Құқықтану | АЙЫП ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТҮЗУ

 Құқықтану | АЙЫП ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТҮЗУ

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................... 3
Негізгі бөлім
I ТАРАУ.
1.1 Айыптау қорытындысының маңызы.................................................... 5
1.2 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу........................................ 6
1.3 Айыптау қорытындысының мазмұны.................................................. 28
II ТАРАУ.
2.1 Айыптау қорытындысына тіркеме. Тіркеме....................................... 60
Қорытынды................................................................................................... 64
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................... 72

IТАРАУ
1.1 Айыптау қорытындысының маңызы
Айыптау қорытындысын жасауға кіріскенде тергеуші алдын ала тергеу сатысында қылмысты ашу және тергеу жөніндегі іс жүргізу қызметінің "арқауы" болып табылатын ең басты құжатты дайындайтынын ұғынуы тиіс.
Онда тергеуші расталмаған болжауларды алып тастап, жасалған қылмыс және оған қатысты адамдар жайында анық түсінік беретін барлық маңызды және расталған дәлелдемелерді бір жүйеге келтіреді. Айыптау формуласы және жасалған әрекетті заңдық сараптау бұл жүйенің 5 өзегі болып табылады.
Іс материалдарын айыптау қорытындысында жүйелі баяндаудың да техникалық маңызы зор: ол прокурор мен соттың іспен танысуын жеңілдетеді, олардың тергеу затын дұрыс түсінуіне көмектеседі.
Айыптау қорытындысын жасауға дайындық, бір жағынан, алдын ала жүргізілген тергеудің толықтығын тексерудің сенімді тәсілі болып табылады. Бұл процесте тергеуші жүргізілген тергеудің барлық олқылықтарын табады, оны уақтылы түзетуге мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар, тергеуші, айыптау қорытындысының сот талқылауының шеңберін белгілейтіндігін естен шығармауы тиіс. Бұл — ҚІЖК-нің 302-бабына сәйкес, сотта, айыптау қорытындысында айыпталушы деп аталған адамдардың айыптылығы (айыпты еместігі) туралы және осы құжатта оларға тағылған қылмыстарды ғана жасағандығы туралы мәселе шешіледі деген сөз. Соттың айыптау қорытындысынан айыптың кейбір тармақтарын алып тастауы немесе жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ондай өзгертулерге сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғану құқығы бұзылмайтын болса ғана жол беріледі. Басқаша айтқанда, айыптау қорытындысы нақты іс бойынша сот алдына баруға тиісті адамдардың толық тізбесін және қылмыстың сот талқылауы кезіңде зерттелуге жататын барлық эпизодтарын анықтайды.
Айыпталушы айыптау қорытындысымен алдын ала танысқандықтан, ол қорғаушының күшін өзіне кінә ретінде тағылған фактілерге, айыптау қорытындысында баяндалған дәлелдемелерді ғана теріске шығару немесе мойнына алмау үшін жұмсауға нақты мүмкіндік алады.
Сотталушының қорғану құқығының нақты кепілдіктерінің бірі ретіндегі оның маңыздылығы осында.
Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасы айыптау қорытындысының бұрынғыға қарағанда жеңілдетілген құрылымын қарастырған.
Қажет болған жерде, нақтылықты сақтай отырып, айыптау қорытындысында айыптаудың мәнісін, қылмыс жасалған жерді және уақытты, оның тәсілдерін, себептерін, мақсатын, зардабын және нақты қылмыстық іс үшін маңыздылығы бар басқа да мән-жайларды көрсетуі, айыпты растайтын дәлелдемелер тізбесін құруы, сондай-ақ қорғау жағы сілтеме жасайтын дәлелдемелерді баяндағанда заңдық және тілдік сауаттылық талаптарын сақтауы тиіс.

1.2 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу
Тергеуші айыптау қорытындысын жазуға мұқият дайындалуға тиіс. Мынаны естен шығармау керек сауатты айыптау қорытындысы асығыс жазылмайды.
Айыптау қорытындысын жазудағы алғашқы қадам — істің барлық материалдарды терең білу.
Кішігірім істер бойынша айыптау қорытындысын жазар алдында тергеуші істегі бар барлық құжаттарды қарап шығады. Мұндай жұмыстың мұқияттығы, әрине, оның жадында қандай да бір дәлелдеменің немесе мәліметтің қаншалықты жақсы сақталғандығына байланысты. Бірақ оның жадында қаншалықты қалғанмен, ол материалдарды толықтай қайта қарап шығуға тиіс. Көлемі жағынан шағын істердің қайталап оқылуы онша қиынға соқпайтын болса, күрделі, көлемі жағынан аумақты, көп эпизодты істерді қарап шығу өзінше процесс, оның негізі алдын ала тергеу барысында қаланады.
Айыптау қорытындысын жазуға дайындықты, бұл жағдайда, алдын ала тергеудің жоспарын оқудан бастау керек. Әрине, тергеуші іс бойынша жұмыстың басынан бастап-ақ жоспарға, басқа жағын қойғанда, тергеуді аяқтау кезіңдегі сүйеніш ретінде қарайды. Сонымен қатар, айыптау қорытындысын жасауға дайындық кезіңде жоспарды мұқият оқып шығу алдын ала тергеудің бағыттылығы, кезендері және көлемі жайында қысқа және сонымен қатар мүмкіңдігінше толық, жалпы түсінік береді, Дәлелдемелердің жиналу реттілігін және өзара байланыстылығын еске түсіреді. Жоспарды оқып шыққанда тергеуші тергеу кезіңде жіберілген қателіктер мен олқылықтарды байқайды, ал оларды бұл кезде оңай түзетуге болады.
Жоспардан кейін қылмыстық байланыстар сызбасын мұқият карап шығу керек. Ол дегеніміз — тергеушінің өзі тандап алған шартты белгілерден тұратын сызба.
Мысалы, қылмысты ұйымдастырушыларды дөңгелек белгімен, орындаушыларды төртбұрышпен, көмектесушілерді — үшбұрышпен, т.б. белгілейді. Айыпталушылардың қылмыстық байланыстарына қарай бұл шартты белгілер өзара түзу сызықпен жалғасады. Қылмыстық байланыстар сызбасының артықшылығы — оның көрнектілігі.
Егер мұндай сызба барлық іс материалдарды ескеріліп жасалған, тергеу барысында анықталып және толықтырылған болса, онда айыптау қорытындысын жазуға дайындалғанда оны қайтадан қарап шығып, тергеуші жасалған қылмыстың көлемі, оған қатысы бар адамдардың саны мен өзара байланысы, олардың әрқайсысының рөлі жайында мүмкіндігінше толық түсінік алады. Сызбаны қарап шығу да алдын ала тергеудің олқылықтарын табудың және түзетудің амалы болып табылады.
Басқа қосымша материалдарды да: іспен алғаш танысқанда жасалған конспектілерді (егер ол істі айыптаушы қорытындының авторы өзі қозғамаған, өзінің жүргізуіне қабылдап алған болса); жауап алу хаттамасынан көшірме үзінділерді; кестелерді де, т.б. қарап шыққан жөн.
Мұндай қайталап зерттеп шығу, әсіресе, тергеуді тергеушілер тобы жүргізген үлкен, көп томдық істерде керек. Практикаға сүйенсек, айыптау қорытындысын жазуға дайындық кезіңде тергеушінің барлық құжаттарды қайта оқып шығуға мүршасы келмейді деп айтуға болады. Мақсат сол — алдын ала тергеу процесі кезіңде-ақ әрбір құжат зерттеліп, оның материалдары, әсіресе, дәлелдемелер, жүргізуге іс қабылданып алынған кезден бастап саралануға және жүйеленуге тиіс.
Әңгіме қосымша карточкалар жасау жайында. Олар біріншіден, қылмыс жасаған адамдарға жүргізіледі ("дербес есеп"); әрбір осындай карточкада нақты айыпталушының кіммен және қылмыстық эпизодтың қаншауына қатысқандығы; оның қатысу дәрежесі және қылмыстық жолмен тапқан "олжадағы" үлесі; мұның бәрінің немен дәлелденетіндігі туралы мәліметтер жинақтала береді; "Дербес есепте" айыпталушының әр эпизод бойынша тағылған айыпқа берген түсініктемесі де көрініс табады. Екіншіден, карточканы қылмыстың эпизодтары бойынша, олардың әрқайсысының фабуласып анық баяндап, заңсыз іс-әрекеттің жасалған уақытын, орнып, оны жасаудағы тәсілін, мақсатын және себептерін атай отырып жүргізу керек. Оларда осы қылмыстық эпизодқа қатысқан адам саны, олардың әрқайсысының рөлі көрініс табады. "Дербес есептер" мен карточкалар эпизодтар бойынша үдайы толықтырылып тұруға тиіс.
Тергеу процесі кезіңде түсінікті жасалған, барлық дәлелдемелер мұқият жасалған және де ол дәлелдемелер нақты адамдармен, белгілі бір эпизодтармен "байланыстырылған" қосымша картотека (адамдар және эпизодтар бойынша) тергеушіге көп эпизодты істерде барлық қылмыстарды ашуда, ал тергеу біткеннен кейін айыптау қорытындысының ірге тасын қалауда көп көмегі тиеді.
Мысал ретінде, еліміздің әр түрлі қалаларында әсері күшті ұйықтататын дәріні пайдаланып азаматтарды тонағандық туралы қылмыстық істі алуға болады. Қылмыскер ірі сомалы ақшасы бар адамдарды анықтап, олармен таныстық орнатқан, ұйықтататын дәрі қосылған шараппен сыйлаған, қарсыласуға мұршасы болмайды, қалғып-мүлгіп отырғанда, оның барлық құжаттарын, ақшасын, құнды заттарын алып тайып тұрған.
Ұйқы дәрісінің дозасын көп бергендіктен жәбірленушілердің үшеуі қайтыс болған. Қылмыскерлер 60-тан аса осындай қылмыс жасаған, өте үлкен мөлшерде ақша және құнды заттар ұрлаған.
Тергеу барысында Қарағанды қаласына жақын жерде төрт қылмыскер ұсталған. Олар Астана - Алматы поезындағы жолаушыларға қарақшылық шабуыл жасаған. Ұсталған кезде ол қарақшылардан сомасы едәуір ақша және ұйықтататын зат-хлоралгидрат құйылған шөлмек алынған.
Ол уақытқа дейін мұндай қылмыстар жайындағы қылмыстық істер бір іс жүргізуге біріктірілген. Тергеуші әрбір қылмыстық эпизод жайында карточка және "дербес есеп" жүргізген. Оларда фамилиялар болмаған, бірақ қылмысқа қатысушылардың сырт пошымы жазылып отырған.
Астана — Алматы поезындағы эпизод бойынша жаңа карточка жасалған; ұсталған үш адамға дербес есеп ашылған, себебі олардың сырт көрінісі карточкада тіркелген белгісіз адамдардың сырт көрінісімен сәйкес келмеген. Ал төртіншінің — Қодаровтың сырт пошымы бұрын ашылған "дербес есептегі" осындай төрт қарақшылық шабуыл жасаған белгісіз қылмыскерге ұқсас келген. Содан бұл "дербес есепте" Қодаровтың фамилиясы пайда болады. Оған тағы да, бесінші эпизодтың сипаттамасы мен дәлелдемелер туралы жазулар кіргізілді: жәбірленушілер мен куәлердің жауаптарын, тану үшін Қодаровты көрсету хаттамасы, заттай дәлелдемелер, ақша және де сезіктінің өз серіктестерінің бірі — Борақовтың атын атап мойындағаны.
Кейін Борақовтың он бір, ал оның серіктестері Спанов пен Көпесовтың он сегіз және жиырма бес қылмыс жасағандығының беті ашылады.
Алдын ала тергеу процесі барысында әрбір айыпталушыға ашылған "дербес есеп" пен әрбір эпизод бойынша карточкалар ұдайы жаңа мәліметтермен толықтырылып отырды, оларға табылған дәлелдемелер мен айыпталушылардың түсініктемелері жазылды.
Айыптау қорытындыеын жазуға кірісер алдында тергеуші қосымша карточкаларды қайта оқып шықгы, содан кейін ол нені және қандай реттілікпен жазу керек екендігі жайында толық және айқын түсінік алды. Бұл айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: тергеуші алдын ала тергеудің ең басынан бастап, қосалқы материалдарды (сызба жоспар, дербес есеп, карточка, т.б.) жасауға кіріскенде, олардың айыптау қорытындысын жасауға қаншалықты уақыт керекекендігін (өздерінің негізгі міндеттерімен қатар) ойластыруы керек. Тәжірибелі тергеуші егер ол күрделі, көп томдық істерді тергеген болса, кандай да бір түрте салған жазудың бүгінгі күннің қажеттілігіне айналғаны былай тұрсын, айыптау қорытындысын жасағанда үлкен септігі тиетіндігін растайды.
Соңғы жылдары айыптау қорытындысын жасағанда компьютерлік техника мен информатиканы пайдалану кең өріс алуда.
Мысалы, көп эпизодты күрделі істерді зерттегенде тергеушілер рубрикалар (папкалар) және түйінді сөздер арқылы мәліметтердің электрондық базасын құрастырады. Бұл ретте олар жүйенің параметрлерін өзінше белгілеуге, жаңа рубрикалар ашуға, түйінді сөздер енгізуге мүмкіндік алады.
Рубрикаларды папкалар деп түсіну керек, оларға тектік белгілері бойынша біріктірілген мәтіндік құжаттар: жауап алу, тінту, алу хаттамалары, айыпталушы ретінде тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар, анықтамалар, сұранымдар, т.б. енгізіледі.
Осы құжаттардың әрқайсысына қолда бар сөздіктен бір немесе бірнеше түйінді сөз тағылады. Олар құжат нақты эпизодқа немесе қылмыстық істің тарауына жататын атқа ие болады, мысалы, "ЖАҚ-да 2 млрд. теңге ұрлау" "Аффилирленген компаниялар", "Жасанды фирмалар", "Жалған төлқұжаттар", "Адамның жеке басын сипаттайтын мәліметтер", "Айыпталушылардың қорғану болжауы", т.б.
Осындай түрде өнделген іс жүргізу құжаттары, бір қылмыстық іс шегінде реттелген жағдайда, айыптау қорытындысын жасау мерзімін едәуір қысқартады.
Сонымен, тергеу процесі кезіңде түсінікті жасалған, барлық дәлелдемелер мұқият жннақталған және де ол дәлелдемелер нақты адамдармен, белгілі бір эпизодтармен "байланыстырылған" қосымша құжаттама — айыптау қорытындысын жасағанда елеулі көмек көрсете алады. Мұндай пікір қосымша материалдарға қатысты айтылғанмен, іс жүргізу құжаттары үшін оның маңызы ерекше, себебі айыптау қорытындысында, сілтеме қосымша материалдарға, конспектілерге жасалмайды, жауап алу, жеке беттестіру және басқа да тергеу әрекеттерінің хаттамаларына жасалады.
Кейбір тергеушілер іс жүргізу құжаттарының қисындылығына және нақтылығыпа баса назар аудара бермейді, сондықтан айыптау қорытындысын жасау кезіңде бір қатар қиындықтар туындайды.
Мысалы, алтын ұрлау туралы іс бойынша тергеуші жауап алу хаттамасында өз сұрағы мен айыпталушының жауабын былай жазған:
Сүрақ: Ерік Оразұлы, біз екеуміз көп сөйлестік, жасаған қылмысты мойындау жеңілдететін мән-жай екенін сізге түсіндірдім. Сіз өзіңіз айттыңыз, Әлім Қанатов діни сенімі күшті болғандықтан өзінде бар құндылықтарды өкімет өкіліне қайтарып дұрыс жасады деп. Өз тарапымнан шындықты айтамын деп уәде бердіңіз де, кейін одан бас тарттыңыз. Шындықты айтуға қандай кедергі бар? Барлық фактілерді сырып тастап, сіз өзіңіздің кінәңізді мойындаудан бас тартып отырсыз, неге?
Жауап: Білмеймін, менің басым ауырып отыр. Бірдемені айта салуға болады бірақ ұрланған алтын - ол жерде жоқ шығар. Білмеймін, не айтарымды. Көрдің бе, іс қалай бұрылып барады. Менің бірінші сұраққа қайтарған жауабымды қалай жаздың, бірдеме айтсам болды жазып аласың. Білмеймін, не істерімді, білмеймін. Мен саған жолдастықпен айтып отырмын, ал сен оның бәрін жаза бересің. Артық сөйлеп қойған сияқтымын.
Айыпталушының өзінің алтынды қай жерге тыққандығын айтудан бас тартқандығын растайтын жауап ретінде осы сөздерге жүгінуге қажеттілік туындағанмен, тергеуші олай істеуге ұялды. Шындығында, істің мұндай жауап жазылған парағына сілтеме жасау дұрыс емес, себебі тек ерекше қиялдағанда ғана "айта салуға болады, бірақ ол жерде жоқ шығар" дегенді құпия жерді айтудан бас тарту деп қабылдауға болады.
Айыпталушының немесе куәлердің жауаптарын жаза отырып немесе басқа да тергеу әрекеттерін орындау кезіңде тергеуші олардың бәрін түгелдей көз алдына елестетуге тырысады. Оның міндетіне сонымен қатар, маңызды еместерді сырып тастап, істің мән-жайын зерттеуге қатысы бар ең маңыздыларын ғана жазып алу жатады. Көптеген тергеушілер жауап алу хаттамасында айыпталушының және куәлердің сөйлем құрастыру ерекшеліктерін көрсетуге тырысады, ол дұрыс та. Іс жүргізу құжаттарын ресімдеуге қойылатын бұл және басқа да маңызды талаптарды мұндай ұсыныстармен толықтырғымыз келеді: айыптау қорытындысында оңай сілтеме жасауға болатын жазулар ғана хаттамаға түсуі керек.
Айтылғандарды бір ортақ ұсынысқа келтіруге болады: айыптау ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі