Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар. Биология, 10 сынып, презентация.


Қартаю.

Қартаю үрдісі туралы теориялар

Оқу мақсаты:

Қартаю үдерісін түсіндіру

Жетістік критерийі:

- Әртүрлі қартаю теорияларына сүйеніп, қартаю үрдісінің жүруін ғылыми тұрғыда түсіне алады

Проблемалық сұрақтар:

Қартаю неге жүреді?

Геронтология себептерін қалай шешуге болады?

Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю - онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс.

Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды геронтология деп атайды.

Гератрия - қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін, ағымын, емін және алдын алу шараларын зерттейді. Герантология қартаю құбылысының негізгі заңдылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейінде анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді.

Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Ол әсіресе ХХғ халық құрамында терең демографиялық өзгерістердің белең алуына байланысты ерекше мәнге ие болып отыр, себебі көптеген эканомикалық дамыған елдерде кәрі адамдар саны өсуде.Герантологияның міндеті тек қана адам өмірін ұзарту емес, сол сияқты, кәрі адамдардың қоғамдық өмірге және еңбек қатынастарына белсенді араласуына көмектесу, яғни олардың белсенді және толық қанды өмір сүру мүмкіншіліктерін ұзарту болып табылады.

Қартаю және өлім

Қартаю - барлық тірі жандарға тән, адам ағзасы «қартаюының» жалпы биологиялық заңдылығы.

Қарттылық - өліммен аяқталатын, онтогенездің ақырғы табиғи сатысы. Геронтология - қарттылық жөніндегі ғылым, ол қартаюдың негізгі заңдылықтарын зерттейді. Гератрия- қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін ,ағымын, емін және алдын алу шараларын зерттейді. Геронтологияның басты міндеті адам өмірін ұзартумен қатар, қарт адамдардың еңбекке және қоғамдық қызметтерге белсене араласуына мүмкіндік беру болып табылады.

Қартаю барысында қартаюға дейін бұрынырақ басталатын және функциональдық бейімдеу мүмкіндіктерінің біртіндеп шектелуіне әкеліп соқтыратын жас шамалық өзгерістер заңды түрде өтеді. Қарттылық бұл емдейтін ауру емес, ол әрбір адамның жеке даму сатысы. Қартаюға байланысты туындайтын өзгерістер күнтізбектік жас шамасына байланысыты болуымен қатар, әлеуметтік факторлерге де байланысты болады.

Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады, терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтау қабілеті төмендейді.

Геронтология қартаю кезінде ағзаның әртүрлі құрылымдары мен мүшелер қызметінің өзгерістері жөніндегі мәліметтердің өте кең ауқымымен қамтылған.

Геронтологтар қартаю жөнінде 300 гипотеза болжам ұсынған. Кейбіреулері тарихи қызығушылықты туғызады. Солардың кейбіреуінен хабардар етейік:

1. Энергетикалық болжам - /М.Рубнер,1908/: әрбір түрдің белгілі бір энергетикалық фонды болады, оны шығындап адам ағзасы қартаяды және өледі.

2. Гормональды болжам - / Ш.БроунСекар, 1889, С. Воронов, 1924/: қартаюдың себебіжыныс гормондары өнімдерінің төмендеуі.

3. Интоксикалық болжам - / И.И.Мечников, 1903/: қартаю себептері - азоттық алмасу өнімдерінің жинақталу нәтижесінде және тоқ ішектегі шіріген өнімнің әсерінен өздігінен улану.

4. Орталық жүйке жүйесінің зорығуы, яғни аса тым жүктемемен жұмыс істеуі /И.П. Павлов, 1912, Г.Селье, 1938/: .жүйке жүйесіндегі қиналыстар және зорығу мезгілінен бұрын қартаюды тудырады.

5. Дәнекер тінді болжам - /А.А. Богомелец, 1922/: дәнекер тініндегі өзгерістер тіндер аралық өзара әсерді бұзады, ол қартаюға әкеліп соқтырады. А.А.Богомелецтің «Адам дәнекер тінінің жасына ие болды» деп айтылған нақты сөзі бар.

6. Жасуша цитоплазмасының коллоидты қасиетінің өзгеруі /В.Ружичка, М.Маринеску, 1922/: қартаюға әкеліп соғады.

7. Бейімделу реттеу болжамы - /В.Вүфролькис, 1977/ бейімделу және реттеу процестерінің бұзылуын айтады.

Қартаю теориясы

Барлық тарихтағы қартаю биологиясының идеялары мен концепцияларын қысқаша турде қартаю тарихының «сағаттарын» іздеу деп қорытындылауға болады. «Сағаттарды таңдау» арқылы жалпы формада және сағаттардың механизміне әсер етіп олардың ұзақ жасаудың тиімділігін қолдауына жағдай жасау. (1 таблица)

Қартаюдың молекуларлық және клеткалық

сатыда байқалуы.

Әр түрлі клеткалардың қартаюының молекуларлық механизмі бірдей емес. Қартаюдың әсері әр түрлі клеткалардың функционалды жетіспеушілігіне соғады. Метоболизмнің жасқа қарай өзгеруі және оның құрылысы, клетканың фунционалды дефектілерге ұшырата отырып оның жоғалуына әсер етеді. Бірақ та фунционалды біртуысты клеткаларда бір жақты қартаймайды. Сондықтан куйзеліске ұшыраған клеткалардың қарым қатынасы мен пайда болған адаптивті реакциялар, клеткалардың байланысын анықтай отыра механизмдердің жағдайын қалыптастырады. Қартаю кезеңінде иммунитеттің көптеген фукциялары бұзылады.

Қартаюдың субклеткалық сатыда байқалуы

Организмнің қартаюуы, тек қана клеткада байқалмайды. Клетканың құрылысы мен стуктуралық функциясының бұзылуы, органдардың қанмен қамтамасыз етіліуінің азайуы қанның химиялық құрамының өзгеруі, әсіресе гормон концентрациясының өзгеруі болып табылады. Қан айналуының бұзылуы жыныс органдарының, бас миының, буындардың клеткаларының қартайып және жоғалуында көп роль атқарады. Клеткалардың қартаюы мен клеткааралық заттардың қартаю принциптері бірдей болады.

Екі жағдайда да метоболизммен қақтығыспаған макомолекулалар арасында жіктің пайда болуы қалыптасады. Жіктесу механизмі макромолекулалары да аналогты. Процесс әдетте аяқ асты басталып жылы макромолекулалардың бұзылуынан немесе кішімолекуларлы метоболиттың қышқылдануы.

ДНҚ мен гистондар, коллаген молекулалары аралары жіктесіп, және эластин құрамына кіретін макромолекулалар барлық жағдайда лизиннің аминогруппасына кіреді.

Ұлпалық сатыдағы қартаюдың байқалуы

Клеткалардың өмірін қысқартатын, клетка ішіндегі факторлар, ұлпалық жүргізілген зерттеулердің осыған байланысты екендігі белгілі. Организмнің қартаюдың клеткалық қасиетін зерттеу де қолға алынды. Свим мен Паркер адамның ұлпаларынан алынған фибропласттар бір белгілі уақытта полиферияланып, содан кейін құрып кететіндігін алғаш рет дәлелдеді. Бұл авторлар ликлеткалардың өздерінің қасиеттерін сақтайтындығын анықтай алмады және полиферативті шектеулі белсенділіктің қартаюмен байланысты екендігін ұсына алмады.

Қартаюдың онтогенетикалық теориясы

1950 ж басында белгілі отандық геронтолог В.М. Дильман организмде механизмді реттейтін организмдегі гомеостатикалық жасқа байланысты өзгерулерді анықтауға болатындығы туралы идеяны ұсынып дәлелдеп берді. Дильман гипотезасы бойынша организмнің жетілу механизмінің (лат. elevatioкөтерілу басқаша түрде айтылғанда), де сол сияқты қартаюдың эндокриндік системасының – «дирижері» болып саналатын гипоталамус. Қартаюдың негізгі себебі бұл жасқа байланысты гипоталамусқа нерв жүйесінен және ішкі секреция бездерінен түсетін бірқалыпты сигналдарға сезімталдығының әсері болып табылады.

Қартаю механизмі

Қартаю механизмі - бұл генетикалық, реттеу және трофикалық өзгерістердің күрделі өзара әсерлесу нәтижесі. Адамның белсенді өмірін ұзарту үшін салауатты өмір сүру, еңбек ету, дене шынықтырумен, спортпен айналысу, ұтымды және үйлесімді тамақтану қажет болады.

Қартаю процесін баяулату үшін келесі

ұсыныстарды орындау қажет.

Адам 160 жасқа дейін (геронтологтар статистикасы бойынша) ұзақ өмір сүре алады, егер салауатты өмір салтын ұстанатын болса, олар:

Еңбек және ұйқы тәртібін келтіру, ұйқы және демалу кезеңдерін ұстану.

Белсенді кейіпте өмір сүру.

Жүйелі түрде таза ауада серуендеу.

Өз өмірінен алкоголь, темекі шегу және наркотиктер сиякты зиянды әдеттерді жою.

Артық күйзелуден (стресс) өз өзін сақтау.

Витаминдер (антиоксиданттар) арқылы балансты тамақтануды ұйымдастыру.

Жағымды эмоционалды ойлау жағдайын сақтанып жүру.

Қоршаған орта жағдайын жақсарту, экологиялық апаттардан сақтану үшін табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгерту.

Адамның өмірін ұзартуға болады деп айтуға әлі ерте. Қазірдің өзінде сирек болса да 150 жыл өмір сүретін адамдар кездесіп қалады. Дегенмен, адамның өмірі тек биологиялық процестерге ғана байланысты емес. Мәселен, экономикасы нашар дамыған Африка, кейбір Азия және Латын Америкасы елдерінде адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 45-50 жас төңірегінде болса, экономикасы мықты дамыған елдерде 70 жас болып есептелінеді. Тағы бір ерекше әсер ететін жағдайол адамдар өмір сүретін табиғи қоршаған ортаның тазалығы болып табылады. Егер ол орта алуан түрлі өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған болса, әрине адам сөз жоқ ауруға шалдығып, мезгілінен бұрын өледі.

Қартаю кезіндегі организмнің өзгерістері

Тұтас организм деңгейінде қартаю кезінде шаш ағарып, түсе бастайды, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды, тіс түседі.

Тері қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен бірге адамның қол жұмысын атқаруға қабілеті төмендейді. Бұл кезде адамның қоршаған орта жағдайларына бейімделу мүмкіншіліктері азаяды. Сондықтан бір себептен болмаса, екінші бір себептен кәрі адамның көз жұмуы сөзсіз. Өйткені олардың ішкі ортасының тұрақтылығын қадағалау мүмкіншіліктері бұзылады.

Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері

Жасушалар өсіп-өніп көбеюі, тіршілігін жоғалтқанда жасушалардың орнын толтыру үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ, нәруіздар түзіліп тұруы керек . ал , қартайған организмдерде олардың түзілуі, жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Оның себебін жасушалардың қабықтарындағы қанықпаған май қышқылдарының асқын тотығуға ілігіп кетуімен түсіндіруге болады. Қартаю кезінде байқалатын созылмалы гипоксияның, ойсоққылық жағдайлардың т.б. нәтижелерінде, ферменттік және ферменттік емес антиоксиданттық жүйелердің тапшылығы дамып ішкі ағзалар мен тіндердің жасушалары мен олардың ішіндегі құрылымдардың мембраналарында майлардың асқын тотығуы артып кетеді. Осыдан оларда бос радикалдар, гидроасқын тотықтар жиналып қалады. Бұлардың әсерлерінен жасушалардың ядроларында ДНҚ молекуласының өзгерістері пайда болады, РНҚ, нәруіздардың түзілуі бұзылады. Бұл өз алдына жасушалардың өсіп-өнуіне бөгет жасайды. Сондықтан қартайған организмдерде:

ферменттердің, нәруыздардың, пептидтік гормондардың, қан жасушаларының аз өндірілуі;

микробтарға қарсы антиденелердің аз түзілуі;

мида жаңа шартты байланыстардың бекімеуі т.с.с көптеген құбылыстар байқалады. Шын мәнінде сүйек кемігінің бағаналы жасушалары мен ішек үңгіршіктерінің жасушалары жас ұлғаюына қарай азаятыны белгілі.

Қорытынды

Қорыта келе, қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады, терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтау қабілеті төмендейді.

Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікір растайды. Дегенмен көптеген гемостаздық құбылыстар қартаю кезеңінде шұғыл түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей өзгермейді, айталық бір мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе, екінші біреулерінің қызметі керісінше жоғарлайды, үшінші біреулерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді.

Үй тапсырмасы:

«Сүтқоректі жануарларда жыныстық жетілу мен жүктілік кезеңіне тәуелді өмір ұзақтығы» тақырыбына материал тауып конспект жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу