Қайырымды бала №6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қайырымды бала №6 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.4 Оқыған/тыңдаған материлды мазмұндау 3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер негізінде мазмұндайды, Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтін бойынша оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, мәтіннің негізгі ойын түсінеді. Оқушылардың кейбірі: Оқыған мәтінді өз бетінше мазмұндайды, тақырыпқа қатысты пікірін білдіреді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді; - негізгі ойын анықтайды; - жоспар және тірек сөздер негізінде мәтінді мазмұндайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Қайырымды, көтер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғаулары Мен ақылды+мын Біз ақылды+мыз | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолданудағдылары | Таныстырылым | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | ІІ бөлім. «Әнел ақылды» № 5 сабақ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (5 мин) | Ертеңгілік шеңбер «Жүректен жүрекке» Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту. Сабақтың тақырыбын болжау (Т) Оқушыларға шашылған суреттер беріледі, пазл ретінде жинайды. Жиналған суреттер бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді.
Әр топта қандай сурет шыққаны туралы айтады. Мұғалімнің көмегімен сабақтың тақырыбын болжайды. (Мысалы: торғай мен ұяның қандай байланысы бар? Ал жапырақтар ше?) Қоршаған ортамызды қандай адамдар қорғайды? Сөйтіп мұғалімнің жетелеуімен сабақтың тақырыбын анықтайды Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тіліне бейімделген оқу мақсаттары жазылады) - оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін; - негізгі ойын анықтаймын; -жоспар және тірек сөздер негізінде мәтінді мазмұндаймын. | Таныстырылым № 1 Таныстырылым № 2 Таныстырылым № 3-4
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жaңa caбaққa кiрicпе (3–7 минут) | (МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: қайырымды, көтер. Осы сөздерді мағыналарын синоним, антоним келтіру арқылы меңгерту. Қайырымды- мейірімді (мағынасы жақын сөз) - қатыгез (мағынасы қарама-қарсы сөз). Көтер – түсір (мағынасы қарама қарсы сөз), қимылмен көрсету Мысалы: сөмкені көтер, кітапты көтер 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: - мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; - оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды; - дұрыс айтуға дағдыланады: қайырымды, көтер 3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады: Қайырымды бала, қайырымды жан, қарсы шығу, қарсы тұру 4. Сөйлемдер құрастыру: Әлібек – қайырымды бала. Қайырымды болу - өте жақсы қасиет. Әлібек інісінің сөмкесін көтереді. 5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады. | Таныстырылым № 5 Көтер Қайырымды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Caбaқтың oртacы (8–30минут) | (Ұ) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Қайырымды бала. Күз келді. Жапырақтар сарғайды. Күн суық. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Әділ досымен құстарға ұя жасаймыз деп келісті. Ертеңінде құстың ұясын жасап, ағашқа бекітті. Еңбек етіп, табиғатқа қамқорлығын жасады. Олар қайырымды балалар. (Ө) Мәтін мазмұны бойынша ақпараттың дұрыстығын тексер.
(Ж) "Дұрыс/бұрыс" ойынын ойнайды. Оқушылар мәтін бойынша 1 дұрыс, 1 бұрыс сөйлем құрастырады. Сөйлемдерін жұбына жасырады. Оның сөйлемдерін тыңдап, дұрыс/бұрыстығын анықтайды. Кері байланыс
(Т) Айтылым. Топтарға таратпа тапсырмалар беріледі, әр қатардағы артық сөздерді тауып, неге артық екенін айтады. 1 топ: қайырымды, әдепті, ұқыпты, еріншек 2 топ: жалқау, мақтаншақ ұқыпсыз,ақылды, 3 топ: міну, алғыс айту, шула, ерке Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды. (Ө) Грамматикалық қоржын. Жалғауларды дұрыс сәйкестендіреді.
Кері байланыс: жұмыс орындалып болғаннан кейін тақтадан дұрыс нұсқасы көрсетіледі, әркім өз жұмысын тексереді. Сергіту сәті: Атама сәлем беремін Әжеме сәлем беремін Әкеме сәлем беремін Анама сәлем беремін Досыма сәлем беремін Бәрін де жақсы көремін Мәтінмен жұмыс. Оқылым алды тапсырмасы: (МК) Мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру (қанаты, аралады, тоныпты, жем). Мәтінде тіркескен сөздермен бірге қайталайды. Мысалы: қанаты сынып қалды, бақшаны аралады, қатты тоныпты, жем берді. Оқылым кезіндегі тапсырма: (Т, Ұ) Оқушылар мәтінді өздігінен түсініп оқиды, берілген сұрақтарға жауап береді. Әлібек күшігімен бақшаны аралады. Ол жерде жатқан торғайдың балапаның көрді. Оның қанаты сынып қалыпты. Өзі қатты тоныпты. Әлібек торғайды көтерді. Үйіне алып келді. Оған жем берді. Әлібек – қайырымды бала. Сұрақтар: - Неліктен Әлібек торғайды үйіне алып келді? - Мәтінді қалай атар едің? Неге? - Мәтін арқылы автор не айтқысы келді? Дескриптор: - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; - мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады; - мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма: (Т) «Екі шындық, бір өтірік» әдісі. Әр топқа 3 сөйлем беріледі, балалар анықтап, өз жауаптарын негіздейді. 1 топқа үлестірмелі парақша
2 топқа үйлестірмелі парақша
3 Торғайдың аяғы сынып қалыпты.
«Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
(Ж) Айтылым. «Суретті сөйлет». Суретке қарап, сөйлемдерді толықтырады.
Жұптар бір-біріне комментарий айту арқылы бағалайды. | Таныстырылым № 6
Таныстырылым № 7
Таныстырылым № 8
Таныстырылым № 9
Таныстырылым № 10 Таныстырылым № 11 Таныстырылым № 12 Таныстырылым № 13 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: Үй жұмысы: Оқулық. 51 бет, 4-тапсырма. Жазбаша. | Таныстырылым № 14 Таныстырылым № 15 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушыныңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралауіріктелгентапсырмалар, нақтыбіроқушыданкүтілетіннәтижелер, оқушығадербесқолдаукөрсету, оқуматериалдары мен ресурстарыноқушыныңжекеқабілеттерінесепке ала отырыпіріктеу (Гарднердіңжиындықзияттеориясы) түріндеболуымүмкін. Саралаууақыттыұтымдыпайдаланудыесепке ала отырып, сабақтыңкезкелгенкезеңіндеқолданылаалады. | Бұлбөлімдеоқушыныңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазыңыз. | Денсаулықсақтаутехнологиялары. Сергітусәттері мен белсендііс-әрекеттүрлері. Осы сабақтақолданылатынқауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру