Тарих | 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс

Тарих | 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс

Қазақ халқының 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілісі.

ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Ориа Азияның шығыс аудандарымен Қазақстанды отарауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. әсіресе Қазақстанда отаралау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
ХIХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында 941 жаңадан қоныстанған посекелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс поселкелерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға 0,21 десятина ғана жер келді. Ешқандай жері жоқ қазақ қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 пайызына астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс украин қоныстну-шылырының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймқтарда да кеңінен тарады.
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік имперлиастік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол пташа чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына , ірі қара малдың азаюына әкеоіп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдарлағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Соғыс жылдары тек Түркістанның майдандағы әскерінің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күшпен алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, бай құлақ шаруашылықтарына жаодап жұмыс істету күшейді.
Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына, халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде щенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым слық жинауы өсті. Бұл кезде әр түрлі салықтардың 10-тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллирд сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқын тағы бір ауыртпалық әскери салық салды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.
Соғыс жылдарында патша өкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысы бойынша 1914 жылға қарай 2 млн 703 мыңнан астам десятина шұрайлы жерлер тартып алынды. өлкеде халықтар арасындағы ұлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.
Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылыр мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915жылы маусым айында Екібастұз, Бйқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кенінде, Орынбор Ташкент темір жолында жұмысшыладың қозғалысы бой көтерді.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревнияларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттрдың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Қоғамдағы қанауша және қаналушы таптар арасындағы қарама қарсылық, бір біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазияның зорлық зомбылығы 1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшылырды тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кеісетін болды. Азық түліктің 2-3 есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.
Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қармастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынып, ал феодалдар балаларының жсын кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен 60 жастағы кедей шалдарды 30 жаст болып, 25-30 жастағы бай балалары 50 жастағы болып жазылды.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау ,ауыл старшындарын қатігез байлырды өлтіру ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау,жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б жойып жіберу секілді ашу ыза әрекеттері кең орын алды.Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетуі жиілей түсті.
Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта болып, патша үкіметіне, отаршылдыққа, импералистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша үкіметінің сүйеніш болып отырған феодал байларға қарсы бағытталды.Бұл қозғалысты еңбекші халықтын өкілдері басқарды.Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов,Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда-Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында -Әділбек Майкөтев. Жетісуда-Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б басқарды.
Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет.Ол-1916 жылы қазақ интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт-азаттық қозғалысты басқарушылар халық көтерілісіне қалай қарады Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ.Өткені құр қол халық патшанын талай жыл үйретілген , мұздай қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай , тағы да қазақтар қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқынды тау суындай дүркіреген стихияны халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақыртулары халықтың құлағын кіре қоймады.
Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. өмір олардың болжамы дұрыс екенін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917жылы 27 ақпанда бас аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ «Алаш» партиясының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалықтардың көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді.
Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майданға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға жеткізу қажет болған кезде Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары серіктерімен бірге майданға аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. өйткені сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жастары елге аман оралуы екіталай еді.
1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамына жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак орыс шоғырлары кірді.
Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі тактикасын қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал – губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақыртулрдан қанаушы таптың бірқатар өкілджері босатылды. Олар: имамдар, молдалар, полиция қызметкерлері, бухалтерлер мен есепшілер, мұғалімдер, дворяндар және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтың өкілдері. Мұның өзі патша үкіметіне жалпы халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүмкіндік берді.
1916жылғы қазақ халқы көтерісінің басты аудандарының бірі Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілдннің алғашқы күндерінде Жаркент-Тараншы болысының Городское селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен басталды. Сол жылы 7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сьезде жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түпесін, әкімшілік тарапынан күштеу шаралары қолданылған ретте телеграф бұзылсын , окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізімі жойылсын деген шешім қабылданды.
10 шілдеде Ұзынағаш болысының Үлкенсаз деген жерінде де дәл осындай, бірақ құрамы жөнінен көп адам қатысқан сьедзд болып, оған Жетісудың он бір болысынан 5 мыңдай адам қатысты. Сьезге қатысушылар да “оқтың астына барғанша осында өлген артық” деген қаулы қабылданды. Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер басталды. Лепсі және Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды .
1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай , Шығыс және Батыс Қастек , Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станицасы маңында біріккен бас көтеруі босталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный- Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Ташкентпен, Бішкекпен және Пржевальскімен телеграф байланысы үзілді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысының болыстарды дерлік толқыды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі Тоқаш Бокин. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысна басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, үстем феодал – байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға тырысты. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде революциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды. Жетісу жеріндегі отрядтарға, сонымен бірге Б.Әшекеев, Н.Сатыбеков, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, А.Қосақов және басқада көптеген адамдар басшылық етті.
Жетісу болысындағы , сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азияның басқа да облыстарындағы көтеріліс патша әкімшілін қатты әбіржітті. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жариялады. Түркістанның генерал-губернаторы Куропаткин «ешқандай амалдардан тартынбай, көтерілісшілерді дереу тыныштандыруды» талап етті. Жергілікті әкімшілікке көтеілісшілерге қарсы күресу үшін, тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды пайдалануды ұсынды. Көтерілісшілерге қарсы зеңбірекшілер мен, пулеметшілермен жарақтандырып, арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберді. Көпірлер мен темір жолдаржы күзету күшейтілді, әскери-далалық соттар ұйымдастырылды. Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына үш әскери жасақ, жеті атқыштар ротасы, казкактардың 5 жүздігі және 14 зеңбірек жеткізілді, майдандағы армиядан казак-орыс батареясы және екі пулемет командасы бар екі казак – орыс полкі келтірілді.
Көтерілісшілерге қарсы әскерлер жіберілгеніне, ауылдар мен қалаларда «күдікшілердің» бәрін жаппай тұтқынға алынғанына, ал әскери – дала соттарының өлім жазасына кескен үкімдер шығарғанына қарамастан, патша әкімшілігі көтерілісшілердің жауынгерлік рухын жасыта алмады. Көтерісшілер қорғанып қана қоймай, кейбір жерде шабуылға да шығып отырды. Тоқмақ қаласы төңірегінде , Жаркент уезінің кейбір селоларында күшті шайқастар жүрді . Ұзынағаш селосынан тауға жақын жерде Жайылымыс болысының көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалаушы отрядтарының арасында шайқастар жүрді. Алайда, көтерілісшілер саны көп және техникалық жағынан басым патша әскерлерін жеңе алмады.
Жазалаушылармен соңғы ұрыс 1916 жылы қыркүйектің яғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің жанында жүрді. Көтерілістің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға кетті. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанға басып-жаншылды.
Патша жендеттері көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады. Ондаған қазақ және қырғыз ауылдары қиратылды. Олардың малын айдап әкетті, мүлкін тарам таражға салды. Патша әскерлері қудаланған 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің басты жетекшісі Бекболатты дарға асып өлтірді.
Сотсыз-тегеусіз атылғандарды, жазалаушылар мен кулак отрядтарының қолынан қаза тапқандарды есептемегеннің өзінде Куропаткин бекіткен сот үкімдері бойынша ғана Түркістан өлкесінде 1917 жылғы 1 ақпанға дейін 347 адам өлім жазасына , 168 адам каторгалық жұмыстарға , 129 адам түрмеде отыруға кесілді. 1916 жылғы халық көтерілісі сондай-ақ Сырдария , Ақмола, Семей, Орал облыстарында Бөкей ордасын да қамтыды.

Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтерілістің ең бұқаралық , ең ұзаққа созылған, ең табанды ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе ел болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, жер мәселесінің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Торғай уезінің қыпшақ руының қазақтары өздерінің ханы етіп Нияз бидің немересі Әбдіғапар Жанбосыновты сайлады. Ал оның әскерінің бас сардарбегі болып А. Иманов тағайындалды. Арғын руының болыстарын Оспан Шолақов басқарды.
Амангелді Иманов 1873 жылғы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған. Әкесінен ерте айырылған Амангелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен –ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді. А. Иманов ұйымдастырушылық қабілет халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап айқын көрінді. Ұшы қиырсыз жақтаушылылардың қатары кннен күнге өсе берді . Оған Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай , Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария , Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер қазан айының бас кезінде А. Имановтың отрядында 5 мыңдай адам болса, 15-20 күннен кейін –ақ олардың қатары 50 мың адамға жетті. Көтерілісшілердің штабы Торғай даласының қиыр түкпірінде, Бетпаққара маңында орналасты.
Амангелді көтерілісшілер арасында әскери тәртіп орнатып , оларды машықтандыруға көңіл бөлді. Ол отрядтарын 10, 50, 100, 1000, адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елубасы , жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Көтерілісшілер отрядтарын жинақтап, мүнкіндігіне қарай оларды қаруландырып , Амангелді Иманов шабуыл қимылдарына көшті. 22 қазанға қарай көтерілісшілер Ырғыздан Торғай мен Қарабұтаққа дейінгі барлық почта бекеттері мен телеграф желісін қолдарына алды.
1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20 ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Бірақ олар қаланы ала алмай, қоршау бірнеше күнге созылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін патша үкіметі генерал А.Д.Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Оған 17 жаяу әскер ротасы, 18 казак – орыс жүздігі, 18 зеңбірегі мен 10 пулеметі бар 4 әскер эскадроны кірді. Лаврентьевтің Орынборда жасақталған әскерлері темір жол арқылы Шалқарға, Ақтөбеге, Қостанайға түсірілді.
Лаврентьев әскерлерінің келе жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. 16 қарашада Тосын және Шұбалаң болыстарының Амангелді Иманов бастаған жалпы саны 10-12 мың адамдық көтерілісшілері Түнқойма почта бекеті маңында подполковник Котоминнің отрядына шабуыл жасады. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып өтіп, 16 қрашада Торғай қаласына келіп кірді. Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Батпаққараның ттөңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрылды. Амангелді Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. 22 қарашада Ырғыз уезіндегіә Ұлпан стансасында 4 мың көтерілісші есауыл Фроловтың отрядымен соғысты. Соғыс қықтығыстары сондай-ақ 21 23 қарашада Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарына да өтті. 20 қарашада Ырғыз уезіндегі Тәуіп, Аманкөл және Қызылжар болыстарының 6 мың көтерілісшілері подполковник фон Розеннің отрядымен шайқасты.
Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті.1917 жылдың басынан бастап А.Иманов күресті әрі қарай жалғастыруды көздеді.
1917 жылдың басында Қостанайдың Бетпаққараға қарай беттегент бірінші жазалаушы отрядтың жолын Наурызымның екі болысының Амангелді Иманов бастаған 2 мыңдай көтерілісшілер бөгеді. 1917 жылы 13 қаңтарда Күйікқопа деген жерде болған ұрыстардан кейін жазалаушы отрядтар шегінуге мәжбүр болды. 18-19 ақпанда кулак бай отрядтары қолданған подполковник Тургеновтың мықты қаруланған отряды мен Амангелді сарбаздары арасында шайқас жүрді. 22-24 ақпанда көтерілісшілер Доғалүрпек маңында патша әскерлерәне қарсы соңғы рет шайқасты. Барынша күш сала шайқаса отырып, көтерілісшілер қырға қарай шегінуге мәжбүр болды. 27 ақпанда жазалаушы отряд Доғалүрпек пен Бетпаққара көтерілісшілердің қолында қалдырылып, Торғай қаласына шегінді.
Патша жазалаушылары мен Амангелді Иманов пен бірге көтерілісшілікке басшылық етіп, оның дүниетанымын қалаыптастыруға зор ықпал жасаған большеавик Әліби Жангелдин еді. Ол 1884 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысында кедей семьяда дүниеге келген. 1902 жылы орыс қазақ мектебін бітіргеннен кейін, ол Қазақ семинраиясына оқуға түсті. 1905 жылы революциялық қозғалысына қатысқаны үшін семинариядан шығарды, 1906 жылы революциялық қызметі үшін, оны осының алдында ғана оқуға түскен Мәскеу семинариясынан шығарды. 1915 жылы большевиктердің Петроград ұйымы оны партия мүшелігіне қабылдады.
Қазқстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғлысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылды. Көтеріліс дүние жүзілік импералистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдің жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Бұл азаттық қозғалыс ең алдымен импералистік соғысқа және өз жерлеінің тартып алуына қарсы бағытталған имперализмнің жалпы ресейлік системасын мықтап соққы болып тиді.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың топтары, сондай ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдеріде қатысты. Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтасбір ұлттық сипатқа ие болды. Қазақ халқының 1916 жылғы қозғалысы Ресей имперализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарсытың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери – феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ