Тіл ұстарту
КІМ, НЕ ІСТЕЙДІ?
Тасшы тас қалады,
Басшы басқарады.
Досшыл – дос табады,
Қасшыл – қас табады.
Төсшіл – төс қағады,
Асшыл – ас бағады.
Бәсшіл – бәстеседі,
Мәсшіл – мәс теседі.
Есшіл – естеседі,
Бесшіл – беске өседі.
Сесшіл – сескенеді,
Десшіл – бек келеді.
С мен Ш
Сергітейік сананы,
Сырғанатып шананы.
Таудың соққан самалы,
Соқпай тұр-ау, шамалы.
Көл жағасын сағала,
Көлде көп қой шағала.
Тәтті қант та, секер –
Қайнатылған шекер.
Мынау күшік сабалақ,
Көп үретін – шабалақ.
Көп баққан-ау сиырды,
Топайды атып, шиырды.
Ұлы біздің Сәкен де,
Ұлы және Шәкен де!
Ғажап судың сырылы,
Құстың әйбат шырылы.
Өмір-өзен сағасы –
Адам, бала-шағасы!
Көк құрақта сабақ,
Көк теңізде шабақ.
Р мен Л
Оқы, үйрен, біл,
Санның басы – бір.
Кішкентаймыз әлі,
Жаттығамыз әрі.
Қандай тәтті бал,
Дәрумені бар.
Жылы үйде қал,
Тыста суық қар.
Әдемі екен тал,
Өскен жері тар.
Еңбек бәрі – бұл,
Көңіл соған бұр!
Н мен Ң
«Н» деген – басқа әріп,
«Ң» да бар басқалық.
Қатені байқайық,
Дұрыстап айтайық.
Ал, кәне, бастайық,
Абдырап, саспайық.
Ын-ын-ын, ын-ын-ын,
Ың-ың-ың, ың-ың-ың.
Сен-сен-сен, сең-сең-сең,
Мен-мен-мен, мең-мең-мең
Бас қадам он-оннан,
Іс болсын оң-оңнан!
Кигенге тон қалың,
Сүйменге тоң қалың.
Айтқаның шын болсын,
Шыққаның шың болсын!
Жақсы жұрт қайынды,
Жақсы тал қайыңды.
Өзгенің білгенін,
Жақсы ғой білгенің!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ
» Әженің әңгімесі
» Үйленуге 10 себеп
» 14 наурыз – Көрісу күні
» 9-сыныпқа арналған қазақ тілінен тест сұрақтары мен жауаптары (9-12 нұсқа)
» 100 имамның жан айқайы...
» Шешендік сөздер
Іздеп көріңіз:
Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2
Ілмектер: тіл ұстарту, тіл