Жағалаудағы көрініс. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

 

 Сабақ тақырыбы: Жағалаудағы көрініс

 Сабақ мақсаты: 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету;

 3.3.1.1 өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияны пайдаланып, таныстыру.

 Қажетті материалдар: Теңіз және/немесе өзен пейзаждары берілген суреттер көшірмелері, су қоймаларының фотосуреттері, акварель, гуашь, қылқаламдар, пастель, қалта айналар, диаметрі үлкен ыдыстар, А5 пішінді парақтағы, табиғаттағы су дыбыстарының жазбалары.

 Сабаққа арналған теориялық материал

 Кескін – бұл судың тегіс бетінде заттың кескінделген бейнесі. Су беті мүлдем тыныш болған кезде кескінді айнадай көрсетеді. Су бейнелеу өнеріндегі ең қиын объектілердің бірі болып саналады. Күн астындағы суды бейнелеу үшін жылы бояулар, ал кескінді бейнелеу үшін суық бояулар қолданылады. Кескінді бір бағыттағы, шеттері анық болмайтын қысқа жақпалармен көрсетеді. Пайдаланылған бояулар түсі жарқын емес, аздап бәсеңдетілген болуы тиіс. Ашық түсті заттар кескіні күңгірттеу, ал күңгірт түсті заттар біршама ашықтау болады. Жақпалар бірқалыпты, ақпа тәрізді болуы тиіс. Егер шапшаң ағысты көрсету қажет болса, жақпалар қысқарақ, анығырақ жасалады. Шымырлау дөңес және ойыс, тік және ирек сызықтар көмегімен бейнеленеді.

 Су қоймасы - суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары. Яғни, су қоймалары -Сағалық өңірінде бірте-бірте кеңи түскен өзен аңғарын теңіз суы басып кетуіне байланысты пайда болатын шығанақтар. Ашық және жабық су қоймалары болып екі түрге бөлінеді. Ашық жабық су қоймалары теңіз суымен басыбайлы байланыста болса, жабың жабық су қоймалары теңіз айдынынан көшпе аралдар мен бел-белестер арқылы дараланған күйде ұшырасады.

Сабақ барысы

 Оқушылардың дайын жұмыстары ілінетін орынды анықтаңыз. Табиғат дыбыстарының аудиожазбаларын әзірлеңіз. Су бетіндегі ұсақ толқынды көрсету үшін үлкен диаметрлі ыдыс әзірлеңіз. Ыдыс шұңғыл болмауы тиіс.

Сабақтың басында табиғат дыбыстарының жазбасын, мысалы, сарқырама немесе теңіз толқынының шуын қосып қойыңыз. Осы дыбыстарды тыңдата отырып, оқушыларға сабақ тақырыбын хабарлаңыз.

 Оқушыларға тыныш су қоймасы мен жел кезіндегі су бетінің көрінісі бейнеленген фотосуреттерді қарауды сұраңыз. Екінші фотосуретте суасты мекендеушілердің неге көрінбей тұрғанын сұраңыз.

 Эксперимент жасау

 Судың бетінде ұсақ толқынның қалай түзелетінін көрнекі түрде көрсетіңіз. Үлкен диаметрлі ыдысты дайындап қойыңыз, оған су толтырыңыз. Оқушылардың сабақтағы қауіпсіздігі мақсатында мұны өзіңіз істеңіз. Оқушылар алдымен тыныш жатқан су бетін тамашалайды. Содан соң оқушылардан су бетіне үрлеуді сұраңыз. Оқушылар су толқынданған кезде бейненің бұрмалағанын көруі үшін түбіне шағын жалпақ заттарды немесе ламинирленген суреттерді салып қоюға болады. Тапсырманы топпен көрме үстелінде (мүмкіндік болса) орындайды.

 Оқушылар ұсақ толқынның қалай түзелетінін, оның бейнені қалай бұрмалайтынын түсінуі тиіс (айнадағы кескін - судағы кескін). Кейбір оқушылар нобайлар немесе қысқаша жазбалар жасауы мүмкін, кейін оларды жұмыста қолдана алады.

 

Суретшілердің жұмыстарын талдау

 Су көріністері салынған көркем туындыларды оқушылармен бірге қарастырыныз, жұмыстарды талданыздар. Оқушылар бейнені зерттеп, суретшілердің судағы кескінді қалай көрсететіндерін анықтауы тиіс.

 Сұрақтарға жауап бер:

  • Суретшілер су бетіндегі кескінді қалай бейнелейді?
  • Қандай сызықтар, пішіндер қолданылған?
  • Су бетіндегі кескінді көрсету үшін қандай көркем құралдарды қолданған?
  • Суреттерге қарап ауа райын анықтауға болама?

 

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушылар сабақта алған білімдерін пайдалана отырып, «Суда» деген тақырыпта пейзаж салуы тиіс. Алдымен олардан желді және желсіз күн райында су бетінде нені көруге болатыны жайлы ойлануды сұраңыз. Содан соң, әртүрлі күн райы жағдайында су айдынының ерекшеліктерін бере отырып, пейзаж салады.

 Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.

 Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

 

 Тапсырманы саралау бойынша ұсыныстар

 Қабілеті төмендеу оқушыларға Айды және оның судағы кескінін салуды ұсыныңыз. Біршама қабілетті оқушылар аралас техникаларды немесе суреттің біршама күрделі композициясын пайдаланып, жұмысын күрделендіре алады. Кескіннің аздап көмескі, шеттері анық болмауы тиіс екенін еске салыңыз. Жұмысты гуашь бояуларымен, балауыз борларымен, пастельмен орындауға болады. Пастельді пайдаланған жағдайда оқушылар кескіннің көмескілігін қарайту тәсілімен көрсете алады. Дайын жұмыстарды кабинетке іліп қоюға болады.

 Бағалау

 Жұптасып өзара бағалау жүргізіңіз. Критерийлер: суретте су жағалауы екені көрініп тұр, күн райын айқындауға болады (ұсақ толқынның болуына қарай - желді, заттардың анық кескіні болуына қарай - желсіз).

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу