Жұмбақтар жауабымен: Кәсіп, мамандық

Жұмбақтар жауабымен: Кәсіп, мамандық

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?
Тоқымашы

Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?
Тігінші

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
Аспаз

Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кім тым асқан?
Қылқалам шебері

Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді.
Балықшы

Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
Полиция

Маңдайға жағып шырақты,
Лавалардан тұрақты.
Ағызып отын өзенін,
Жылытқан кім өз елін?
Шахтер

Адамның жүзін,
Басы мен көзін.
Айнытпай келбетін,
Салатын кім суретін?
Бейнегер

Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бір шарға.
Футболшылар

Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа.
Футболшы

Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды.
Журналист

Кең байтақ туған жеріме,
Кетпесін деп жат із өтіп.
Тыныштық тілеп еліме.
Отанды кім тұр күзетіп?
Жауынгер

Арқан байлап беліне,
Шымырлықпен бекіне.
Өрмелейтін қай өрен,
Шыңның шырқау шегіне?
Альпинист

Шың басына өрмелеп,
Күнге ұмтылар дөңгелек.
Альпинист

Айлар бойы жүзеді,
Жерді көрмей жүреді.
Ақ жал таумен алысқан,
Адамды кім біледі?
Теңізші

Төл өсіріп момақан,
Уыз ішкен қоймалжың,
Білсең айтшы, балақан,
Еңбегі зейнет қай малшы?
Қойшы

Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды.
Етікші

Ортасында сан халық,
Белдескенде жан салып.
Жерге тимей жотасы,
Атанған күш атасы,
Айбаттыны кім дейді,
Қайраттыны кім дейді?
Балуан

Көкке ұшқан шарықтап,
Шаңырақтың бауынан,
Ұстап дәйім қалықтап.
Парашютист

Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім?
Өрт сөндіруші

Тұлғалы кең иығы,
Мұнара оның тұрағы.
Маң далада бұйығы,
Сөнбей жанса шырағы,
Жер астының сұйығы
Фонтан болып шығады.
Мұнайшы

Ол жетсе ауылға,
Самсар жұлдыз торабы,
Нұр шашып тұрады.
Электрші

Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
Ұшқыш

Топырақтың құнарын,
Дәл тауып құрамын,
Қай жерде қай дақыл,
Өнім берер бай дақыл,
Зерттеп дәйім жүретін,
Кім бәрін білетін?
Агроном

Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі.
Радио дикторы

Жалтылдап қалағы,
Салатын кім қаланы?
Кірпіш қалаушы

Қараңғыны қақ жарып,
Жүрген кім шам жағып?
Монтер

Бал татыған мәзір,
Ол бар жерде әзір.
Аспаз

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.
Шаштараз

Рояльда ойнайды,
Бірақ та ән салмайды.
Әріп теруші


Ұзын-ұзын жолдар бар.
Үйрек қонар көлдер бар.
Ат үстінде шоқиып,
Отыратын күндер бар.
Өрмек тоқушы

Отан үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
Белгісіз солдат

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.
Күйші


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 14
  1. Оқырман Айсулу
    Оқырман Айсулу 30.12.2022 23:30
    6 + 7 -
    Привет
  2. Ханзада
    Ханзада 16.10.2022 23:28
    6 + 5 -
    Жол ережесі
    1. Оқырман Ерлан
      Оқырман Ерлан 30.08.2023 20:28
      4 + 2 -
      Сендер қиын сұрақ қойа алмаисндар
    2. Оқырман Алтынай
      2 + 2 -
      Рахмет маган дал сол мамандар керек болды а тагыда если че кешырыныз менде орысшада турвед
  3. құрып қойған өрмегін
    2 + 2 -
    Құрып қойған өрмегін,
    Ұршықтарын ойнатып.
    Сәнді мата өрнегін
    Жасайтын кім жайнатып?
    нек сөздерінің және жұмбақ ше
    маттылығын түсіндір.​
    Жұмбақтың жауабы: ТОҚЫМАШЫ.
  4. Ерікқызы Айерке
    4 + 4 -
    Рахмет бірақ маған архитектор керек
  5. Мерейім
    Мерейім 25.01.2021 20:32
    5 + 4 -
    Өте керемет рахмет
  6. Трети клас
    Трети клас 24.01.2021 23:09
    4 + 5 -
    Трети клас
  7. сезім
    сезім 22.01.2021 15:57
    5 + 3 -
    рахмет
  8. сезім
    сезім 22.01.2021 15:52
    4 + 2 -
    енді сендерден аламын
  9. сезім
    сезім 22.01.2021 15:51
    5 + 3 -
    рахмет дұрыс болып шықты
  10. Makhanbet Bakyt
    Makhanbet Bakyt 16.03.2016 18:54
    5 + 7 -
    осы сайт маган оте катты унайд
    1. сезім
      сезім 22.01.2021 15:52
      4 + 4 -
      мағанда
  11. Лол кек чебурек
    Лол кек чебурек 26.10.2020 21:20
    11 + 9 -
    керемет мамандық туралы жұмбақтар