Отбасы туралы шығарма


отан, отбасы, семья, жанұя, шығарма

Отбасы - отанымыздың ошағы


 Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.  

Автор: Назерке

Қажетті сілтемелер:


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. .
    . 17.10.2024 21:53
    0 + 0 -
    троо
  2. Оқырман Улдана
    Оқырман Улдана 12.09.2022 20:56
    15 + 10 -
    Рахмет
  3. Оқырман Рахмет
    Оқырман Рахмет 19.04.2022 08:25
    9 + 4 -
    Коп коп
  4. Аааа
    Аааа 16.01.2022 14:30
    10 + 6 -
    Ракмет
  5. Дат Жумахан
    Дат Жумахан 24.02.2016 18:08
    4 + 14 -
    ррааххммеетт
  6. Aноним
    Aноним 04.01.2015 17:52
    9 + 11 -
    керемет
  7. Aноним
    Aноним 04.01.2015 17:51
    7 + 8 -
    керемет шығарма