Жаңа жылда жасыл шырша жанында

 Жаңа жылда жасыл шырша жанында

Тәрбие сағат тақырыбы: «Жаңа жылда жасыл шырша жанында»

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым, ата - аналар мен ұстаздар! Баршаңызға жаңа 2014 жыл жылан жылы құтты болсын. Отбастарыңызға бар жақсылықты тілей келе, бүгін міне, шырша жанына жиналып қалған екенбіз. Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Жаңа жылымыз сіздерге мол қуаныш әкеле берсін, осылай кішкентай бүлдіршіндеріміздің қызықтарына тоймай, келе беріңіздер. Бүгін балалар сіздерге арнап шағын өлең, би ән жырларын дайындады, аяз атаға да арнап дайындаған өлеңдері мен әндері, билері бар.

Жүргізуші: Балалар, біздің Аяз атамыз алыс сапарда жүр екен. Олар келгенше біз бәріміз бірге қосылып «Шырша жырын» айтайықшы. Сонда Аяз ата естіп, біздің елді - мекенге келеді.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, алыстан Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты. Қане, бәріміз Аяз атаны шақырайықшы.
Балалар: Аяз ата а - у - у - у. Аз ата а - у - у - у - у. Аз ата а - у - у - у - у.
(Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата: Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл - қызы өнерлі, халқының бірлігі мол, берекелі елге келген екенбіз.
Мен өте қуаныштымын.
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұртым да
Аяз ата сағынған
Сәлем берем жұртыма.
Ақшақар: Иә, Аяз ата бұл өзіміздің сағына көруге аңсаған Сарат елді мекеніндегі Сарат орта мектебінің білім ордасының шырша тойы екен.

Жүргізуші: Балалар қазір әлемге саяхатқа шығамыз. Мұнда біз әр елдің жаңа жылды қарсы алу дәстүрімен танысамыз, және бізде сол дәстүрлері бойынша өнер көрсетеміз. Келістікпе балалар?!
Балалар: ия, келістік

Жүргізуші: Бірінші біз өзбек еліне барамыз. Өзбек елінде таңертең ерте тұрып, өздерін ретке келтіріп, карнавалдық костюмдерін киіп, халық көшеге жиналып өз өнерлерін көрсетеді. Мысалы: ас пісіреді, әншілер ән айтады, бишілер би билейді екен. Ендеше бізде өзбек биіне кезек берейік.

Би: «Өзбек» (кесемен)
Жүргізуші: Балалар ал көршілес Ресейде Жаңа жылда Аяз Ата мен Ақша қарды күтеді екен. Солармен ән айтып, би билеп, жарыстар ұйымдастырады. Қане, біз де көршілес халқымыздың әуеніне салып, біраз серпілік алайық.

Би: «Орыс биі»
Жүргізуші: Ал Англияда әртүрлі жастағы адамдар түнде үйде тұрған биік заттардың үстіне шығып алып, төмен қарай секіреді екен. Оларда басты кейіпкер сырнайшы болады. Сырнайшыға келіп, бетіне күйе жағу керек. Сырнайшы ұстатпай қашу керек, аяз ата үйді аралап жүріп сыйлықтар таратады. Қайтарымына балалар ән айтып, би билейді. Ендеше келесі кезекте Диана мен Сағадаттың ағылшын биіне кезек берейік.

Би: Ағылшын биі, Ғарифоллаұлы Сағадат пен Жонысқызы Диана
Жүргізуші: Түркияда жаңа жылдың қарсаңында баланың ойыншықтары сөреден жоқ боп кетеді екен. Олардың салтында, музыка аспаптарының үнімен жамандықты қуып, үйге қуаныш шақырады екен. Ендеше, түрік биіне кезек береміз.

Би: «Түрік биі»
Жүргізуші: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл біздерге.
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл – дей отыра, ата - аналар арасынан 3 ата - ананы ортаға шақырып, ойын ойнаймыз. Олар: Гүлдана, Қымбат, Алтынсары деген апайлар
Ойын «Кел, би билейік» (Столмен би) деп аталады.
Ойын шарты мынадай: Ортаға шығып, әр ұлттың биін ырғағына сай етіп билеу керек. Музыка әуені тоқтағанша билеу керек. Музыка сөнген кезде столға отырып үлгеруіміз керек. Ойынға Аяз ата төрелік етеді. (Ортаға 4 ата - ана шығады. Ойын ойналады)

Жүргізуші: Рахмет, сіздерге көп - көп. Жеңімпазымызды құттықтаймыз.
Қуаныш пен шатыққа кенелейік,
Жадырап ән шырқап тербелейік.
Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы,
Бәріміз дөңгелене би билейік – дей келе, ендігі кезекті Нұрдаулет пен Ақниеттің өзбек биіне береміз. Қарсы алыңыздар!

Би: «Өзбек биі»
Жүргізуші: Басталарда жаңа нұр,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсің, жаңа жыл, - дей келе, кезекті әнге береміз. Алиханқызы Аружан «Ертегілер» әнімен ортада қарсы алыңыздар!
Ән: «Ертегілер елінде»
Жүргізуші: Балалар енді бәріміз бірге шыршаны айналып Аяз Ата биін билейік.

Би: «Аяз Ата» биі.
Ескі жыл: (Аружан)
Сау болыңдар, балалар,
Келешегі халқымның.
Ашық болсын аспаның
Аман болсын жас - кәрің.
Жаңа жылым бақытты,
Аманат қып барамын
Балалардың бір жылғы
Сауық - думан кештерін.
Жаңа жыл: (Ерсұлтан)
Жақсылыққа бағытталған,
Боламын мен жаңа жыл.
Жаңа жылға бәріңіз,
Жаңа үмітпен қараңыз.
Қабыл алдым аманат,
Жасамаймын мен әркез.
Аманатқа қиянат.

Аяз Ата: Балалар, енді біздің кететін уақытымыз келді. Біз сіздермен қоштасамыз. Қош сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Қане, енді балалар бәріміз көзімізді жұмайық, көзімізді мен айтқанша ашпаймыз. Келістік пе балалар?!
Жүргізуші: Біздің оқушыларымыз Аяз атаға хат жазған еді, сол хаттары бойынша аяз ата тілектерін орындап, бізге сыйлық тастап кетіпті. Қане таратып берейік.
(Музыка ойналады, Шырша астындағы сыйлықтар таратылады).

Жүргізуші: Ерлерім, ел намысын түйіп белге,
Келеді қолым жетіп биіктерге.
Тілегі қабыл болып Елбасының,
Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елге! – дей келе, бүгінгі мектеп алды даярлық топ оқушыларының дайындаған жаңа жылдық кешіміз аяқталды. Құрметті көрермендер келгендеріңізге көп - көп рахмет. Біз сіздермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз. Сау болыңыздар!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі