Қазақстандағы ең биік ғимараттар (нәтиже сабақ) (ОМЖ бойынша 12-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)
4-тарау
Сәулет өнері
12-сабақ
Қазақстандағы ең биік ғимараттар (нәтиже сабақ)
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Кесте бойынша сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған/көрген бейнекөріністің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі: Кластерді пайдаланып, сұрақтар құрастырады, диалогке қатысады.
Мұғалімнің сабақ алдындағы дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ескерту: бұл сабақта АКТ қолдану мүмкіндігін барынша қарастыру керек.
- №1 слайдпен танысыңыз. Сыныпта тақта алдына 1,5 – 2 метрлік ұзындықтағы жіпті іліп, алдын ала дайындап қойыңыз. Оқушылар санына сәйкес кеңсе қысқыштарын (скрепкалар) немесе скотч қиындыларын дайындап алыңыз.
- №3 слайдпен танысыңыз. №1 үлестірмелі қағазды әр топқа 1 данадан берілетіндей етіп шығарып алыңыз.
- https://www.youtube.com/watch?v= GmQ7SPsy3HY сілтемесі бойынша бейнекөрініспен танысыңыз. Бейнекөріністің 00:31 – 2:12 минут аралығындағы бөлігін сабақта қолданудың техникалық жағдайларын ойластырыңыз (бейнекөріністі алдын ала жүктеп алу ұсынылады).
- «Бонус жинау» әдісі арқылы бағалау жүргізу үшін қызыл, сары, жасыл фишкаларды қойылатын сұрақтардың санына қарай (22 дана) дайындап алыңыз. Фишкалардың орнына жасыл, сары, қызыл стикерлерді қолдануға болады.
- Дидактикалық материалдардан №2 үлестірмелі қағаздарды (суреттер мен сұрақтар) әр топқа 1 данадан шығарып алыңыз.
- №5-7 слайдтармен танысыңыз. №3 үлестірмелі қағаздарды дидактикалық материалдар жинағынан шығарып қойыңыз.
- «Жетістік баспалдағы» плакатын дайындап алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Көңілді музыка қойыңыз. Оқушыларға үйде салған суреттерін жіпке ілуді тапсырыңыз. Суреттердегі ғимараттардың атауына, сипатына қатысты сұрақтар қойыңыз. Оқушылардың жауаптарынан кейін жаңа тақырыпқа өту үшін «Мына суреттерде қай ғимарат Қазақстанда орналасқан? Сендер Қазақстандағы ең биік ғимараттарды білесіңдер ме?» деген сұрақтарды қойыңыз. Жауаптар негізінде жаңа тақырыпты жариялаңыз және оқушыларды 2 немесе 3 топқа біріктіріңіз.
- Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады (№2 слайд).
(1-тапсырма) №3 слайдты ашып, тапсырманы орындау жолдарын түсіндіріңіз. Интербелсенді тақта мүмкіндіктерін пайдаланып, кестедегі сөздерді сызықтармен (активқаламның көмегімен) қосуды тапсырыңыз. Күтілетін нәтиже: 1) Оқушылар жаңадан танысатын ғимараттардың атауын дұрыс айтады. 2) Олардың орналасқан жерін болжап айтады. Ескерту: егер оқушылар берілген ғимараттардың кейбірінің орналасқан жерін дұрыс айтпаса, оны түзетудің қажеті жоқ. Оқушылар 1-тапсырмада өздері берген ақпараттың қаншалықты дұрыс екенін келесі тапсырмамен танысу барысында білетін болады. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өз жұмысын бағалайды.
(2-тапсырма) Оқушыларға бейнекөрініс көрсететініңізді, «Стоп кадр» әдісімен бейнекөріністі тоқтатып, сұрақтар қоятыныңызды, сұрақтарға кім / қай топ бірінші болып жауап берсе, сол топ бонус алатынын ескертіңіз. Осыдан кейін берілген бейнекөріністің алғашқы бөлігін (00:31 – 00:45) көрсетіңіз. №4 слайдты ашып, бірінші ғимараттың суретін көрсетіңіз және осы ғимаратқа қатысты сұрақтарды бір-бірден қойыңыз. «Кім жылдам?» ойыны арқылы жауап берген топқа бонус фишкасын үлестіріңіз (жауаптың толықтығына, дұрыстығына, сөйлем құрылымындағы қателерге байланысты жасыл («өте жақсы»), сары («жақсы»), қызыл («көмек керек»). Ескерту: егер оқушылар ғимарат бойынша ақпараттарды есте сақтап үлгермеген болса, бейнекөріністі қайта көрсетудің қажеті жоқ. Оқушылар есте сақтаған мәліметтері бойынша сұрақтарға жауап береді. Осыдан кейін бейнекөріністің келесі бөліктерімен де осындай жұмыстар жүргізіледі. Барлық сұрақтарға жауап алынып болған соң бонус фишкалары саналып, жеңімпаз топ анықталады. Қызыл бонус-фишкалар бойынша «кері байланыс» жасалады.
(3-тапсырма) №5-7 слайдтарды ашып, тапсырманың орындалу ретімен таныстырыңыз. Әр топқа №3 үлестірмелі қағаздарды таратып, диалог дайындауға 5 минут, қорғауға 1 минут берілетінін ескертіңіз. Топтық жұмыстар дескриптор арқылы бағаланатынын айтыңыз.
(рефлексия) Оқушылар назарын №8 слайдқа немесе «Жетістік баспалдағы» плакатына аударыңыз. Әр оқушы өз атын жазып, сәйкес баспалдаққа іледі және осы баспалдаққа ілу себебін айтады. Оқушылар жауаптары негізінде «Кері байланыс» орнатыңыз.
Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.
Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру