Металдық байланыс. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыстың қасиеттері | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Металдық байланыс | |||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.4.9 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру; | |||||||
Оқу мақсаттары |
| |||||||
Жетістік критерийлері | Тестті бағалау критерийлері Постерді бағалау критерийлері | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар иондық және коваленттік байланыстың түзілуі туралы айтады және түсінеді. Пәнге қатысты лексика және терминология: атом, (электрондық)қабат,энергетикалық деңгей, ядро, жүйелік, топ, қашықтық жуық, барынша алшақ, ішкі, сыртқы ковалентті полюсті байланыс, ковалентті полюссіз байланыс, иондық байланыс Диалог пен хатқа арналған пайдалы сөйлемшелер жиынтығы: Бұл атом ядросы, алмыналар электрондар. Электрондар қабығы атом ядросынан жақын/алыс орналасқан Қай электронда энергия көп/аз? | |||||||
Құндылықтардыдарыту | Нақтылық, шынайылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық | |||||||
Пәнаралықбайланыстар | Химия пәнінің маңызын түсіндіру барысында биология, физика пәндерімен байланыс орнатылады. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power point, бейнематериалдар. | |||||||
Бастапқы білім | Атомның құрылысы туралы барлық тақырыптар қаралады, соның ішінде: Электрондардың атомдағы қозғалысы (8.2A) Формулалар және химиялық теңдеулер(8.3A) | |||||||
Сабақбарысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру. Тақырыпты проблемалық сұрақтар арқылы бастау.
Оқушылар жұптаса жұмыс жасап, жауабын ақ параққа жазады. Мұғалім сыныпты аралап, оқушылардың жауаптарын тексереді. | |||||||
Сабақтың ортасы | Активи «Келісемін / келіспеймін» Бағалау: Оқушылар берілген тұжырымдармен келісетін болса жасыл кеспе қағаз, келіспесе қызылын көрсетеді.
«Химиялық заттардағы бөлшектерді тұтас қылатын не?» деген видеоны көрсету https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/atoms-and-bonding-chemical-bonds/9 Оқушылар байланыс тақырыбы бойынша талқылау жүргізіп, қорытынды жасайды. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Металдағы атомдарды не ұстап тұрады? Металдар сыртқы қабаттағы элеткрондарын өте оңай жоғалта алады, және олардың барлығы электрондар 'теңізін' құрайды. Электрондарын жоғалтқан атомдар катион деп аталатын оң иондарға айналады. Бұл катиондар тор деп аталатын үлкен, тұрақты, үш өлшемді құрылымда орналасқан. Металдардағы байланыс металдық байланыс деп аталады, ол – электрондар теңізі мен оң металл катиондары арасындағы тартылыс. Байланыс әдетте өте мықты, сондықтан металдардың көбіне балқу температурасы жоғары болады. Электрондар белгілі бір атомға байланыспағандықтан, өте оңай қозғала алады. Егер металды баттареяға жақындатсақ, электрондар бір бағытта қозғалады, зарядтың осы қозғалысы электр тогы деп аталады. Сондықтан барлық металдар электр тогын жақсы өткізеді. Оқушылар осы сұрақтардың жауабын постерға жазып көрсетеді. (Жұптық жұмыс / топтық жұмыс) Постерді бағалау критерийлері Постерде сұрақтардың нақты жауабы көрсетілен Постер көрнекті дайындалған (сурет, пішіндер, т.б.) С1. Металдар неліктен иілгіш болып келеді. (оңай қалыпқа салынады) Металды қысқан кезде металл катиондар қабаты бір бірінен сырғып, электрондар теңізі бос кеңістікке қарай ағады. Металл бұзылмайды және сынбайды, тек қана пішіні өзгереді. С2. Неліктен алтын жүзіктер саф алтыннан жасалмайды? Құймалар – металдар мен басқа заттың қоспасы болады, көбінесе екі металдың қоспасы кездеседі. Мысалы, қола (мыс пен қалайы), болат (темір+көміртек) Таза металдар негізі жұмсақ болып келеді, бірақ металға басқа атомдар қосылса олардың сырғуы қиындай түседі. Алтын зергерлік бұйымдарда өте жұмсақ болғандықтан қолданылмайды. Алтынның құрамына күміс немесе мыс қосылады, әйтпесе оның пішіні тез бұзылады. «Металдық байланыс» деген видеоны көрсету | Презентация, слайд А-4парақтары, маркерлер. | ||||||
Сабақтың соңы | Оқушыларды бағалау Тест / Дифференциация
A – электр тоғын жақсы өткізеді B – жылуды жақсы өткізеді C – иілгіш D – мықты емес
A – алтын B – көміртек C – мыс D – күміс
A – оң зарядталған металл иондары B – металл молекуласы C – оң зарядталған металл иондары мен металл молекулалары D – оң зарядталған металл иондары мен электрон теңізі
A – оң зарядталған металл иондары B – электрондар C – оң зарядталған металл иондары мен электрондар D – металл молекулалары мен электрондар
A – оң зарядталған металл иондары электрон теңізіне тартылады B – электр тоғын өткізгенде металдағы оң зарядталған иондар жылжиды. C – электрон теңізі бір бірімен әрекеттеседі. D – металл иондары бір бірінен сырғиды
A – тор бойымен делокалданады B – көрші атоммен бөліседі C – көрші атомға береді D – коваленттік байланыс түзу үшін қолданылады.
A – барлық металдар электр тоғын жақсы өткізеді B – металл атомдары сыртқы электрондарын оңай жоғалтады C – металл атомдары иондық байланыспен оңай байланысады D – металдық кристалдық тор үлкен болады
A –элетрон теңізі негізінде бір бағытта ағады B – металл иондары негізінде бір бағытта ағады C – металл ионы мен электрон теңізі әртүрлі бағытта ағады D – металл ионы мен электрон теңізі бір бағытта ағады Үй тапсырмасын беру Рефлексия Не білдім, не үйрендім Нені түсінбедім Не бойынша қосымша жұмыс жасау керек | |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Барлық оқушылар: Химиялық байланыс не екенін және түрлерін түсіндіре алады Металдық байланыс не екенін түсіндіре алады Көптеген оқушылар: Қойылған сұрақтарға жауап бере алады Тест тапсырмаларын дұрыс орындайды Кейбір оқушылар: Металдық байланыс пен металдардың қасиеттері арасындағы байланысты түсіндіре алады | Сабақ кезінде сұрақ қоюларды кеңінен талқылау. Мұғалім өзі алатын жауаптар сапасымен оқушылар білімін бағалайтын болады. Жеке жұмыстар әр оқушының жеке түсінуін толық бағалау үшін мүмкіндік береді. Сонымен қатар сабақта өзін-өзі бағалау жүргізіледі. | Сабақта денсаулық пен қауіпсіздік ережелері ескертіледі Сабақ бойы оқушылар мен мұғалім арасында, оқушылардың өздері арасында талқылаулар жүреді, бұл тілдесу дағдысын дамыту және басқалардың пікіріне сыпайы болуы үшін кең мүмкіндіктер береді. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2: 1: 2:. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру