Ертегі: Әтеш пен тоты

Ертегі: Әтеш пен тоты казакша Ертегі: Әтеш пен тоты на казахском языке

Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен, не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі тоты құс болыпты.

Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі жоқ екен.

Бір күні тоты құс әлгі кербез әтешке келіп:

— Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, – деп, қиыла жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, тоты құс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады.

— Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, даусыңды естиін, – дейді.

Сөйтіп, тоты құс әсем киініп тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп, үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.

Содан күні бүгінге дейін әтеш тоты құс пен әдемі киімін іздеп, таң қылаң бергеннен күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Әтеш пен тоты туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Әтеш пен тоты для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Әтеш пен тоты, ертегилер Әтеш пен тоты казакша оку, Әтеш пен тоты, ертегі Әтеш пен тоты туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Әтеш пен тоты для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Әтеш пен тоты ертегилер Әтеш пен тоты, Ертегі: Әтеш пен тоты ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн