География | Қазақстан Республикасының су ресурстарын экологиялық бағалау

 География | Қазақстан Республикасының су ресурстарын экологиялық бағалау

Мазмұны

1. Су жүйелері экологиясының бүгінгі экологиядағы орны, оның өзге орайлас ғылымдармен байланысы ......................................................................

2. Гидросфера тірі организмдердің тіршілік ортасы ретінде ...........................

3. Әлемдік мұхит және ондағы тіршілік иелерінің жалпылама сипаты...........
3.1. Әлемдік мұхитқа тән тіршілік иелерінің жалпылама сипаты.................

4. Көлдер және лимбионттар тіршілігіне әсер ететін абиотикалық факторлар ..............................................................................................................
4.1 Көлдегі тіршілік жағдайлары ....................................................................

5. Континенттік су алаптары және олардың тіршілік иелері. Өзендер және олардағы тіршілік иелеріне әсер ететін абиотикалық факторлар ....................

6. Су қоймаларының антропогендік эвтрофтануы және Термофикациясы.....

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. .........................................

Зерттеу мақсаты: Су жүйелер экологиясы пәнінің ғылыми-әдістемелік негізі және оны жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесімен қамтамасыз ету.
Зерттеудің обьектісі: Жоғары оқу орындарының студенттер мен магистранттардың оқу процесі.
Зерттеудің пәні: Су жүйелер экологиясы пәнін оқыту кезеңіндегі қалыптасатын білім мен дағдының дидактикалық жүйесі.
Зерттеудің көкейкестілігі: Дүние жүзіндегі бүгінгі күнгі экологиялық жағдайдың асқынуы жастарға экологиялық білім мен тәрбие беріп, оларды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға сонымен қатар тиімді пайдалануға тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті міндеттерінің бірі.
Бүгінгі таңда Республикамыздағы 323 мың мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім мен тәрбиенің берілмеу себебінің бірі – экологялық дайындықтан өткен тәрбиешілер, бағдарламалар мен оқу құралдарының жоқтығы. Экологиялық білім беру орта мектепке де қанағаттанарлықтай емес. Республика бойынша 3 млн. оқушыларға экологиялық білім тұжырымдамасының барлығына қарамастан қазіргі кезде экология пәнінің біртұтас бағдарламасы және сонымен қатар экологялық бағыттағы мектеп, гимназия және лицейлердің жоқтың қасы. Ал жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру деңгейі біршама жоғары. Мұнда халықаралық деңгейдегі экологиялық Жоғары оқу орындарының болмағынмен де экологиялық мамандарды дайындау жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.
2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының өкіметі бекіткен Білімді дамыту тұжырымдамасында белгіленгендей қазірдің өзінде оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу құралдарында фактологиялық білім мен дағдылардың басымдылығы білім беруде әр-түрлі әдістерді қолдануда құжат пен техникалық базаның және мамандандырылған мұғалімдер мен қаражаттың жетіспеуі белгіленген.
Оқу құралдары мен оқу бағдарламаларының мазмұны оқу жоспарындағы мақсаттарға сай келе бермейді және де практикалық дағдыларға бағдарланбағандықтан оқыту технологиясы мен оқу процесінде көп масштабты өзгертулерді қажет ететіндігін атап айтқан жөн. Қысқаша айтқанда оқушылар мен студенттер экологиялық білім мен тәрбие мәселелерінің ғылыми-әдістемелігін жетілдірудің жетіспушілігі болып табылады. Осыған сәйкес оқу жүйесіне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасына сәйкес оқу жүйесіне және білім беруді жаңаша ұйымдастыру қолға алына бастады. Соның ішінде орта мектеп пен жоғары оқу орындарында экология пәнін оқытуды жақсарту, оның оқулықтарын жазу, жаратылыстану пәндерін жаппай экологияландыру жаппай сипат алуда. Осыған байланысты өзіміздің эколог, биолог, географ ғалымдарымыз Г.Сағымбаев “Экология негіздері”, В.Н.Фурсов пен Т.Ерғалиев “Общая экология”,Ә.С. Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебавтың “Экология”, К.Ш.Бәкірованың “Су жүйелерінің экологиясы” және тағы басқа көптеген оқулықтар жарық көре бастады.
Соның ішінде К.Ш.Бәкірованың “Су жүйелерінің экологиясы” оқу құралы құрылымы 1999 жылы халықаралық Сорос қорының грантын ұтып алған типтік бағдарламамен сәйкестіріліп жазылған. Бұл оқу құралы су жүйелерінің әр түрлі типтерінің (Әлемдік мұхит, көлдер, өзендер) геоэкологиялық сипаттарын ашып беретін тараулардан тұрады. Бұл арнаулы курс көлемінде студенттер мен магистранттарға арналған “Қазақстан Республикасының су ресурстарын экологиялық бағалау” курсын – табысты игеруге дайындық болып табылады.
Дипломдық жұмысымда жоғарыда айтылған Су жүйелер экологиясы оқулығына көмекші құрал болып табылатын жұмыс дәптерінің жобасын ұсынамын.
Жұмыс дәптері СЖЭ оқулығының бағдарламасына сәйкестіріле құрастырылып төмендегідей мазмұндардан тұрады.
- Су жүйелері экологиясының бүгінгі экологиядағы орны, оның өзге орайлас ғылымдармен байланысы
- Гидросфера тірі организмдердің тіршілік ортасы ретінде
- Әлемдік мұхит және ондағы тіршілік иелерінің жалпылама сипаты
- Әлемдік мұхитқа тән тіршілік иелерінің жалпылама сипаты
- Көлдер және лимбионттар тіршілігіне әсер ететін абиотикалық факторлар
- Көлдегі тіршілік жағдайлары
- Континенттік су алаптары және олардың тіршілік иелері. Өзендер және олардағы тіршілік иелеріне әсер ететін абиотикалық факторлар
- Су қоймаларының антропогендік эвтрофтануы және Термофикациясы
Жұмыс дәптері жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған.
Жұмыс дәптерінің негізгі мақсаты мен міндеті студенттер мен магистранттардың алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, өзіндік жұмыс істеу дағдысы мен ойлау қабілетін арттыру болып табылады. Сонымен бірге жұмыс дәптері оқулық мәліметтерін толықтырып қана қоймай студенттер мен магистранттардың кейбір тақырыптарды өзіндік- ізденіс жұмысы ретінде орындауына көп көмегін тигізеді.
Аталған жұмыс дәптерінің ерекшелігі берілетін, тапсырмалар бақылау сұрақтары, схема, кесте, график, диаграмма, тест және сөзжұмбақ сияқты әр-түрлі формамен ұсынылады. Соның ішінде “Бақылау сұрақтары” деген бөлімі лекция бойы алған білімдерін тексерумен қатар студент пен магистранттың жан-жақты ойлау қабілетін дамытады. Келтірілген сөзжұмбақтың көмегімен әр тақырыптарда кездесетін терминдердің студент пен магистранттың есте қалу мүмкіндігін арттырады.
Студенттер мен магистранттар курс бойы оқылатын тақырыптар бойынша қолдана алатын оқулықтар авторларымен және әр тақырып бойынша өзіндік жұмысына арналған рефераттардың бірнеше тақырыптары берілген.
Сондай-ақ кейбір тақырыптарда оқушының қызығушылығын арттыруда “Оқы қызық” деген бөлімдер келтірілген.
Жұмыс дәптері тек қана студенттер мен магистранттардың көмекшісі болып қана қоймай мұғалімнің де студенттер мен магистранттарға жүйелі әрі күрделі білім беру құралының бірі болып табылады.

1. Су жүйелері экологиясының бүгінгі экологиядағы орны, оның өзге орайлас ғылымдармен байланысы.

1.1 Бақылау сұрақтары

1. Гидросфераны зерттейтін ғылымдар
2. Су жүйесінің экологиясын зерттейтін биологиялық ғылымдар.
3. Н.Ф.Реймерстің классификациясы бойынша гидросфераның екі ірі бөлімдері.
4. Гидробиологиямен тығыз байланыстағы ғылымдар.


1.2. Схемамен жұмыс.

Су жұйелерінің экологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
1.3 Төмендегі мысалдар қай ғылымның көрсеткішіне жатады.

1. Судың тығыздығы мен қысымы
2. Өзенсуының бағыты мен жылдамдығы
3. Судың құрамындағы органика мен газ
4. Фитопланктонның сапалық және сандық құрамы


1.4 Кестеде келтірілген ғылымдардың көрсеткіштерін жаз.

Гидрология Гидрохимия Гидробиология Гидрофизика Гидроэкология
Судың температурасы, қысым мен тығыздығы БПК және ХПК құрамы, судың тұздылығы Зоопланктонның және фитопланктонның көптүрлілігі Судың дисперсиясы,
Судың түсі мен мөлдірлігі Су айдынының орналасуы, пайда болуы

1.5 Өзіңді өзің тексер

1. Реймерстің экологиясы құрылымы бойынша СЖЭ келесі бағыттарды қамтиды
1 Әлеуметтік экология мен адам экологиясы
2 Биоэкология және геоэкология
3 Қолданбалы және әлеуметтік экология
4 Аналитикалық және қолданбалы экология
5 Динамикалық және әлеуметтік экология

2. СЖЭ біріккен ғылымдармен тығыз байланста
1 Әлеуметтік және қолданбалы экология
2 Этнопедагогика және экопсихологиямен
3 Гидробиология, лимнология және мұхитнама, гидрохимия,
гидрофизикамен
4 Физика, химия, математика
5 Философия, паропсихология, педагогика

2. Гидросфера тірі организмдердің тіршілік ортасы ретінде.

2.1 Бақылау сұрақтары.

1. Су тіршілік ортасының ерекшелігі.
2. Суда тіршілік ететін организмедрдің сандық, сапалық және түрлік ерекшеліктері.
3. П.А.Зенковтың организмдерді бөлген классификациясы.
4. Биоценоз бен биотоп.
5. Су алабының ірі биотоптары: пелагиаль, бенталь және нейсталь.
6. Пелагаиаль мен пелагос, бенталь мен бентос, нейсталь мен нейстонның айырмашылығы.
7. Пелагобентос және перифитон.
8. Пелагиаль қабатындағы организмдердің жіктелуі.
9. Детрит дегеніміз не?
10. Гологидробионттар, амфибионттар және мерогидробионттар ұқсастықтары мен айырмашылығы.
11. Түрдің экологиялық валенттілігі дегенді түсіндір.
12. Жылулық пен салқындыққа байланысты организмдердің бөлінуі.
13. Судың тұздылығы дегеніміз не?
14. Судың қандай қасиеттері.


2.3 Төмендегі кестелерді толтыр
Кесте № 1



Экологиялық зоналар Тіршілік ететін организмдердің экологиялық атауы
1 Нейсталь Нейстон
2 Пелагиаль Пелагос
3 Бенталь Бентос

Кесте №2
Организмдердің анықтамасын жаз

№ Атауы Анықтамасы
1 Гологидробионттар Тек қана сула тіршілік етуге бейімделген организмдер
2 Амфибионттар немесе мерогидробионттар Сулы ортада да, ауа қабатында тіршілік етуге бейімделген организмдер

2.4 Өзің өзіңді тексер

1. Су қоймасының өзін көмкерген су қабатын қоса есептегенде түбінің атауы
А) пелагиаль В) бенталь С) нейсталь D) батипелагиаль
Е) эпипелигиаль
2. Эврибионттық дәрежесі жоғары организмдер түрлері
А) стенобионттар В)убиквистер С) криофилдер D)галофобтар
Е) галофилдер
3. Тек қана суда тіршілік етуге бейімделген организм түрлері
А) амфибионттар В) мерогидробионттар С) лимнобионттар
Д)гологидробионттар Е) реобионттар
4. Организмдердің қандай түрлері галофилдік организмдерге жатады
А) оттек режимінің шағын ғана өзгерістеріне икемделген организм түрлері
В) тұздың жоғары концентрациясына шыдамды организмдер
С) температураның кең аралықтағы өзгерістерге шыдамды организмдер
Д) температураның шағын ғана өзгерісіне икемделген организмдер
Е) оттек режимінің мол өрісіне икемделген организм
5. Сөйлемді жалғастыр
Гидросферадағы тіршілік иелері өздерінің сандық көрсеткіші тұрғысынан құрлықта тіршілік ететін организмдерден біршама ........... (азырақ немесе көбірек)
6. Төмендегі теңеудің құрлық бетіне тиесілін белгіле
А) фитомасса = зоомасса
В) фитомасса < зоомасса
С) фитомасса > зоомасса

7. Төмендегі теңеудің гидросфераға тиесілін белгіле
А) фитомасса =зоомасса
В) фитомасса < зоомасса
С) фитомасса > зоомасса


2.5 Оқы қызық

1. Дүние жүзіндегі дамыған елдер әлдеқайда кедей елдермен салыстырғанда таза ауыз суымен қамтамасыз етілген.
Мысалы (жалпы адам санының %)
Конго -51, Кирибати -48, Гвинея -48, Мадагаскар -47, Руанда-41, Лаос – 37, Камбоджа – 30, Чад – 27, Эфиопия – 24, Афганистан – 13.
2. Жер шарындағы жер асты суының 10 пайызын көптеген елдерде 1,5 млрд адам ауыз суы ретінде пайдаланады. Бірақ жерасты суын шектен тыс пайдалану оның орнын толтыру үшін көптеген жылдарды қажет етеді.
Мысалы: Үндістанның Тамиланд штатында жер асты суын қарқынды түрде пайдаланғандықтан грунт суының деңгейі 20 м-ге төмендеген.

2.6 Ұсынылатын рефераттар тақырыбы:

1. Әлемдік мұхит, жерасты сулары мен құрлықтағы сулардың негізгі
ерекшеліктері.
2. Гидросфера қабатында өмір сүретін оранизмдер мен құрлықта өмір
сүретін организмдердің ұқсастығы мен айырмашылығы.
3. Жер шарындағы тірі организмдер үшін гидросфераның рөлі.
4. Гидросфера экологиясы.
5. Гидросфера суының классификациясы

2.7 Қолдануға ұсынылатын қосымша әдебиеттер.

1. Львович.М.И. Водные ресурсы будущего М.1974.173с.
2. Фурсов.В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алматы: Ана тілі. 1999.191с.
3. Распопов.И.М., Гейн.С. Гидробиологические процессы в водоемах. Сборник трудов.Л.Наука 1983.
4. Акимова.А.Т., Хасин.В.В. Экология. учебник. Юнити. Москва. 2001.
5. Коробкин.И.В., Экология. учебник Ростов-на-Дону. Феникс. 2004.

2.8 Сөзжұмбақтың сұрақтары.

Тігінен:
1. Су бетінде қалқып жүретеін органикалық – минералды тозаңдар.
2. Су алабының атмосферамен орайласатын беткі қабаты қалай аталады?
3. Тек қана суда тіршілік етуге бейімделген организмдер.
4. Суда тіршілік ететін әртүрлі организмдердің денесіне және басқадай заттарға жабысып тіршілік ететін организмдер.
5. Стенебионт терминінің антонимі.
6. Салқын сүйгіш организмдер.

Көлделеңінен:
7. Пелегиальдық және бентостық тіршілік жағдайын алма – кезек ауыстырып отыруға қабілетті организмдер атауы.
8. Пелагиаль қабатында қалқып жүретін организмдерді қалай атайды?
9. Амфибионт терминінің синонимі.
10. Жылу сүйгіш организмдер.
11. Эврибионттық дәрежесі жоғары организм түрі қалай аталады?

2.9 Төменде келтіріліген мәліметтер бойынша әлемдік судың пайдалану графигін сызып, қорытынды жаса.

Әлемдік судың пайдалану эволюциясы.

Жыл Ауыл-шаруашылық
(куб км)
Тұрғын-үй
(куб км)
өнеркәсіп
(куб км)

1900
1925
1950
1975
2000 500
750
1100
1850
2600 100
150
200
600
800 50
150
200
300
400

2.10 Шрифтограмма

Альфавиттің көмегімен шрифтограмманы шеш
1. Тек қана суда тіршілік етуге бейімделген ағза
3.7.18.7.3.5.9.13.7.14.5.718.20.20.24.13
2. Салқын сулы алаптарды ұнататын ағзалар
26.13.5.7.27.5.18.9.30.
3. Су бетінде қалқып жүріп өмір сүретін ағзалар
31.18.24.18.26.20.7.18
4. Суда қалқып жүретін органикалық-минералдық тозаңдар қалай аталады.
9.32.20.13.5.20 ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?