Ерлерге кеңес: Костюм (шалбар). Көнермес 14 қағида

Ерлерге кеңес: Костюм (шалбар). Көнермес 14 қағида

Көп жағдайда жігіттер костюм кию тірлігінде қателікке ұрынып жатады. Түріне қарасаң, сықиған адам, костюм шалбары су жаңа әрі сәнді. Бірақ бір нәрсе жетіспейді, ол – үйлесімділік. Осы орайда, костюм шалбар кию, дәлірегі пиджак пен шалбарды үйлесімді кию жөнінде бірнеше баппен бөлісуді жөн санаймын:

1. Бір бортты ( бір өңірлі пиджак) екі ілгекті костюмнің жоғарғы түймесін іліп қойған жөн. Ал, үш ілгекті болса, костюмнің не ортаңғы, не екі жоғарғы түймесі тағылады.
2. Екі бортты (екі қатар ілгегі бар) пиджак болса, оны түгелдей түймеленіп жүрген дұрыс.
3. Костюм кигенде көйлек (оңтүстік үшін – жейде) міндетті түрде ұзын жеңді болуы керек.
4. Көйлектің жеңі пиджактың жеңінен шамамен 1,5 – 2 см ұзын болып, сыртқа шығып тұруы тиіс.
5. Галстуктың ені шамамен пиджактың жаға жақтауларымен шамалас етіп алған жөн.
6. Күнделікті іскерлік костюмнің галстугы – “Жартылай Виндзор”, ал ресми кездесулерде, маңызды шараларға “Виндзор” үлгісімен байлаңыз.
7. Жалпақ ұшы бар галстукты байлағанда, оның ұшы шалбардың белін 2 см шамасында жауып тұрса ұқыпты көрінеді.
8. Пиджактың сыртқы төс қалтасына тек жібек орамал салынады.
9. Пиджактың ішкі қалтасына жұқа қойын дәптер, шағын портмоне мен қаламнан басқа ештеңе салудың қажеті жоқ.
10. Пиджактың жан қалталарына (қапталдағы) визиткалар мен беторамал (мұрын сүртетін) салуға болады.
11. Шалбардың жан қалталарына ұсақ ақша мен кілт, ал артқы қалтасына – портмоне салуға болады.
12. Шалбардың белбеуі қарапайым, сапалы қайыстан болуы керек. Түсі аяқкиімнің түсімен сәйкес болуы шарт. Ал жалпақтығы 3 см, айылбасы (пряжка) белбеудің жалпақтығымен бірдей және болуы қажет. Айылбастың түсі үстіңіздегі металл бұйымдармен, мысалы, сағатпен, портфелдің тиегімен сәйкес келіп жатса тіптен жақсы болады.
13. Шұлықтың материалы табиғи талшықтан тоқылған, костюм түстес болғаны дұрыс. Ал, костюмнің түсіне сәйкес келетін шұлық таба алмасаңыз, қара шұлық киюге болады. Шұлықтың қонышының ұзындығы отырған кезде балағыңыз түрілгенде жалаңаш аяқ көрінбейтіндей болуы керек.
14. Іскерлік стилдегі аяқкиімдер таза былғарыдан жасалған, қою түсті, бауы бар және ұлтаны жұқа болады.
Басты қағидалар осы. Егер бұны жөн деп санамай, аталған пункттермен келіспесеңіз – жай ғана трико мен туфли немесе, костюм мен кроссовка киіп алып, шауып жүре беріңіз:-)

Автор: Ернар Бекенов, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?