Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы » ZHARAR © 2016 | мектеп отбасы, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы, отбасы мектеп қоғам ынтымақтастығы, отбасы мектеп және қоғамның ынтымақтастығы, Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы, отбасы туралы, мекеп отбасы туралы




  • »

Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы

Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы казакша Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы на казахском языке

Жонисова Алмагуль Салимгереевна
орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Соркөл орта мектебі Ойыл ауданы Ақтөбе облысы


«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
Н.Ә.Назарбаев.

Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті.
Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып, ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата-аналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Кейде отбасы мен мектептің арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Ал мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді.
Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.

Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады. Олар әр түрлі формада ұйымдастырылады.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады.

Отбасы тәрбиесі.
Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеу.
Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды.
Мектептің ата-аналармен жүргізілетін негізгі мақсаты: ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету; ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету.
Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата – аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата – аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімін, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін біледі. Ата – аналар балаларымен ынтымақты қарым – қатынас нақтылы әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырылады.
Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі.
1. Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральбық қана емес, заң жүзінде міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесіінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
3. Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін , оның үлгі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата – анасы үлгі болуға тиіс
«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ана-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Отбасы және балабақша» журналы
2. «Сыныптағы тәрбие» журналы
3. «Тәрбие құралы» журналы
4. «Бала тәрбиесі» журналы

Өтініш

Аты – жөні: Жонисова Алмагуль Салимгереевна
Қаласы, ауданы, ауылы: Ақтөбе қаласы, Ойыл ауданы, Құмжарған ауылы
Жұмыс орны, қызметі: Соркөл орта мектебі, мұғалім
Телефоны мен Е – mail 87133273027
Баяндама тақырыбы: Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
Бағыты: Мектеп пен отбасының өзара байланысу формасы



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал | | 7 067
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .