Қалың елім, қазағым, қайран жұртым - Абай Құнанбаев

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым - Абай Құнанбаев

 Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде - ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн - бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?



Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?


Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 8
  1. Салауат Ұлағат
    Салауат Ұлағат 28.11.2020 15:34
    3 + 0 -
    Мен жасым 11 де Абайдың 30 өлеңін білем осыны жаттасам 31 болады
    1. ZHARAR 28.11.2020 16:15
      2 + 0 -
      құттықтаймын
  2. Дана Жрлдыбай
    Дана Жрлдыбай 22.04.2020 18:32
    1 + 0 -
    Маған бұл өлең қатты ұнады. Менің жасым12де ,мен Абай атамыздың осындай керемет мағыналы сөздерінен үлкен сабақ аламын. Абай атамыздың өлеңдерінің астарында көптеген сыр жатыр, менің ойымша біз мұны дұрыс түсіне білу керекпіз. Абай атамыз бізге өлеңдерді жайдан жай жазып кеткен жоқ, Абай атамыздың өлеңдерінен көп нәрсе білуге болады. Менің айтқым келгені Абай атамыз өлеңдерді жай жаза салған жоқ, мұны ол өз өлеңдерінде нақтылай кетсек "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін " атты өлеңінде айта кетеді.
  3. Gulnaz
    Gulnaz 12.11.2018 07:09
    1 + 0 -
    Қазақтар әлі күнге дейін өзгермепті.Әлі сол қыртың қыртың жыртың жыртың сырттан пыш пыш өсек айтатын қалпы.Абай атамыз мыңмен жалғыз алыстым амал бар ма деп шаршаған.
  4. Ақмарал Шатемирқызы
    0 + 0 -
    ұлы Абайдың өлеңдері қай заман болса да мазмұны жаңғырып тұрады
  5. ерасыл мукатаев
    0 + 0 -
    Йомае кушти екен
  6. Жадыра Саидова
    Жадыра Саидова 04.02.2016 14:59
    1 + 1 -
    Жаксы жазылган????
  7. Жадыра Саидова
    Жадыра Саидова 04.02.2016 14:59
    0 + 1 -
    Керемет