Есім Сегізбаев Жүкеұлы (1937 жылы 14 сәуір)

 Есім Сегізбаев Жүкеұлы (1937 жылы 14 сәуір)

Есім Жүкеұлы Сегізбаев (1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданында туған) — актер, педагог. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі.
Есім Жүкеұлы 1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданы, Сарыадыр ауылында дүниеге келген.
1958 жылы Щучинск қаласындағы алтын-платина тау-кен техникумын бітірген.
1958 - 1961 жылдары-әскер қатарында болды, аға лейтенант.
1961 - 1965 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кино және драма актеры мамандығын бойынша бітірген.
1965 - 1978 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында жемісті еңбек етті.
1978 жылдан негізгі кәсіби мамандғы «Актер шеберлігі» пәнінен Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор лауазымдарын атқарды.
Қазіргі таңда Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.
Шығармашылығы
1978 жылдан бүгінге дейін Есім Сегізбаев негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді.
Шәкірттерінің ішінде: 12 (Қазақстанның халық әртісін), 1 (Қытайдың халық артисін), 1 (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерін), 14 (Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлерін), 30ға жуық (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мен мәдениет қайраткерілерін) бар.
«Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша-қазақша сөздіктерінің» авторы. «Қоюшы – педагогтың дипломдық спектакілмен жұмыс істеуі» ғылыми –метдикалық еңбек жазды, жоғары және орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі пәнінің типтік бағдарламаларының авторлар ұжымының бірі және аударылған оперетталар «Оқулық –көрнекті құрал» еңбектері бар.
Жалпы еңбек стажы 58 жыл. Өнер саласындағы стажы 47 жыл.
Марапаттары
1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" медалі
1983 жылы "Еңбек ардагері" медалі
1996 жылы ҚР Білім беру ісінің Үздігі
1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіның Құрмет грамотасымен марапатталған.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (құрметті атағы)
2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
президент жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталған.
ҚР Мәдениет саласының Үздігі (құрметті медалі)
2015 жылы "ҰЛы отан соғысына 70 жыл" медалі
Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" медалі
Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті пеадгогикалық төсбелгісі және т.б медалдармен марапатталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі