Жаңа жыл жаңа бақыт


Жалпы орта білім беретін


«Мереке» мектеп – балабақшасы тәрбиешісі:


Малаева А.С.


 

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиналған ата – аналар, тәрбиешілер және балалар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,


Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.


Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді,


Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,


Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.


Балалар біреу жылап отыр ғой, ол кім екен?


Жылқы жылап отыр.


Келер жыл қой жылы. Енді қой жылын қарсы алайық.


 

Жүргізуші: Балалар сендер сондай әдемісіңдер, көңілдісіңдер, шыршамызда өте сұлу екен... Арамызда кімдер жоқ, кімдер жетіпейді, қане тауып көріңдерші?!


 

Балалар: АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР.


 

Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар ендеше барлығымыз аяз ата мен ақшақарды ортамызға шақырайық!


Балалар: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР АУУУ................ АЯЗ АТА, АҚШАҚАР АУУУ................


Аяз ата шанасын орта жолға сүйреп алып келеді де өзі кіріп.


АЯЗ АТА: УХ, шаршадым. Балалар сіздердің маған көмектерін қажет. Көмек бересіңдер ме?


Балалар: иә, көмектесеміз.


АЯЗ АТА: Амансың ба, ұлдарым?


Ақшақар: Амансың ба, қыздарым?


Құтты болсын, балалар


Жаңа жылдық тойларын!


Балалар шыршаларын қандай сұлу! Қанекей барлығымыз шыршамыздың шамдарын жағайықшы!


Қуант бізді таңырқат


Шамдарыңды жарқырат! (2 - 3 рет)


 

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, ақшақар!


Жүргізуші: балалар аяз ата мен ақшақар алыс жолдан келді, олар арнайы біздің өнерімізді тамашалауға келді. Қанекей бәріміз аяз ата мен ақшақарға өз өнерлерімізді көрсетейік. Алдымен аяз ата, ақшақарды ортаңа шығарып айналайық.


Хоровод


Жүргізуші: Балалар қараңдаршы ертегі кейіпкерлері ұйықтап қалған екен. Оларды оятайықшы.


 

Музыка ойнап жалмауыз кемпір кіреді.


Ойын.


Жүргізуші: Алыс – алыс жерден келдің


Отыра ғой деміңді ал


Өңкей бала төңірегін


Бізбен әнге сал. – деп бүлдіршіндерімізді «Ақшақар» әнімен ортаға шақырамыз.


 

Жүргізуші: Дала нұр, қала нұр,


Құтты болсын жаңа жыл


Жасыл шырша жанында


Билеп барлық бала жүр. – балалар сендер білесіңдер ме? Жаңа жылды адамдардан, жануарлардан басқа аспандағы құстарда тойлайды. Бүгін бізге қонаққа «Ақ шағалалар» келіпті енді олардың биін тамашалайық.


Ойын.


Киіндік ұл мен қыз


Аң болып, жан болып


Танымай тұрсын деп


Досымыз таң болып – деп қонаққа келде көбелектерді ортаға шақырамыз.


 

Әдемілеп біз ілген


Ойыншықтар тізілген


Қандай жақсы шыршамыз


Ән шырқайық баршамыз – «Аяз ата» әнін қарсы алыңыз.


Жыл жыл, жаңа жыл,


Қош келдің тағы да.


Дайындап жаңа жыр,


Біз күптік тағы да – олай болса, буратино биін қарсы алайық.


 

Аяз ата: Ал, кәне, балалар,


Сендерге сыйлығым бар,


Аталарыңның сыйлығын


Қуанып қабыл алыңдар. (сыйлық үлестіреді.)


Балалар сендер өнерлі екенсіңдер. Жаңа келген қой жылы сендерге жақсылық, қуаныш әкелсін. Менің қайтатын уақытым болды.... сау болыңыздар балаларым!


Жүргізуші: Сау болыңыздар!!! Рахмет сіздерге!!!!


 

Атқан таңмен атсын


Ақ арманың гүлің


Жүзің жарық болып


Шалқып шықсын нұрың Жансая


Жаңа жылдық тілек


Осы болсын бүгін


Сұлу


Келді тағы жаңа жыл


Қуантуға біздерді


Құтты болсын қуаныш


Құттықтаймыз сіздерді


Нұрайна


Ақ қар жапты даланы,


Ақ жамылды айнала


Шанамен сырғанап,


Мәз болады айнала.


 

Дана


Көрдің бе Аяз атаны,


Аппақ екен сақалы,


Аппақ екен мұрты да


Аппақ екен шапаны.


Алишер


Тақпақтарды жаттадық,


Би де үйрендік көрсін деп.


Аяз ата шаттанып,


Бізге риза болсын деп.


Ислам


Бақша іші мереке,


Ойын күлкі асқақ ән.


Жақсы әпкелер жаңа кеп,


Мерекені бастаған.


 

Жаңа жылдың қарсы алдың,


Мініп алып күймеге. Мөлдір


Мен де бүгін ән салдым,


Араластым биге де.


Ақбота


Оралдың өлкеме,


Жаңа жыл армысың.


Оранды ақ көрпеге,


Асқар тау, қарлы шың.


Арсен


Безендіріп шыршаны


Жыл қуантты баршаны.


Той - маскарад басталды,


Аяз оны басқарды.


Бекбол


Тілеймін мен бар әлемге


Дос көп болсын жаңа – жыл


Ата – әже, ата – әже


Құтты болсын жаңа жыл!


Айбар


Аяз ата ақ сақалды,


Ақ таяқты паң ата,


Асып өтіп асқар тауды


Жеттің бізге таң ата.


Мансұр


Аяз ата, Ақшақар


Келіңіздер ортаға.


Біз сіздерді сағындық


Асыға күттік қаншама.


Жұлдыз


Бүгін біз көңілдіміз,


Жаңа жылды қарсы алып


Мерекеге келгендерді,


Құттықтаймыз ән салып.


Айкөркем


Жаңа жыл, жаңа жыл,


Төгілсін жаңа нұр.


Сыйлығын сүйретіп,


Келді міне, Жаңа жыл!


 

Ән саламыз, би билеп,


Жырдан шашу төгілді. Нұрбек


Бүгін біздің Жаңа жыл,


Қандай қызық көңілді.


Эльнара


Кел, балалар, тақпақты,


Тақылдатып айтайық,


Аяз ата таң қалсын,


Сыйлық алып қайтайық.


Мереке


Аяз ата тыңдаңыз,


Тақпақ айтып берейік.


Ортамызда шыршамыз,


Ойнап бірге, күлейік.


Айлана


Аяз ата жол салып,


Ақ боранмен алысқан.


Балаларға базарлық,


Алып келді алыстан.


Тұрлыхан


Аязды келіп қыс,


Алғашқы қар ұшты


Аппақ боп үстіміз,


Ақ қырау жабысты.


 

Артур


Жасыл шырша орманнан,


Бізге арнайы келіпті.


Ойыншығын балалар,


Шыршаға әсем іліпті.


Ержан


Жаңа жылмен, жаңа жылмен,


Құттықтаймыз әрине.


Әкемізді, анамызды


Қонақтардың бәрін де!


Адэль


Өлең де әзір, ән әзір,


Ойын да әзір, бәрі әзір.


Кел, жаңа жыл, біздерге,


Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.




Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу