Мақал-мәтелтер, жаңылтпаш, жұмбақ және ойындар


Мақал – мәтелдер

  Отан,туған жер, ел – халық

  1. Ел мен жер егіз.
  2. Ел іші алтын бесік
  3. Өнер көзі халықта.
  4. Ақ бөкенді жатыр деме,

Көшпелі елді отыр деме.

  1. Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

  1. Көптен қоян қашып құтылмас.
  2. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

  1. Ауылым – алтын бесігім.
  2. Отан – оттан да ыстық.
  3. Қазақтың осы жер дегені, көш жер.
  4. Ел жаусыз болмас,

Жер таусыз болмас.

  1. Елің панаң,

Жерің анаң.

  1. Шықпаған егіннен жер бүлінеді,

Олақ бастықтан ел бүлінеді.

  1. Данышпан айтса, ел айтқаны,

Елдің қамын жеп айтқаны.

  1. Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,

Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,

Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

  1. Кімнің жерін жерлесең,

Соның жырын жырларсың.

  1. Сарала қаз көлін сағынар.
  2. Туған жерің түсіңе кіреді.
  3. Халық көзі қаһарлы.
  4. Халық айтса, қалып айтпайды.
  5. Адалдық үшін арыдым деме.
  6. Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып істе.

  1. Көп біріксе – ел болар.
  2. Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
  3. Елдің іші елу батпан.
  4. Өз елің алтын бесігің.
  5. Ел жасымен көрікті,

Тау тасымен көрікті,

Аяқ асымен көрікті.

  1. Егемен елдің еңсесі биік.
  2. Көп ел – сарқылмас көл.
  3. Есің барда елің тап.
  4. Отан – қуат,

Отбасы шуақ.

  1. Жері байдың елі бай.

Ер, ерлік, батырлық.

  1. Ер егіз, еңбекте жалғыз.
  2. Қатты жерде қақ тұрар,

Қайратты ерде мал тұрар

Талапты ерге нұр жауар.

  1. Жомарт жоқтығын білмейді,

Жүйрік ат тоқтығын білмейді.

  1. Арғымақ ат бірде жалды,бірде жалсыз,

Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.

  1. Өз қадірін білинген ер,

Қадірлінің қадірін білмес.

  1. Ер қадірін ел білер,

Зер қадірін зер білер.

  1. Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі,

Жамандыққа жамандық – ер кісінің ісі.

  1. Жүк ауырын нар көтереді,

Қазан ауырын ер көтереді.

  1. Қоянды қамыс өлтіреді,

Ерді намыс өлтіреді.

  1. Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
  2. Нар тәуекел – ер ісі.
  3. Ел үмітін ер қатар,

Ел атағын ел сақтар.

  1. Ерлік бірлікте емес,

Ерлік жүректе.

  1. Айлалы батыр алдырмас.
  2. Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

  1. Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

  1. Ерлік – ел есінде.
  2. Еліне сенген еңкеймейді.
  3. Ұланы бар елдің ұраны бар.
  4. Айласыз батыр алдырар.
  5. Ерді көрсең қыдыр тұт,

Асты көрсең қадыр тұт.

  1. Күш атасыне танымас.
  2. Ерді ел теңгерер.
  3. Ер талабы өр мегзр.
  4. Еменнің иілгені – сынғаны,

Ер жігіттің ұялғаны — өлгені.

  1. Қашпақ, қумақ – ерге сын,

Көшпек, қонбақ – жерге сын.

  1. Ер арыса – аруақ,

Ат арыса – тулақ.

  1. Бір оқты бұлан көтереді,

Екі оқты ұлан көтереді.

  1. Ерлік – елдің сыны.
  2. Үркер жиылып – ай болмас,

Кедей жиылып – бай болмас.

  1. Істің ағы білінбейді,

Жігіттің бағы білінбейді.

  1. Ауырлықты жер көтерер,

Ауыр жазаны ер көтерер.

Еңбек – байлық, кәсіп – нәсіп

  1. Еңбек ер атандырар.

2.Біткен іске сыншы көп.

  1. Істің басы байлы болса,

Аяғы сайлы болады.

  1. Әлің барда еңбек ет,

Еңкейгенде емерсің.

  1. Тауды, тасты жел бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.

  1. Сен салар да мен салар,

Атқа жемді кім салар.

  1. Еңбек бәрінде жеңбек.
  2. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Тігіншіні инесі асырайды.
  2. Еңбек етсең ернің асқа тиеді.
  3. Еңбектүбі – қуаныш.
  4. Ерінбеген етікші болады,

Ұялмаған өлеңші болады.

  1. Алма піс, аузыма түс.
  2. Жақаудың жаны ұйқыда.
  3. Еріншектің ертеңі таусылмайды.
  4. Жердің жарлысына

Ердің сорлысы қонар.

  1. Екпей егін бітпес,

Үйренбей білім бітпес.

  1. Мал жисаң – қонысын тап,

Ас жисаң – ыдысын тап.

  1. Кәсіп,кәсіп түбі – нәсіп.
  2. Не ексең соны орасың.
  3. Көрнекті іс көмілмейді.
  4. Қолынан келген қонышынан басады.
  5. Еңбек еткен емеді,

Еңбексіз не өнеді.

  1. Жұмысы бардың,

Жүйкесі тыныш.

  1. Жақсы жұмыс – жанға тыныш.
  2. Еңбегі аздың өнбегі аз.
  3. Жатқанға жан жуымас,

Жалқауға мал құралмас.

  1. Ерді еңбек жеткізер.
  2. Еңбегіңнен ел таныр.
  3. Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

  1. Жаңбырменен жер көгерер,

Еңбекпенен ел көгерер.

  1. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
  2. Ісі кенеулінің – есімі елеулі.
  3. Қайратың бар да малың тап.
  4. Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес.

Ұрлық, ұят, ынсап, пейіл.

  1. Сен құдайға жеткенше,

Мен үйге жетемін.

  1. Жаман төре жан алар.
  2. Бар болса аспа,

Жоқ болса саспа.

  1. Үйіңе келгенге, үйдей өкпеңді айтпа.
  2. Жарлылық ұят емес,

Байлық мұрат емес.

  1. Жарлының аузы аққа тисе,

Мұрны қанайды.

  1. Қарғыстан кісі өлмейді.
  2. Жын соққаннан мың соққан жаман.
  3. Сауда досқа қарамас.
  4. Өзі тоймағаннан сарқып дәметпе.
  5. Жуас түйе жүндеуге жақсы.
  6. Мешекйдің өзі тойса да,

Көзі тоймайды.

  1. Жуастан жуан шығады.
  2. Ашыққаннан, құныққан жаман.
  3. Ұрлық, ұрлықтың түбі – қорлық.
  4. Атақты ұры аштан өледі.
  5. Ұры түн асқанша,

Қасқыр дөң асқанша.

  1. Ұры – қарының серігі.
  2. Ұрыға мал құтаймас.
  1. Жаманға жалынғанша,

Жат та жаныңды қарман.

  1. 21. Ұялған сыбағасыана құр қалар.
  2. 22. Інгенімді қараймын деп,

Мінгенімнен айырылдым.

  1. Өтіріктің құйрығы бір – ақ тұтам.
  2. Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.
  3. Сезікті секіреді.
  4. Ұрымен жақын болсаң,

Ұятқа қаласың.

  1. Елін сатып асаған,

Екі күн ғана жасаған.

  1. Ұры өле — өлгенше ақпын дейді.
  2. Қолашағы күшті болса,

Киіз қазық жерге кірер.

  1. Бай байға құяды,

Сай сайға құяды.

  1. Өнерліге өлім жоқ,

Жалқауға жарық жоқ.

Адалдық, адамгершілік,

Достық, ізгілік.

  1. Адал ниет аздырмайды,

Арамдық бойды жаздырмайды.

  1. Адал еңбек аздырмас,

Сұлулық бойын жаздырмас.

  1. Аталы сөзге арсыз таласады.
  2. Әзіл айтсаң да, әділ айт.
  3. Өз ақылын шамалаған қор болмас.
  4. Жығылған күреске тоймас.
  5. Сыпайы сырын жасырмайды.
  6. Арлы арына қараса,

Арсыз жеңдім дейді.

  1. Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.
  2. Аурудан әдет жаман.
  3. Күлме досыңа келер басыңа.
  4. Бет көрсе, жүз ұялады.
  5. Адалдық – ардың ісі.
  6. Ұялмаған бұйырмағаннан татар.
  7. Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
  8. Ақымақтың үлкен – кішісі болмайды.
  9. Құлан өз қағынан өзі жерімес.
  10. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
  11. Ақылы аздың азабы көп.
  12. Жыртық тесікке күледі.
  13. Кең пейілді кем болмас.
  14. Асылдың бірі – адалдық.
  15. Жаман туғаныңболғанша,

Жақсы жолдасың болсын.

  1. Ауыз ашса, сыр көрінеді,

Есік ашса, төр көрінеді.

  1. Жартыны жарып жеген,

Татулықтың белгісі.

  1. Мал көтерер өлімді,

Дос көтерер көңілді.

  1. Дос басқа қарар,

Дұшпан аяққа қарар.

  1. Досқа келсең босқа келме.
  2. Дос бергенінің түсіне қарама.
  3. Жолдастың мыңын алма, бірін ал.
  4. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  1. Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын.

Адамның өмірі.

  1. Ұлы бардың – ұрпағы бар.
  2. Жастық – желік.
  3. Кәрі білгенді,

Пері білмес.

  1. Көңіл қартаймас,

Көз қартайар.

  1. Әкесі құрдастың,

Баласы құрдас.

  1. Сексен дегенше,

Жермен жексен де.

  1. Адам өзінен кейінгілерді көріп қартаяды
  2. Кәрілік сені қайтейін,

Сөйлер сөзге мерт еттің.

  1. Соқырдың тілегені екі көз.
  2. Туа мүкіс жазылмас.
  3. Тісі шыққан балаға

Шайнап берген ас болмайды.

  1. Соқырға күн де қараңғы,

Түн де қараңғы.

  1. Соқыр ұстағаннан айырылмайды.
  2. Жастыққа да кәрілік бар,

Байлыққа да жарлылық бар.

  1. Өлімнен басқаның ертесі жақсы.
  2. Кәрілік – дауасыз дерт.    
  1. Ұйқы жастық сұрамайды.
  2. Бүркіт қартайса тышқаншыл болады.
  3. Біреуге өлім тілегенше,

Өзіңе өмір тіле.

  1. Көшемін деп отыныңды тауыспа,

Өлемін деп азығыңды тауыспа.

  1. Көп жасаған көмбенің үстінен шығар.
  2. Кәрісі кімнің бар болса,

Хаты соның қолында.

  1. Ауылыңда қартың болса,

Жазып қоцған хатпен тең.

  1. Есік алды төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

  1. Балалық шағы – патшаның тағы.
  2. Жас – кәрінің көзі,

Кәрі – жастың көзі.

  1. Бала соққан кездіктің басы жарық.
  2. Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,

Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.

  1. Қарты бар үйдің құты бар.
  2. Кәрінің басы игі.

Салт – дәстүр, әдет – ғұрып.

  1. Қонақ құдайдың еркесі.
  2. Тойдың болғанынан, боладысы қызық.
  3. Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.
  4. Берместің асы піспес,

Қазаны оттан түспес.

  1. Тойға барсаң, тойып бар.
  2. Заманы бірдің амалы бір.
  3. Ет бегенде бет жоқ.
  4. Амандық ағадан.
  5. Ас иесімен тәтті.
  6. Сұрап бергенше,

Соғып бер.

  1. Сыпайының сыры мол.
  2. Берген қолым алған.
  3. Қолыңмен істегенді,

Мойныңмен көтер.

  1. Сақтағанын жесе, сағынғаны келер.
  2. Жығылғын үстіне жұдырық.
  3. Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра,

Жақсы көргеннің жұмысын, келгенінде  сұра.

  1. Алған бір жазықты,

Алдырған екі жазықты.

  1. Үлкен үйдегі күлсе,

Кіші үйдегі езу тартады.

  1. Аққа қара жұқпайды.                                                                                                                                        
  1. Қостың кішісі болғанша,

Үйдің кішісі бол.

  1. Естіген құлаққа жазық жоқ.
  2. Жігіттің бір жұрты нағашысы.
  3. Жаңылмас жақ болмас,

Сүрінбес тұяқ болмас.

  1. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
  2. Ас көп болса, кәде көп.
  3. Орамал тонға жарамаса да,

Жолға жарайды.

  1. Асыңа тойғызбасаң да,

Ақниетіңе тойғыз.

  1. Тойған үйге тоғыз бар.
  2. Тас түскен жеріне ауыр.
  3. Қонақ қойдан да жуас,

Май берсе де жей береді.

Жұмбақтар

  1. Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар.     ( ай мен жұлдыздар )

  1. Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім.  ( көбелек )

  1. Дөп – дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай.   ( қарбыз )

  1. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.  ( су )

  1. Бірін – бірі қоршаған,

Бір үйден көрдім

Қырық екі дос – жаран.  ( 42 әріп )

  1. Білім менен тәлім,

Тарақты ашқанда

Беттерінен мәлім.  ( күнделік )

  1. Тілі – юетінде тұр,

Сөзі – шетінде тұр.  ( сағат )

  1. Үйлер кетіп барады айдалада,

Барар екен, біомедім қай қалаға.   (пойыз )

  1. Жеті ағам жерге түспеді. ( жетіқарақшы ) 
  1. Аңғарды мекендейтін отыз бөрі,

Он жігіт ол бөрінің қызметкері.

Салынған еттен көпір ортасында

Алдағы қызмет етеді әрлі – берлі.

( отыз тіт, он саусақ )

  1. Ағаштардыңкөркемі,

Мәңгі жасыл бұтағы.

Мекен ғып тау — өлкені,

Кәусар ауа жұтады.  ( шырша )

  1. Жасыл болып жыпырлап өнеді,

Сары болып үзіліп семеді.  ( жапырақтар )

  1. Күн нұрымен піседі,

Уылжып қолға түседі.   ( жеміс )

  1. Ұзын өзен,

Суы жоқ.  ( жол )

  1. Гүрілдеп жүреді,

Жердің бетін сүреді.  ( трактор )

  1. Қанаты бар қақпайды,

Аспанда тыныш таппайды.  ( ұшақ )

  1. Суда – көлік,

Құмда — өлік. ( қайық )

  1. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды.  ( автобус )

  1. Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?  ( ұшқыш )     

  1. Әкемнің тор тайы,

Май жалап, су ішсе,

Тоқтамай жортады.   ( машина )

  1. Жалт – жұлт етер,

Жер бетіне жетер.  ( найзағай )

  1. Бірі құяды,

Бірі жұтады.  ( жаңбыр мен жер )

  1. Талдың басында

Жемі бар қасында.

Тал тұр саялы,

Достарға аялы.   ( құстың ұясы )

  1. Көп бытыра қорғасын,

Көбейткен жердің олжасын.   ( жаңбыр )

  1. Бір үйге көзсіз болып бас сұғасың,

Бұл үйден көрген болып шығасың.  ( мектеп )

  1. Өркешіне мұз татқан,

Шудасынан су аққан.

Мынау неткен қара нар,

Күншіліктен мұнартқан. ( тау )

  1. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт жаптырмасы бар,

Бір шыбыртқысы бар.   ( сиыр )

  1. Біреуі сөйлейді, екеуі қарайды,

Екеуі тыңдайды.   ( тіл, құлақ, көз )

  1. Қазанда қайнап піспеген,

Дастарқанға түспеген,

Адам жоқ оны ішпеген.  (ана сүті )

  1. Ұшында бір тамшы,

Уы бар бір қамшы.   ( жылан )

  1. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.   ( ұстаз )

  1. Қыста әйнекке біреу,

өрнек салып жүрер.   ( аяз )

  1. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған.   ( бор )

  1. Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны.   ( теледидар )

  1. Асқар тауда қара орман. ( шаш )
  2. бойлаған сайын тереңге,

Шағасың биік белеңге.   ( білім )

  1. Тиіп кетсе жырлаған,

Даусы көпке ұнаған.   ( домбыра )

  1. Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады.   (сабын )

  1. Екі атым бар тынбайтын,

өзімді ғана тыңдайтын.  ( екі аяқ )

  1. Мөлдіреген жүзімді,

Қозғап едім үзілді.   (моншақ )

  1. Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жолы жоқ.    ( хат )

  1. Күндіз шайқасады,

Түнде айқасады.    ( кірпік )

  1. Құлақтан кіріп, бойды алар,

Көңілге түрлі ой салар.   (ән – күй)

  1. Тарғыл – тарғыл тас па,

Тастан бірақ басқа    ( жолбарыс )

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың.   ( тұз )

  1. Жау көрсе, қатты сасады,

Құйрығы тастан қашады.   ( кесіртке )

  1. Қате жазып жаңылсаң,

Тазалайды ол барып сап.   ( кесітрке )

  1. Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын.   ( сөйлем )

  1. Бір ағашта бес тармақ,

Тастан бірақ басқа.   (жолбарыс )

  1. Өрнектеп сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлекті тігетін?   ( тігінші )

 

Нақыл сөздер

  1. Тасты жарып гүл шықса,

Күнге қарай ұмтылар.

Топты жарып ұл шықса,

Шыңға қарай ұмтылар.

  1. Алға дайым, арлы едің,

Ат сөзін сыйлаған.

Перзентімнің алды едің,

Көңілімді қимаған.

  1. Атаңа тоқтамасаң да,

Ақылға тоқта.

  1. Ата – баба мұрасы

Көздің қара – ағындай.

  1. Пішуі қисық бұйымның

Тігуі түзу болмайды.

  1. Күреске шақырмаса, ақын ба, ақын,

Ақын болса халыққа болсын жақын.

  1. Сыйлай білген, сый көрер.
  2. Өсиетім: шындықты, адалды сүй,

Ардақтаған халықты адамды сүй.

Елдің тіккен іргесін игілікке,

Тап бүгінгі бақытты заманды сүй.

  1. Зор борлу – қиын,

Қор – болу демде.

  1. Жігіттіктің кезеңінде,

Жігерлі болса, ер болар.

  1. Әрекетсіз құр ақыл –

Лайланған су тектес.

Не түсе алмайсың,

Не іше алмайсың.

  1. Шоққыш жылан уытты.
  2. Надандық – жұт,

Адалдық – құт.

  1. Жақсының өзі кішік, оты биік.
  2. Күрмек көбейсе – күріштің соры,

Дүрмек көбейсе – жұмыстың соры.

  1. Жаманның көңілі көкте, жерде басы.
  2. Жақсы сөзді қалт жібермей жаттап өт,

Көп ғибрат аларсың.

Құмырсқаны таптап өтпе, аттап өт,

Сауабына аларсың.

  1. Жауыздың орны – жаханнәм.
  2. Жақсы жетектесе – тартына көрме,

Жаман жетектесе – артынан ерме.

  1. Жетілдім деп, жеттім деп,

Қар суындай тасыма.

Жақсылық қылсаң, жақсылық,

Жетеді деген басыңа.

  1. Ақылыңа сенсең де,

Ақылдаса жүргейсің.

Жақсыларды жатсынбай,

Жақындаса жүргейсің.

  1. Есіткен сөзді електен өткіз,

Ақылға салып, жүрекке жеткіз.

  1. Ас сұйылса дәмі кетеді,

Сөз сұйылса мәні кетеді.

  1. Алыптан күшті болсаңда,

Халықтан күшті болмассың.

  1. Түн болса көрінбес деп ойлама,

Мін болса білінбес деп ойлама.

  1. Жақсының өнегесінайтасын

Жаманның неменесін айтасың ?

  1. Аяғыңнан сүрінсен,

Тұрып кетерсің.

Тіліңнен сүрінсең,

Құрып кетерсің.

  1. Жұт жеті ағайынды.
  2. Есті ханның қайғысы ашу болып шашылар.
  3. Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма.
  4. Ашу – дұшпан,

Ақыл – дос.

  1. Жасық ақаусыз болмас,

Асыл атаусыз болмас.

  1. Табағы да сәнді,

Тамағы да дәмді.

  1. Адамның білімі артқан сайын оның

көрер көкжиегі кеңейе береді.

  1. Жатқанды ұрған –

Жауыздық.

Жаңылтпаштар

  1. Бұл мұғалім –

Елге мәлім мұғалім

Әрі ғалым мұғалім.

  1. Байғыз қай құс ?

Байғыз байғұс,

Ұшады жалғыз.

  1. Ықсан ұста – ұстаз ұста,

Үш ұстаға ұстаз ұста

Жасы тұстас ұста.

  1. Асқа қосуға қай бұрыш дұрыс,

Қара бұрыш дұрыс па ?

Қызыл бұрыш дұрыс па ?

Қарасының иісі дұрыс бұрыш,

Қызылының түсі дұрыс бұрыш.

  1. Алғыр аттар –

Арғымақтар,

Арғымақтарды

Әркім мақтар.

  1. Таңдап тарлан

Атты алдым

Таңнан аңға

Аттандым.

  1. Тарпаң тасты

Тартып келеді,

Тарантасты

Тартып келеді.

  1. Көкпектіде көкпек

Көктемеде көктеп,

Көкпектіде көптеп,

Көктеген кез көкпек.

  1. Төрт төртім бар,

Төрт тортым бар,

Төртім – маған

Тортым – саған.

  1. Сортаңнан Шортан кездеспес,

Шортанды сортаң кездеспес.

  1. Саба ұстаған ыстай біледі,

Саба ұстаған ұстай біледі.

  1. Шанышқының шаң үсті,

Шашылғанда шаңы ұшты.

  1. Ақ доп,

Сақ дөп.

  1. Шұңғыл шұңқыр,

Шұңқыр шұңғыл.

  1. Тау дәу,

Дәу тау.

  1. Бозда боз ат мінген атам,

Бозда боздап жүрген атам.

  1. Үш ұшқыш алды,

Үш кір қысқыш

Үш тіс ысқыш.

  1. Ара барда бал бар,

Қайда кетер бар бал ?

  1. Баптап бақ бар, баттап баптар.
  2. Қақтан қатқан шақта өттік,

Қатқан қақтан сапта өттік.

  1. Дәу істі,

Дауысты.

Дақпыр шешпейді,

Тапқыр шешеді.

  1. Анау аша –

Аласа аша.

Аса аласа –

Анау аша.

  1. Құс қайтты, қыс келді,

Қыс қайтты, құс келді.

  1. Арпа ауыр ма ?

Арба ауыр ма ?

Апара ала ма ?

Ат ауылға ?

  1. Шыңға шықтым

Сынға түстім.

Шыңнан түстім,

Сыннан шықтым.

  1. Тұз – мұздай,

Мұз – тұздай.

  1. Шұнық құлақ лақ,

Бұлаққа барды.

Бұлақ жағасындағы

Құраққа барды.

  1. Қызым жүзім же,

Жүзім үзіп же.

Ойындар

  1. Жер. Су. Ауа.

Мақсаты: Баланың тапқырлығын, ақыл – ойын дамыту.

Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады да, шеңбердің ортасынан 2 командаға бөлінеді. Бастаушы жануарлардың, балықтардың, құстардың аттарын естеріне түсіріп, балаларға бірнеше сұрақтар береді. Содан кейін бастаушы шеңбердің ортасынан допты бір балаға лақтырып тұрып « ауа » дейді. Допты қағып алған бала оны қайта лақтырып

« шымшық » дейді. Екінші балаға лақтырған кезде « су » десе ол бала « алабұға » дейді. Ал

« жер » дегенде, « түлкі » деп жауап берілуі керек. Ойын соңында жауаптан кідірмеген, жаңылмаған бала саны көп команда жеңімпаз атанады.

  1. Қасқыр және жеті лақ.

Мақсаты: Мәнерлеп айтуға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: қасқыр, ешкі, лақ маскалары.

Ойын шарты: Балалар ертегінің мазмұнын игеріп, қасқыр, ешкі, лақтардың жауаптарын жақсы білулері керек. Тәрбиеші рольдерді бөліп, маскаларды үлестіреді. Сонымен оцын – инсценировка басталады. Тәрбиеші балалардың назарын әр кейіпкерлердің дауыс ырғағы мен екпініне аударады. Ешкі мен лақтар жіңішке дауыспен, қасқыр басында жуан, сонан соң жіңішке дауыспен, өте жіңішке дауыспен сөйлейді.



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Пікірлер 1

  1. Офлайн
    Duglaskbi
    Duglaskbi 22 декабря 2020 07:34
    0 + 0 -
    Рақмет, мықты мақал мәтелдер
Келесі мақала ашылудa...