Тарих | Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс

 Тарих | Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
1 тарау
1.1. «Шошақ найзалы - Жанқожа»........................................................................4
1.2. Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліске қатысуы...................................................................................................................9
II тарау
2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы..................................15
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................19
Сілтемелер тізімі....................................................................................................20
Ұсыныстар

2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихы маңызы.
Сонымен, көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.
Көтерліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптеуге сүйену көтерілісінің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығын да өз әсерін тигізді.
Көтерілісті басуға қазақтың сатқын феодалдық аристократиясы қатысты.
Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингоф отрядының құрамында бірнеше жүз одан жасағымен Ермұхамед (Елекей) Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 ж ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды. Би Сейіл Байқадомов жазалау экспедициясында жігерлік көрсеткіші үшін алғыс алды және Анна ленталы күміс медальмен марапаттауға ұсынылды. Ұлбөбек Тайманов би күміс жүзікпен марапатталды және т.б.
Жоғарыда аталған қазақ старшындарының қандай жағымсыз рол атқарғанын түсіну қиын емес. Олар Сырдарияның төменгі ағысындағы жер жағдайын және көтерілісшілердің мінез-құлқын жақсы білетін. Патша шенеуліктері үшін мұндай көмек баға жетпес болатын.
Иә, Жанқожа Нұрмұхамедұлы 1856-1857 жылдары болған қазақтарының көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық –азаттық қозғалыс еді. Оған Арал өңіріндегі әр түрлі руларға жататын қазақтардың едәуір бөлігі қатысты. Көтерілісшілер арасындағы кішкене шекті руларына жататын қазақтар басым болды. Көтерілісті прогресшіл деп санау ләзім, өйткені ол отаршылдық езгіге қарсы бағытталды14.
Көтерілістің тарихи маңыздылығына көтерілістің басында кім тұрғандығы өте маңызды. Көтерілісті басқарған –тарихи тұлға -өзі маңызды Жанқожа Нұрмұхамедов (1780-1860)Арал өңіріндегі қазақтардың Хиуа және Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресін басқарды.
Ол бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі ұлтжанды азамат тарихының өткен парақтарындағы отаршыл Ресей саяясатына қатысты дүрбелең кезеңде ел бостандығы үшін жанын қия күресіп, сол жолда өмірден озған халық батырлары жөнінде Ғ.Ахмедовтың мырна пікірі құптарлық: «Осы ретте Қайыпқали сұлтанның, Сырымның, Исатай, Махамбеттің, Жоламан, Есет, Бекеттің қозғалыстарының бәрінің сабағы бір, патшаның зорлығына қарсы, елдің тәуелсіздігі үшін бір-біріне жалғасқан ұлт-азаттық қозғалыс деп қарау керек15».
Қорытынды
Қорыта келгенде, «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», -деп ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби тегін айтпаған секілді. «Халықтың басына түскен тауқымет қабырғасын қайыстырып, сол жолда басырн бәске тігіп, қасықтай қанын аямай, шыбын жанын шүберекке түйген әр тұлғаның тағдырын танытатын да, ұрпаққа өнге етіп, алдына тартатында - тарих» екені даусыз.
Әр ұрпақ тарихты қайта жазып шығады, бәлкім солай шығар.
Егеменді ел болғанымызға 15 жыл ішінде еліміздің шегарасы көршілес елдермен айқындалып, екі жақты заңды келісімдермен бекітілді. Әсіресе, Қытайман, Ресеймен шегараны екі жақты мойындату елбасымыздың талай ғасырлар армандаған үлкен жетістік. Оңтүстік жақтағы т.б. мемлекеттермен ара жігіміз айқындалуы, оны заңды құжаттармен келістіру де маңызды іс болды.
Өткен тарихқа көз жіберсек, ой елегінен өткізіп сараласақ, Жанқожа Нұрмұхамедов және сол сияқты батырлардың елін, жерін қорғаудағы ересек ерлігіне таңқалып, олардың аруағына еріксіз бас иесіз. Жан-жақты анталаған жау, қалмақ, Ресей отаршылары, Қытай басқыншыларын, Қоқан, Хиуа әскерлері біздің қазаққа не көрсетпеді?! Жанқожаның халық алдындағы қызметін қазақ халқының көрнекті ұлдарының бірі, темір жол инженері, әрі тарихшы Мұхамеджан Тынышбаев: «Барлық үш орданың ең бір атақты батыры және биі, қазақтың бостандығы үшін күрескен Жанқожа батыр (әлім, шекті) орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, хандарды да мойындаған емес»-деп әділ бағалады.
Қазақ не көрмеді? Сулы, нулы жерінен қуылып тасталды. Тіпті Қоқан, Хиуа базарында жас жігіттре, қыздар бұғауланып, құлдыққа сатылғаны қаншама?! Малының талан –таражға түскенін айтсаңшы
Осы қорлыққа шыдамай зеңбірек оғы мен винтовка шоғына шоқпар, найзамен қарсы тұрған қазақ батырларының жанқиярлығына баяндауға сөз жетпес....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?