Ертегі: Тапқыр қоян

Ертегі: Тапқыр қоян казакша Ертегі: Тапқыр қоян на казахском языке

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.

Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:

— Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.

— Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.

Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:

— Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.

Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.

Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:

— Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Тапқыр қоян туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Тапқыр қоян для детей на казахском языке, балаларга Тапқыр қоян арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Тапқыр қоян казакша оку, Тапқыр қоян, ертегі Тапқыр қоян туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Тапқыр қоян для детей на казахском языке балаларга Тапқыр қоян арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Тапқыр қоян казакш, Ертегі: Тапқыр қоян ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн