, қалайды. Хан қалаған соң, Қарынбай амалсыз қаршығасын береді. Қаршығасынан айырылған соң, Қарынбайдың күн көрісі нашарлап, ішер ас таба алмай, қапаланып......
Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты. Кішісінің аты Бекболат екен. Бір күні ол кедей «тілімді алмайсың» деп Бекболатты үйден қуып жібереді. Бекболат қаңғырып келе жатып, көлдің жиегіндегі жалғыз үйге сәлем беріп, кіріп келсе, бір шал мен кемпір отыр екен. Олар жөн сұраса, Бекболат:
— Әке-шешем жоқ, қаңғырып жүрген жетім баламын, баласы жоққа бала болар едім, – дейді.......
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай....
Мұнда қашан түскенін білмейді. Жер бауыры жылынғалы өзінің бас көтергісі келіп, ерекше бір сезім өн бойында тулап жатқанын сезді. Бірақ, еңсесін қанша көтерейін десе де, бойын тіктей алар емес. Әсіресе соңғы кездері жаңбыр көп жауып, топырақпен бойына нәр жүгіргелі асау сезім тіпті бұлқынып кетті. Бұрынғыдай емес, денесіне....
Мама, мұздап кеттік, - Даланың суығын-ай!-деп шағымдарын айта кірді. Биыл дала аппақ көрпесін ерте жамылды. Сары шұнақ аяз да балаларды үйге ерте қамап қойды.
Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Бірде ол орманға барып, адасып кетеді. Қайтар жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. Есігі ашық тұр. Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді.
Бұл үйде үш аю тұратын. Ең үлкені, әкесі – Михаил Иваныч, одан кейінгісі, шешесі – Настасья Петровна және олардың баласы – кішкене қонжық. Үшеуі бұл кезде орман аралап.....
Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты. - - Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», - дейді. Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып.....