Қазақша ертегі: Бала патша » ZHARAR © 2016 | ертегі Бала патша ертеги сказка на казахском, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачать, Бала патша, Бала патша ертегісі казакша




  • »

Қазақша ертегі: Бала патша

Қазақша ертегі: Бала патша казакша Қазақша ертегі: Бала патша на казахском языке

Бұрынғы заманда бір шәрінің жас балалары жиналып ойын ойнайды екен. Балалардың ішінде Алдияр деген бала патша болып, енді біреулері уәзір, бек, жендет болып ойнайды. Енді біреулері қазы, сұрақшы болады, кейбіреулері тас жинап, патшаға сарай жасап, оны Алди- яр патшаның шәрісі деп атапты. Барлық балалар Алдияр патшаның өмір-пәрменіне риза болып, бас иіп тұрады екен. Сөйтіп, балалар күн сайын Алдияр патшаның шәрісі өздерінің ойнайтын жеріне жиналады, патшаның берген өмірін орындап, ұйлеріне кеш қайтып жүреді.
Бір күні балалар топырлап өздерінің шәрісінде жүргенінде сол шәрінің әділ патшасы Мұхтар балалардың ойнап жүрген жеріне кезігіп қалады. Олардың патшалық үкім сұрақтарына таңданып қарап тұрады да бір баладан:
- Балам, бұларың қандай ойын? - деп сұрайды. Сонда патшаның жауап сұраған баласы айтады:
- Мынау біздің Алдияр патшаның шәрісі, ал енді анау тақта отырған біздің патшамыз Алдияр. Біз бәріміз де патшаның бұйрығы бойынша істейміз,- депті. Сонда хан бұлардың істеп жүрген істеріне және салған шәрілеріне ішінен қатты риза болып:
- Патшаларыңа айтыңдар, осы шәрісін маған сатсын, бір ділда берейін,- депті. Мұхтар патшаның жауабын әлгі бала өзінің патшассына келіп айтса, Алдияр патша:
- Бұл шәрі сатылсын, басқа жерден шәрі жасап аламыз, - деп бұйрық беріпті. Бір ділданы алып, өздерінің қазынасына тапсырып, Мұхтар пат- шаға:
Мына шәрі қазірден бастап сіздікі, - депті. Мұхтар патша:
- Бұл шәрі менікі болды, сендер енді басқа жерге орналасыңдар, - деп, өз бетімен кетіп қалыпты.
Балалар ертесіне ол жерден кетіп, басқа жерге барып, бұрынғысынан да артығырақ етіп шәрі, сарай салып, ойнап жүре беріпті.
Мұхтар патша бір күні ұйықтап жатып, түс көріпті, түсінде гүл иісті бақта өніп тұрған бақша мен алтын, гауһармен безенген алтын сарайларды, бейішті, хор қыздарын көріпті. Мұхтар патша сол сарайларды аралап жүргенде, бір ақ шалмалы адам кезігіп:
- Е, Мұхтар патша, бұл өзіңнің бала патша Алдиярдан сатып алған сарайларың, арала! - депті.
Мұхтар патша ояна кетсе, түсі екен. Патша бұл көргенн түсіне сүйсініп, кедейлерге садақа беріп және сейілге шығып, әдейі бала патша Алдиярдың жаңа шәрі салған жеріне келіпті. Алдияр патшамен сөйлесіп:
- Мына сарайларды сатыңдар, жүз ділда берейін, - депті де балалардың сарайларына жүз ділда беріп, мынау менікі деп кетіп қалыпты.
Балалар өз сарайларын жүз ділдаға сатып, енді басқа бір жерге барып сарай, шәрі салыпты. Сонда орналасып бұрынғыларындай жүріп-тұрыпты. Мұхтар патша бір түні және бір түс көріпті. Түсінде бұрынғы көрген сарайынан бірнеше есе артық сәулетті сарай, бақтарды аралап жүріпті. Баяғы ақ сәілделі адам кезігіп:
- Патша бұл аралап жүргенің Алдияр патшадан екінші рет сатып алған шәрі, сарайларыңыз, әбден аралаңыз, - депті.
Мұхтар патша оянған соң, бұл түсіне тағы куанып, мүсәпірлерге садақа беріпті. Сейілге, аңға шығып, қайтарында Алдияр патшаға келіпті. Бұлардың бұл шәрі, сарайларын бір мың ділда беріп сатыпп алып:
- Мына сарай, шәрілер тағы да менікі болды, - деп, кетіп қалыпты. Алдияр патша төртінші жерге көшіп барып, орналасып алыпты.
Күндерде бір күн Мұхтар патшаның алдына екі адам дауласып келеді. Сондағы даулары: екеуінің де жетелеген екі биесі бар, екеуінің арасында бір кұлыны бар, биенің екеуі де кара түсті. Бірақ екеуінің арасындағы бір кұлынның түсі ала. Ала кұлын екі биені де емеді, екі бие де бір құлынға йиді. Дауласып келген екі адамның екеуі де, «менің биемнен туған, менің құлыным» дейді. Патша сұрап қараса, екі бие де өткен түні туған, құлын туғанда биелерінің туғанын екеуі де көрмеген, күндіз екі бие бір құлынды тең емізіп жүргенін бір-ақ көрген. Дау осыдан басталыпты. Әділ патша құлынды екеуінің қайсысына бұйырып берерін біле алмай қайран болып отырғанда, бір жас бала:
- Ой, қүдай-ай, осынша адам бір құлынның қай биеден туғанын айырып бере алмай отырғанын қарашы! Егерде Алдияр патша болса, бұл істі бағана-ақ шешіп берер еді! - депті.
Сонда патшамен бірге отырған уәзірлер:
- Ой, ененді... былжыраған неме, елдің басы қатып отырғанда оттамай отыр әрі! - деп ұрсып тастапты.
- Ұрыссаңыз, ұрыса беріңіз, бірақ та біздің Алдияр патша болса, бұл ел бүйтіп бөгеліп отырмас еді, - деген сөзін бала қайта айтыпты.
Бұл сөзді естіген Мұхтар патша:
- Ей бала, осы істі сендердің патшаларың шеше ала ма? - деп сұрапты. Сонда бала:
- Тақсыр, біздің Алдияр патшамыз болса, бұл істі бағана-ақ бітіріп тастар еді, - депті.
Сонда хан бір адам жіберіп, жеті жастағы бала патша Алдиярды шақыртып алып, болган істі түсіндіріп:
- Балам, бұл туралы сен не дер едің? - депті.
Сонда балалар патшасы: «Бұл көп ойланарлық іс емес қой» депті де, бір шыны су алғызыпты. Құлынды ұстап тұрып, құлағының ұшынан кесіп, шыныдағы суға үш тамшы қанды тамызыпты. Бір биенің кұлағынан үш тамшы қан алып, шыныдағы суға оны да тамызып көріп: «Мына құлын мына биеден тумаған екен», - депті. Содан соң тағы да бір шыны су алдырып, оған кұлынның құлағынан үш тамшы қан, ана бір биенің құлағынан үш тамшы қан тамызып көріп: «Мына құлынды тапқан осы бие екен», - депті. Жиналған халық:
- Балам-ау, мұны қайтып ажыраттың? - деп сұрайды. Бала тұрып:
- Өз енесінің қаны су ішінде өз құлынының қанымен бірігіп, қосылып кетеді, ал өзі таппаған басқа құлынның қанымен қосылмай, екі бөлек жұреді, - депті. Осыдан кейін көпшілік болып екі шыны суға қараса, Алдиярдың айтқанындай болып шығыпты. Құлынды өз иесі алып қайтыпты.
Сонымен енді бір күндерде Мұхтар патшаның алдына тағы да екі адам дауласып келеді. Сондағы даулы істері: бес жасар атан түйеге екі адам таласып келген екен. Екеуі де: Өз қолымнан боталатқам, пәлендей інгенімнен туған, аузын үріп, аяғын сыпырған түйем еді», - дейді. Мұхтар патша әрлі-берлі сұрап көріп еді, «өз түйемнен туғанына жанымды берем», - деп, екеуі де бой бермепті. Сөйтіп, дауды қазы да ажырата алмай дауласушылар патшаның алдына қайта келіпті.
Патша даулы түйені қайсысына бұйырып беруді білмей таң-тамаша болып отырғанда, тағы да бір жас бала тұрып:
- Мұны біздің Алдияр патшамыздан басқа кім ажыратады дейсіңдер? - депті. Сонда патша:
- Балам, сен Алдияр патшаңды шақырып келші, сендерддің патшаларыңды да көрелік! - депті. Сонда әлгі жас бала жүгіріп барып, өзінің Алдияр патшасын ертіп келіпті.
Алдияр екі жағын беттестіріп көріп: «Бұл атанның тапқан енесі бар ма» деп сұрағанда, екеуі де:
- Енесі бар, бар, - депті. Алдияр: «Екеуіңіз де енесін алып келіңіздер»,- деп бұйырыпты. Жиналған ел: «Бұл бала қайтер екен», - , деп қарап отырғанда, екеуі екі інгенді жетелеп келіпті.
Алдияр екі түйені арқан бойы жерге ұстап тұрып, бесті атанды жықтырып, төрт аяғын мықтап байлатып алып, атанның санын қыл шылбырмен бұрапты. Шылбыр атанның санын қиып, атан 1 түйе ышқынып бақырғанда, анадай жерде ұстап тұрған екі інгенді қоя беріңдер деп бұйырыпты. Сонда екі түйенің бір атанның бота күніндегі даусын танып боздап келіп атанның үстіне түсе қалыпты. Сонда Алдияр: «Атан мына түйеден туған екен», - депті. Отырған ел бала патішаның қазылығына қайран қалыпты.
Тағы бір күндерде Мұхтар патшаның алдына он-он бір жастағы екі қара баланы ертіп бір адам келіпті:
- Тақсыр, мына баланың бірі менің өз балам, бірі менікі емес. Бүгін таңертең қарасам балам жататын төсекте екі бала жатыр. Қарасам түрлері, киімдері, мінез-құлқы, сөздері - бәрі бірдей. Менің өз балам қайсың десем, екеуі де:
- Әке, сіздің балаңыз менмін, - дейді. Сонымен өз баламның қайсысы екенін біле алмай, сіздің алдыңызға келіп тұрмын, - депті.
Патша екі баланы оңаша алып, өткен уақытағы істерін сұрап көрсе, екеуінің сөзі де бр жерден шығыпты. Патша әрі-бері сұрастырып, ешқандай сезік таба алмапты. Ақыры «бала патша бұған не дер екен» депті.
Алдияр сонда:
- Бұл іс бас қатырарлық іс емес қой, - депті. Бір бос: шишаны алғызыпты да, оны өзі ұстап тұрып, екі балаға: - Балалар, сендердің қайсың мына кісіден туған болсаңдар, соның осы мен ұстап тұрған шишаға кіріп кетесіңдер, - депті. Екі қара баланың бірі секіріп келіп, шишаның ішіне кіріп кеткенде, бала патша шишаның аузын бас бармағыммен баса қойыпты да әлгі кісіге:
- Әне, қасыңызда тұрған сіздің балаңыз, мына шишадағы сізді алдап жүрген шайтан екен, - депті. Сонымен жиналған халық бұған да қайран қалыпты. Сонда Мұхтар патша халықты жинап алып:
- 0, халайық! Мына жеті жасар Алдиярдың ақылы менен әлдеқайда артық екен, соның үшін бүгіннен бастап, бар патшалығымды осы балаға өткіземін. Бұдан былай сіздердің патшаларыңыз мына жеті жасар Алдияр, - депті.
Сонымен Алдияр бала жеті жасында таққа отырып, әділ патша атаныпты.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Ертегілер жинағы | | 1 121
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .