Мұқағали Мақатаев (Жүр)

«Жүр.
Кеттік біздің ауылға,
Келістік.
Әкел қолыңды?
Шөйіліп күнәң жауында,
Найзағай оссын жонынды.
Астыңа дүлдүл ат беріп,
Қиямен тауға айдайын. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Күн шуағым)

Тағы да таң атады, күн шығады,
Түн келеді,
Тіршілік тыншығады.
Ауысып алма-кезек тұрсын әлі,
Ей, менің өмірімнің күн шуағы.
Ей, менің өмірімнің күн шуағы! .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Түнгі табиғат)

Іңірде тұрмын қарап ойға қалып,
Тәтті қиял тулайды жүрек жарып.
Ұйықтаған бар табиғат майда лебі,
Аймалап өтіп жатты бетті шалып.
Ай қалқып, тұнық көкте жұлдыз да тұр,
Тау қалғып сақтағандай құпия сыр. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Жұмбақ)

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Орта жолда)

Көңіл де пәс, пәс кеуде,
Аэропортта даң.-дұңмен
Затым кетті Мәскеуге,
Ақтөбеде қалдым мен.
Алдан шығып достарым,
Тоса берді тостағын.
Ұсынғасын тостағын .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Сынауға тіптен құмар кім көрінген)

Сынауға тіптен құмар кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Сырласып отырамын ондайда мен,
Мазасыз күндеріммен, түндеріммен.
Айтса айтсын айыбымды бетке қарып,
Қайтемін қаламымды кекке малып. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Ұқсастық)

Босанған Ана.
Көктемде дала бусанып,
Біріне-бірі болар ма ұқсас мұншалық.
Толғатып дала,
Есен-сау Ана ұл тауып,
Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып,
Тершиді Ана,
Тершиді дала қымтанып. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Шұбат пен бота)

Ac артынан,алдыға шұбат келді,
Біреу татып,біреулер сынап көрді.
«Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні,
Шұбат емес, бір шара шуақ берді.
Ақбоз үйдің есігі айқара ашық,
Гулесуде жігіттер тайғаласып, .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Солай)

Бұдан бөлек қай жерден ем таба алам
Тіптен менің кеткім жоқ емханадан
Көре-көре жалыққам мен қаладан,
Жүре-жүре шаршағам кең даладан .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Мүйісте)

Селк етіп, секем алып қарадың-ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым-ау!?
Төбеңде шыр айналып бала қыран,
Мүйісте мергені бар қала мынау.
Сондықтан секем алып қарадың-ау. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Мұзбалақ)

Екі тәулік өткенді,
Ата бүркіт аш қалды.
Қия тартып бөктерді,
Қия тінтті тастарды,
Күз ығысып кетті енді,
Қиямет қыс басталды.
Азық табу оңай ма,
Ақ иығын талдырды.
Аңдар ытып тоғайға, .....
Өлеңдер
Толық