Компьютерлік желілер. Информатика, 7 сынып, дидактикалық материал.
ГЛОССАРИЙ
№ п/п | Термин | Анықтама |
1 | Есептеу желісі (компьютерлік) | Ақпарат алмасу жолдарымен байланысқан екі не одан көп компьютерлердің байланысы |
2 | Есептеу (компьютерлік) желілердің тағайындалуы | Желіні пайдаланушылар арасында файлдармен алмасу; желінің барлық барлық пайдаланушыларына қолжетімді барлық ресурстарды пайдалану: диск жады, принтер, орталықтанған деректер қоры, бағдарламалық жасақтама және т.б. |
3 | Бірдәрежелі желі | барлық компьютерлер тең құқылы болатын компьютерлік желінің түрі |
4 | Жұмыс станциясы (тұтынушы) | бұл сервер ұсынатын қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін дербес компьютер |
5 | Сервер | әр түрлі ақпараттық қызметтерді пайдаланушыға ұсынатын арнайы компьютер: деректерді өңдеу және сақтау, сыртқы құралдарға қолжетімділік және т.б. |
6 | Тұтынушы-сервер желісі (белгіленген серверлі желі) | ресурстарының негізгі бөлігі өз тұтынушыларына қызмет көрсететін серверлерге жинақталған компьютерлік желінің түрі |
7 | Компьютерлік желілердің топологиясы | компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы |
8 | “Жұлдыз” типті топология | бір нүктеден, немесе концентратордан шығатын кабель сегменттеріне компьютерлер қосылған желі |
9 | “Сақина” типті топология | компьютерлер қосылған кабель сақина болып тқйықталған желі |
10 | “Шина” типті топология | компьютерлер бір кабельдің бойына қосылған желі |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру