Жас өнертапқыштар №14. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


14-сабақ «Жас өнертапқыштар»

Жаңа сөздер:

жаңалық – хабар

бірақ – алайда

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқиды. Тірек сөздерін анықтап, мазмұнын топта талқылайды.

1-топ. Мектеп жаңалығы

Біздің мектепте робототехника үйірмесі ашылды. Үйірмеге қатысатын оқушыларды – жас өнертапқыштар деп атайды. Олар роботты жасаумен айналысады. Бірақ роботты жасау оңай іс емес. Алдымен бағдарламаны жақсы білу қажет. Сондықтан бұл үйірмеге механика, элетроника және информатиканы жақсы көретін оқушылар қатысады.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-топ. Құлаққап жаңалығы

Жас өнертапқыш - Честер Гринвуд коньки тебуді жақсы көрген. Бірақ ұзақ уақыт сырғанаудан құлағы тоңған. Бала бас киім киюді ұнатпағандықтан, әжесіне жүннен арнайы құлаққап тоқып беруді сұрайды. Мұндай аксессуар оның достарына қатты ұнайды. Бұл құлаққаптар қатты шудан да қолданылатын болған.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма: «ДЖИНГСО» әдісі бойынша әр топ мазмұынын айтады, сұрақ қою арқылы мәтін мазмұнын тексереді.

Қолданылатын сұрақтар: қайда? қай? қашан? қайда?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

  • мәтіннің мазмұнын түсіндіреді;
  • мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;
  • қойылған сұрақтарға сенімді жауап береді.

Бағалау:

Топтар бір-бірін бағалайды.

Рөлдерге бөлу:

Топ бірлесіп жұмыс жасайды, сұраққа жауап берер алдында ақылдасады, жауап берушінің сөзін дайындап көмектеседі.

  • баяндаушы – мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтады;
  • сұрақ қоюшы – мәтін мазмұны бойынша екі сұрақ құрастырады;
  • жауап беруші – басқа топтың сұрағына жауап береді
  • бағалаушы - өз тобының жауабын бағалайды;
  • бағалаушы - басқа топтың жауабын бағалайды

Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым,

Алдыға қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу