Сан, сан есім, жеті 7 саны туралы мақал-мәтелдер жинағы

Сан, сан есім, жеті 7 саны туралы мақал-мәтелдер жинағы

Сандар туралы мақал-мәтелдер 

Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл
жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.

Жігітке жеті өнер де аз.

Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

Қарғыс жеті атаға жетеді.

Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Семіздің аяғы – сегіз.

Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.

Он екі айда он үш той.

Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Кедейдің жеті қаңтары бар.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас

Жеті 7 саны туралы мақал-мәтелдер

Жетімге жеті бидай да тамақ

Жетімнің қарны жетеу

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

Айла алтау, ақыл жетеу.

Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.

Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.

Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас

Тойған үйге тоғыз бар

Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды

Тоғыз қатынның толғағы бір келді

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.

Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.

Екі баланың ортасындағы шал бала болады,
Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
Мың қайғы бір борышты өтемейді.

Елуінде – ер дана,
Елу жылда-ел жаңа.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз руға тарайды.

Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.

Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

Жақсы кісі қырқында толады,
жаман кісі қырқында солады

Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

Жүз дімкеске бір лепес.

Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.

Бірінші әйелді құдай қосады,
екіншісін адам қосады,
үшіншісін сайтан қосады.

Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.

Біреу жаныңа жолдас,
біреу малыңа жолдас

Біреу тойып секіреді,
біреу тоңып секіреді

Ағайын – алтау, ана – біреу.

Аласыға алтау аз,
бересіге бесеу көп.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
жетеумін деме, сегізге жолығасың.

Шындық – сегіз, бақыт егіз

Ер- егіз, еңбек- жалғыз

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,
Еңбек пен бақыт – егіз

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады

Қорқаққа қос көрінер

Құдай бір ұрғанды, қос қолдап ұрады.

Бір жебемен қос нысана оққа ұшты .


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 22
  1. Оқырман гулбакыт
    2 + 4 -
    оте пайдалы болды
  2. Ббб
    Ббб 03.03.2021 10:02
    3 + 1 -
    Жесты журттын тылын был,жесты тылдын барын был
  3. Оқырман Гүлнұр
    Оқырман Гүлнұр 28.02.2021 16:58
    4 + 3 -
    Керемет ??????
  4. Қазына
    Қазына 28.02.2021 13:58
    3 + 2 -
    Өте жақсы мақал мәтелдер маған қатты ұнады
  5. Айнагул
    Айнагул 26.02.2021 09:02
    6 + 3 -
    Рахмет
  6. Нурбак
    Нурбак 26.02.2021 09:01
    1 + 4 -
    Молодес ребята
  7. Əділ
    Əділ 23.02.2021 20:19
    4 + 5 -
    Маған пайдалы болды
  8. Асыхбай Айдана
    Асыхбай Айдана 22.02.2021 15:26
    3 + 2 -
    Жетім бала,
    Жетесіз бала.
  9. Даурен Умбетов
    Даурен Умбетов 09.11.2016 18:15
    2 + 7 -
    чортский
  10. Жарасхан Жантуре
    2 + 3 -
    Өте керемет САЙТ оқушыларға керектің бәрі бар екен
  11. Ерсултан Гаисаев
    3 + 4 -
    Жаксы екен
  12. светлана Елмуратова
    2 + 2 -
    Менiн атым Килыбаева Карина♥♥♥
  13. Ержан Мырзабаев
    2 + 2 -
    Мыкты
  14. Аяжан Кайраткызы
    4 + 2 -
    Жаксы екен улкеннн рахмет сабагымды жасап алдым.Маган осы Zharar Сайты катты унайды.Барлык рефератымды,олендеримди,макалдарымды жане т.б заттарымды осы сайттын ишинен тауып журмин.!!!
  15. Адема Даирбекова
    3 + 0 -
    пожалуйста помогите мне найти сан туралы реферат
  16. Белла Жолдыбаева
    2 + 2 -
    достар маган 50 саны бар макал тауып беридрши
  17. Бекмаганбет Сембаев
    3 + 1 -
    керемет сйт
  18. Алуа Омирзак
    Алуа Омирзак 02.12.2014 17:47
    3 + 4 -
    менің сүйікті сайтым күшті керемет
  19. Aruzhan Kuntubai
    Aruzhan Kuntubai 02.12.2014 16:18
    4 + 2 -
    нормалай
  20. Aruzhan Kuntubai
    Aruzhan Kuntubai 02.12.2014 16:18
    1 + 4 -
    нормалай