Туған күн тойлары » ZHARAR © 2017 | туған күн туралы, туған, жасқа, мүшел, күнін, баласының, үлкен, Әрбір, ішінде, бастап, сайын, ержетіп, азамат, қуаныш, күнді, болғаннан, өткізеді, аналар, тойлау, тойлаудың, шығар




  • »

Туған күн тойлары

Туған күн тойлары казакша Туған күн тойлары на казахском языке

Әрбір ата-ана баласының бір жасқа толғанынан бастап, жыл сайын туған күнін атап өтеді. Мұның ішінде баласының ең алғашқы мүшел жасқа (13 жасқа, содан кейінгі мүшел жас оған 12 жылды қосып отыру арқылы анықталады) толып, одан аман-сау өтуі ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Жас сәби ержетіп, азамат болғаннан кейін өз туған күнін өзі өткізеді. Оған құрбы-құрдастарын шақырады, ата-аналарына да дастархан жаяды.

Туған күннің ішінде 50, 60, 70, 80, 90, 100-ге толу – мерейтой болып саналады. Дәулетті жандар оны үлкен тойға айналдырады.

Туған күн тойлаудың белгілі бір дайын үлгісі жоқ, дегенмен жастар арасында оны ішімдіксіз өткізіп, әзілдесіп, әңгімелесіп, ән айтып, би билеу соңғы кездері сәнге айналып жатқаны қуантарлық жайлар. Кейде туған күнді таза ауада серуендеп өткізеді. Мұндайда қозғалыстық спорт ойындары ойналады. Бұған балабақшадан бастап туған күнге тілек айтуға үйрету, туған күн иесінің не ойнағысы келсе, соны ойнауға баулуы мүмкін ықпал ететін шығар деп те ойлаймын. Жалпы, жастардың бас қосуына туған күн тойлау себеп болады.

Үлкендер туған күн сайын жасы ұлғайғанына бір күрсінеді. Жастар өсіп, ер жеткеніне қуанады. Әрбір жас адам бойына өзіндік ізін қалдырады.

Сіз туған күнді қалай тойлау керек деп ойлайсыз? Мүмкін сіз ұсынған туған күн тойлаудың нұсқасы көпшілікке ұнайтын шығар...


Санат: KZ портал | | 6 833
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .