Мәңгілік ел

 Мәңгілік ел

Нұрғабылова Гүлдана
10-сынып оқушысы
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Түпқараған ауданы Маңғыстау облысы

Мәңгілік елдің болашағы - сенімді қолда

Қазақстан...Қасиетті де құрметті атыңнан айналайын! Сендегі бар ғұмырым, маған қуаныш пен бақыт әкелді. Саған артар өкпем тіпті жоқ! Болмайды да. Каспийдің бұрқыраған толқынымен, дүр еткен баһадүр ерлерімен, сары даланың самалдай соққан өшпес тарихың мен сенің атын әлі шоқтығы биік жерлерден орын алатыны сөзсіз. Оған менің сенімім мол.

Бірақ ежелгі қазақ елі мен қазіргі Қазақстанның арасы жер мен көктей. Толқындары тынық самалмен тербетіліп жататын, сол баяғы қарт Каспий. Қашан келсең де саған айтар аңызы, шежіресі таусылмайтын, жұмбақ сырларының шеті көрінбейтін, сол баяғы кең дала. Осы жерде: « Бұрынғы қазақ елі мен қазіргі қазақ елінің не айырмашылығы бар?»- деген сұрақ туындайды. «Баяғы жартас- сол жартас»- демекші, «Қандай өзгеріс бар?»- деген де сұрақ туады. Онда мен жауабымды айтайын. Қазіргі Қазақстан- жаңа болашаққа бастау алған дамыған мемлекеттердің бірі. Ол көркею үстіне көркеюде. Жапырағы жайқалып, гүлдей жайнап, тамырын терең бекітуде. Азияның жүрегінде орналасқан Қазақстан басқалардың қызыға да қуана да қарайтын еліне айналуда. Ол бұрынғы қазақ елінен өзінің тәуелсіздігімен, жаңа саясатымен және жаңа көзқарастарымен ерекшеленеді.

Осының барлығы еліміздің көпті көрген, парасатты, әділ, көзі ашық, көкірегі ояу Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің жемісі. Нұрсұлтан Әбішұлы – дүние жүзіне сөзін өткізіп отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрып, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырып, оған жаңа Астана жасап жаңа қала тұрғызған, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүргең қасиет дарыған қайраткер. Қазіргі заманның нағыз батыры- президент. Ел тарихының шешуші сәтінде келіп, өзінің шексіз ұлтжандылығын, рухын көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан туралы жылы лебіздерді көптеп келтіруге болады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болған сәтте-ақ оның иығына айтуға оңай, бірақ атқарылуы нар түйенің жүгіндей ауыр жұмыстар түскен болатын. Артына еріп, оған сенген халықты дұрыс бағытта ұстай отырып өзі жол бастады. Сол бағытта тәуекел етіп, өзі де, халық та көксеген мақсатқа, аңсаған мұратқа және талай жылдар бойы ойлаған арманға жете білді. Халықтың сенімін ақтап, сөзінде тұрып абыройға, сенімге, алғысқа ие болды.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

Елбасымыз Қазақстанның жастарына үлкен сенім, зор үміт артады. Олардың арман-тілегін орындау үшін, сан түрлі ғажайып оқу орындарын, баланың ойлау қабілетін арттыратын қызықты пәндерді, болашағына қажет болатын пайдалы үйірмелердің діңгегін қалады. Біз секілді арманы көп, қыран боп ұшқысы келетін де тұратын оқушылардың болашақта үлкен азамат болуын, мамандықты қате таңдамауын және әрқайсысымыздың өмірден өз орнын таба білуін қалайды. Осы үшін мен Елбасымызға шексіз ризамын. Оқу бітірген соң Елбасы үмітін ақтау үшін бар жігерімді салатын боламын... Қазіргі жастардың талғамы өте қызық қой. Қазір ұнап тұрған заты бірнеше уақыттан кейін ұнамай қалады. Ал, Елбасымыз барлығын ескеріп, қазақ жерінде тұратын әрбір баланың бұл өмірден шектелмеуіне, өзің жалғыз сезінбеуіне мол еңбектенуде.

Ежелгі сақ тайпаларында басшыларын Құдайдай санап, оны бас ие құрметтеген. Басшыны тәңірдің жіберген адамы деп санаған. Басшылар сақ қоғамында үлкен рөл атқарған болатын. Сол сияқты қазіргі Қазақстанда президенттің орны айдай ерекше бөлек. Президент – ел тірегі. Біз оған сенеміз, ол бізге сенеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!