Шешендік сөздер » ZHARAR © 2016 | шешендік сөздер, шешендік сөздер қазақша, шешендік сөздер қысқа, шешендік сөздер қысқаша, шешендік сөздер және оның түрлері, ҚОНАҚ НЕШЕ ТҮРЛІ БОЛАДЫ, АСАНҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРГЕ АЙТҚАН СЫНДАРЫ, АСУСЫЗ ТАУҒА КЕЗ БОЛДЫМ, БАЛДАН ТӘТТІ НЕ БАР, ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН МЕН ҚАРАКӨЗ АЙЫМ, ҚАСЕНХАННЫҢ АСАНҢАЙҒЫ АТАНУЫ, ЖИДЕБАЙ МЕН ҚАРАМЕНДЕ СӨЗДЕРІ




  • »

Шешендік сөздер

Шешендік сөздер казакша Шешендік сөздер на казахском языке

ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН МЕН ҚАРАКӨЗ АЙЫМ

Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады.
— Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің? — деп сұрайды.
— Жалғыз түйемнен көз жазып қап, соны іздеп жүр едім,— деп жауап береді бала.
— Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?
— Түйемнің тұсауы өліп қалып еді,— дейді бала. Ол әкем өліп қалып еді деген сөзі екен.
— Балам, біз қай үйге қонамыз?
— Бір қой жеймін десеңіздер, қай үй болса да қона бересіздер! Екі қой жеймін десеңіздер, біздің үйге қонасыздар,— дейді бала. Ханның қасындағылар:
— Мынау бір мырза бала екен, осының үйіне қонайық,— дейді. Келген соң бала бір буаз саулықты жетектеп келіп «иллаһи амин!» дегенде: «Шырағым, бойдақ қой жоқ па? — деп ескертеді хан.
— Мен бойдақ қойдың жоғын мана далада айтпап па едім? Екі қой жесеңіздер, біздің үйге қон дегенім осы емес пе еді? — дейді бала.
Қонақтар жауабына қайран қалады.

. . . . . . . . .


Бір күндері Әз Жәнібек хан қырық уәзірін жиып алып: «Маған өтірік пен шынның арасы немен айырылады, соны тауып беріп қалағандарыңды алыңдар. Таба алмасаңдар, бастарыңды аламын, ойлануға қырық күн мүмкіндік бердім»,— депті. Уәзірлері қырық күндей ойлап, таба алмапты, қырқыншы күн болғанда хан уәзірлеріне «Өтірік пен шынның арасын немен айыра алатынын таптыңдар ма?» — дейді. «Жоқ, тақсыр, таба алмадық»,— десіпті уәзірлері. Хан «бастарыңды алармын» деп қаһар қылғанда әңгіме естимін деп жай келіп отырған Жиренше шешен уәзірлерге: «Анау күні хан хандығымен бас-басыңа бір күннен қырқыңа қырық күн міллет берді ғой, енді өздерің тіленіп ер басына бір-бір күннен міллет алсаңдаршы! Соған шейін бірің болмаса, бірің табарсыңдар!» — депті. Хан «жарайды, бұл баланың сөзі дұрыс көрінеді. Менің мақсатым сендерді өлтіру емес, сынау. Ақылды болсаңдар әрқайсысыңнан бір-бір ақыл алғанымда менде қырық кісінің ақылы болар еді; сендерде ақылдан шайнам жоқ. Қырық кісіде жоқ ақыл бір кісіден қайдан табыла қойсын! Ер басына қырық күннен міллет бердім»,— деп тағы да ойландырып жібереді.

Ханның алдынан шыққан соң он екі жасар бала Жиренше «бұл сөзді біреу болмаса біреу білер, соны іздеп табамын» деп ел кезеді. Қорғаны бар шаһарға жетеді. Қақпаның аузында сүліктей қара көк ат мінген, үстіне сауыт киіп, садақ асынып, найзасын жарға шаншып біреу тұр екен. Оған сол қақпадан кірген-шыққан адамның бәрі де сәлем берісіп өтеді. Жиренше оған сәлем бермей, мойнын бұрмай, керек қылмай өте шығады. Сонда найзасын жерге тіреп, ат үстінде шіреніп тұрған әлгі жігіт: «Әй бала, сенен басқа осы қақпадан кірген-шыққан жан сәлем бермей өтпеуші еді, сен неге мойныңды бұрмай барасың?» — дейді. «Біріміз атты, біріміз жаяу, сәлеміміз келісе ме?» — дейді бала. «Бұл шаһардың жөнін бұрын көріп пе едің? Көріп-білмеген жан сияқты екенсің! Кел, артыма мінгес те біздікіне қонақ бол!» — дейді жігіт. «Ер тоқымды аттың алдын бізге, артын сендерге бұрыннан бұйрық қылған және «Ат иесі алдына мінеді» деген сөз бар, жұртыңды жүр де көрсет, жаяу-ақ барайын»,— дейді бала. Ол атты, бұл жаяу, үйіне ертіп кеп мейманханасына кіргізеді. Асын жеп болған соң мырза келіп: «Ә, қонағым, әңгіме айт!» — дейді. Бала: «Біріміз жарты, біріміз бүтін, әңгімеміз келісе ме?» — дейді. Бұл сөзге шыдап отыра алмай үй иесі ұялып шығып кетеді. Сүйтсе әлгі жігіт қыз екен. Еркек киімін киіп, дарбазаның алдында тұрып, келген-кеткенді сынауға, сынынан өткен жанға тиюге атасынан рұқсат алыпты. Олай өткен, былай өткен жолаушының бәрі де мұның әйел екенін білмей, сәлем берумен болыпты. Тек Жиренше көрген жерден атқа отырысынан әйел екенін біле қойып «біріміз атты, біріміз жаяу» дегені «біріміз еркек, біріміз әйел, қалай сәлем берісеміз» дегені екен. Өзінің әйел екенін әбден танығанын біліп «біріміз бүтін, біріміз жарты» деген сөзді естігенде қыздың ұялып тұра жөнелгені сол екен. «Өзімнен білімі асқан бір адам кез келді, мені осыған берсін» деп қыз әкесіне сөз салдырады. Оны атасы қош көріп, қабыл алады. Жорға бие сойып жоғарғы елді шақырып, төбел бие сойып төменгі елді шақырып, үлкен тамаша қылып, қызын Жиреншеге қосады.

Екеуі қосылғансын Жиренше шешен «мен қайтамын» дейді. Қалыңдығы: «Сіз қайда қайтасыз, әкемнің менен басқа ұлы да жоқ, қызы да жоқ. Әкем өлгеннен кейін осы дәулет кімдікі болады? Есіктен табылса, төрге озба деген бар емес пе?» — дейді. Оған Жиренше былай дейді: «Әз Жәнібек деген ханымыз қырық уәзіріне: «Өтірік пен шынның арасын айырыңдар»,— деп қысым қылып еді. Соны таба алмай уақытша міллет алып еді. Мен соны білушілер болар ма деп іздеп шыққан едім,— дейді.
«Өтірік пен шынның арасы бір-ақ тұтам жер. Оның мәнісі: көзбен көрген шын, құлақпен естіген өтірік. Құлақ пен көздің арасы бір-ақ тұтам ғой. Көзбен көрген анық, құлақпен естіген танық емес пе?» — дейді қыз.
Жиренше: — «Бәрекелді, іздегенім табылды; енді мұны мен барып, Әз Жәнібек ханға естірмесем, қырық уәзірін жоқ жерде өлтіріп, қырып тастар»,— деп жүруге ыңғайланады. Оны білген соң қыз атасына кісі салдырып: «Жат жұртқа жаралған мен әйел, мына күйеу ер, ел жұртына қайтамын деп жатыр. Бізді ұзатсын!» — депті. Атасы қызының айтқанын қабыл көреді ұзатады.
Сөйтіп екі кісі паналарлық үйі жоқ Жиренше бір ауыз сөздің түп-төркінін білемін деп ізденіп жүріп, қалыңсыз ханның қызын алады. Хан қызының ақылымен, әз Жәнібек ханның бас уәзірі болды дейді.

. . . . . . . . .


Әз Жәнібектің қырық уәзірі ханға: «Жиреншенің қатыны сізге лайық кісі екен, әйелдің сұлуы екен»,— деп мақтап, өсіріп сөйлеп келеді.
Сонымен бір күні аңға шыққанда ханның лашын құсы қашып кетіп, Жиреншенің үйінің төбесіне келіп қонады. Жиреншенің әйелі ұстап алып түлетіп-желпінтіп қояды. Оны есітіп, құсын алуға ханның өзі барады. Жиренше үйде жоқ екен, қатыны бүркеніп шығып, ханға құсты алып береді. Хан қараса, құсқа томаға тігіп кигізіп, қолғап тігіп құлпыртып, балақ бау есіп жарастырып қойған екен. Бұрын томағаны, қолғапты бұл жұртта көрген-білген жан жоқ екен, жеңдерімен ұстап, «жұмсақ жүн » деп құстың аяғына уықтың бауын тағады екен. Ұшқанда онысы бір құлаш болып шұбалып аяғына оралып жүреді екен. Сондықтан хан не құсына қарарын да білмей, не қатынға қарарын білмей, атынан ауып түсіп қала жаздайды.
— Біз бүгін осында қонамыз,— дейді хан.
— Үйде еркек жоғын көріп тұрсыз. Алда-жалда еркек жоқта қонақ боламын десеңіз, біраз күн араға салып, бір айналып келіңіз. Кіріміз болса жуынып, қонақ жабдығын хал келгенінше даярлап тұрайық. Және жігіт-желеңмен келмеңіз; көп қонақты күтуге шамамыз келмейді, өз басыңыз ғана болсын! — дейді Жиреншенің жұбайы. Хан «жарайды» деп, «оңаша келіңіз» дегеніне дәмелі болып, көңілі өсіп қайта береді. Сонымен бірнеше күн өткен соң хан жалғыз өзі келеді. Хан келген соң әйел алдынан шығып, қолтығынан сүйеп түсіріп, қолынан ұстап үйге кіргізеді. Бар дүниелігін жайнатып, ханның зығырын қайнатып қойған екен. Көрпе жаюлы, төсек салулы, шымылдық құрулы тұр.

Ханды отырғызып қойып, әйел тамақ жабдығымен айналысады. Хан жалғыз өзі отырып оған-бұған көз салса, қатынның нәрсесінің бәрі кестелі екен. Жастықта да, көрпеде де, шымылдықта да, орамал, дастарқанда да бәрінде де кестемен тіккен бір жазу бар. Ол «біреудің есігін қолыңмен қақсаң, өз есігіңді біреу аяғымен тебер» деген сөз еді.
Хан бұл сөзге түсінген жоқ, есі-дерті әйелдің етегінде, нәпсінің жетегінде болып отыра береді.
Уәзірдің әйелі бір уақытта палау басып, әртүрлі ыдысқа салып әкеліп, ханның алдына қойыпты. Хан бұрын палау жеп көрмеген болса керек, әр түсті ыдыста болған соң басқа-басқа ғой деп әр қайсысынан бір-бір алып татады. Бәрінің де дәмі бірдей болған соң, «бұл қалай» деп қайран қалады. «Тақсыр-ау, ыдысының басқалығы болмаса, бәрі бір тамақ»,— дейді әйел. Ханмен біраз бірге отырып әзілі жарасқан соң: «Тақсыр, ас айныса, не түзейді?» — дейді. Хан: «Май түзейді»,— дейді. Қатын: «Май айныса, не түзейді?» — дейді. Хан: «Тұз түзейді»,— дейді. Қатын: «Тұз айныса не түзейді?» — дейді. Хан бәлен дей алмайды. Тағы да әйел: «Халық айныса не түзейді?» — дейді. «Халық айныса, хан түзейді»,— дейді. «Хан айныса, кім түзейді?»—дейді. Сонда хан дәнеме дей алмай, ұялғанынан бетінің терін сүрте береді. Ақырында айыбына қолындағы жүзігін сыйлап, хан қайтып кетіпті.


Назад Вперед
Санат: KZ портал | | 57 049
Рейтинг:
(голосов: 149)

.

. .