ЭКСПО- 2017 көрмесіне 150 млрд теңге бөлінеді

ЭКСПО- 2017 көрмесіне 150 млрд теңге бөлінеді

ЭКСПО- 2017 көрмесіне дайындық шаралары мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 2014 жылы Ұлттық қордан 150 млрд теңге бөлу қарастырылуда.

Бұл жөнінде бүгін Экономикалық саясат жөніндегі Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі экономикалық саясат жөніндегі кеңес қарауына бірнеше маңызды құжаттың жобасын ұсынды.

"Бюджеттік блоктың заң жобаларымен бірге "2014 жылға арналған ҚР Ұлттық қордан мақсатты трансферт туралы" Президент Жарлығының жобасын ұсынып отырмыз. Жарлық жобасына сай, 2014 жылы ЭКСПО- 2017 көрмесіне дайындық шаралары мен ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға Ұлттық қордан 150 млрд теңге бөлу қарастырылған", - деді Ерболат Досаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді