Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (10)

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (10) казакша Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (10) на казахском языке

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?

Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?

Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?

Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол.

Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.






Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!

KZ



KZ, абая черные слова на казахском языке, абай құнанбаев қара сөздер казакша, абай құнанбаев қара сөздері қазақша, абай кара создер оку, абайдын кара создери оку, абай қара сөздері, абай кунанбаев казакша қара создер, абай кунанбаев қара создер казакша, абай кара соз скачать бесплатно, абайдын кара создер скачать бесплатно, абай кара создер mp3 скачать бесплатно, кара создер абай скачать бесплатно, абайдын кара создерi 1-45, абай құнанбаев қара сөздері 1-45, абай кунанбаев кара создери 1-45, абай кунанбаев кара создери 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15, абай кунанбаев кара создери 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30, абай кунанбаев кара создери 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45, черные слова абая кунанбаева на казахском языке, слова назидания абая кунанбаева скачать бесплатно, абай кунанбаев кара создер казакша скачать, абай кунанбаев кара создер на русском скачать, абай құнанбаев қара сөздері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15, абай құнанбаев қара сөздері 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30, абай құнанбаев қара сөздері 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45, Абай Кунанбаев ЧЕРНОЕ СЛОВО слова назидания на русском скачать, абай кунанбаев слова назидания 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15, абай кунанбаев слова назидания 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30, абай кунанбаев слова назидания 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45, слова назидания абая на русском языке, абай кунанбаев слова назидания на русском, slova nazidaniya abaya kunanbaeva skachat besplatno, abay kunanbaev kara sozder kazaksha skachat, abay kunanbaev kara sozder na russkom skachat, Abay Kunanbaev CHERNOE SLOVO slova nazidaniya na russkom skachat, abay kunanbaev kara sozderi 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15, abay kunanbaev kara sozderi 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45, abay kunanbaev kara sozderi 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30, abay kunanbaev slova nazidaniya 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15, abay kunanbaev slova nazidaniya 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30, abay kunanbaev slova nazidaniya 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45, chernye slova abaya kunanbaeva na kazahskom yazyke, slova nazidaniya abaya na russkom yazyke, abay kunanbaev slova nazidaniya na russkom, слова назидания абая на казахском скачать бесплатно, слова назидания абая кунанбаева на казахском языке скачать, абай құнанбаев қара сөздер казакша, абайдын кара создери оку, кара создер абай скачать бесплатно, абай құнанбаев қара сөздері 1-45, абай кунанбаев кара создер казакша скачать, слова назидания абая кунанбаева на казахском языке скачать, Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (10), Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (10)