Дидар Қамиев Жанатұлы (1988 жылы 10 желтоқсан)

 Дидар Қамиев Жанатұлы (1988 жылы 10 желтоқсан)

Дидар Жанатұлы Қамиев (10.12.1988 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылы — айтыскер ақын, жыршы, термеші.
Өмірбаяны
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қарашор бұтағынан шыққан.
Жас айтыскер 2010 жылы Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін тәмамдаған.[1] Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған. Дидар Қамиевтің орындауындағы жыр-термелер интернет желісінде кеңінен тарап, халықтың ықыласына бөленіп жүр.
Марапаттары
2002 ж. — Көкшетау қаласында өткен «Кемел ойлы хан Кене» атты республикалық жыршы­ жыраулар сайысында 1-орын ;
2005 ж. — Байғозы батырдың 300 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық жыршы­жыраулар сайысында 1-орын;
2006 ж. — Қырғызстанда өткен бүкіләлемдік жыршы­эпосшылар фестиваліне қатысып, арнайы медальмен марапатталған;
2008 ж. — Маясар Жапақұлына арналған республикалық айтыста 1-орын;
2008 ж. — Павлодар қаласында өткен М.Ж. Көпейұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде;
2008 ж. — Алматы облысы Панфилов ауданының 80жылдығына арналған республикалық айтыста 1-орын;
2008 ж. — Алматы қаласында өткен «Алашыңды ардақта» атты республикалық айтыста 1-орын;
2009 ж. — Қызылорда қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде ;
2009 ж. — Астана қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысында Бас жүлде;
2009 ж. — Қызылорда облысы Шиелі ауданының 80жылдығына арналған «Маржаны Сырдың Шиелі» атты республикалық айтыста Бас жүлде;
2010 ж. — Астана қаласының 12 жылдығына орай өткен республикалық жас ақындар айтысында 1-орын;
2011ж. — Шымкент қаласында өткен республикалық ақындар айтысында Бас жүлде;
2011 ж. — Алматы облысы Ұзынағаш ауданында өткен, Ж. Жабаевтың 165 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық айтыста 1 орын;
2011 ж. — Қостанай облысы, Амангелді ауданында өткен республикалық айтыста 1-орын иеленген.
2013 ж. — Қарағанды облысында өткен Жидебай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде
2013 ж. — Қызылорда қаласының 195 жылдығына орай өткен республикалық айтыста Бас жүлде
2013 ж. — Астана қаласында өткен «Жырың болып төгілемін» атты республикалық айтыста 1-орын
2015 ж. — Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай өткізілген республикалық айтыста Бас жүлде
2015 ж. — Павлодар қаласында өткен Батыр Баянның 300 жылдығына арналған айтыста Бас жүлде


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!